Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев


«Егемен Қазақстан», 2003 жыл, 4 маусым



Pdf көрінісі
бет52/53
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#5608
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53

«Егемен Қазақстан», 2003 жыл, 4 маусым

Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК

АЛМА ЕДІ ҚАТАРЫНАН БІЛІМІ АСҚАН

 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қазақ əде-



бие ті кафедрасы мен М.Жұмабаев атындағы əдеби бірлестіктің ұйым дас-

ты руы мен ұстаз-ғалым, филология ғылымдарының докторы, професор 

Алма Қыраубаеваның туғанына 60 жыл толуына орай еске алу кеші өтті. 

Кеште сөз алған ғалымның ұстазы, академик Рымғали Нұрғали өзі дə ріс 

берген курстың топ басшысы А. Қыраубаеваның ерекше қырларына тоқ-

та лып, аталған топтан марқасқалардың көптеп шыққанын айтты. «Со-

ның бірі айтулы сыншы Сағат Əшімбаев еді», – деді ол. 

Мұнан кейін сөз алған професор Қ.Алпысбаев «А.Қыраубаева жəне 

ежелгі  əдебиет  мəселелері»  тақырыбында  баяндама  жасап,  қыз мет тес 

бол ған кездерінен естеліктер айтса, бірлестік жетекшісі, филология ғы-

лым да ры ның докторы Рақымжан Тұрысбек Алмамен бірге қызмет ат қар-

ған шақтарын сағынышпен еске түсірді. Сондай-ақ бұл ғылымды еске 

алуға байланысты өткізілетін кештердің бастауы екенін тілге тиек етті.

Ежелгі дəуір əдебиетін зерттеу мен ұстаздыққа бар ғұмырын ар на ған 

ғалым А.Қыраубаева өмірінің соңғы кезеңінде Еуразия ұлттық универ-

ситетінде қызмет атқарды. Өкініштісі, университет шəкірттеріне бо йын-

да ғы білім-білігін толық беруге үлгере алмады. Бірақ ендігі таңда оның 

артында қалған «Ежелгі əдебиет» оқулығы мен «Жаным садаға» кітап-

тары студенттерді рухани жағынан сусындандыратыны белгілі. 

Алма Мүтəліпқызын еске алу кешіне Қазақ гуманитарлық заң уни вер-

си те ті нің доценті Маржан Пірімбетова арнайы келіп қатысып, «Шы ғыс-

тық қисса-дастандардағы тұлға мəселесі» атты еңбегін жиналған жұрт-

қа ұсынды. Сондай-ақ ғалымның ұлы Ұлар анасының «Ежелгі əде биет» 

кі та бы ның  жүз  данасын  Отырар  кітапханасына  тапсырғанын  айтты. 

Атал ған кітаппен кешке жиналған əдебиет сүйер қауым да қауышты. 

«Егемен Қазақстан», 2007 жыл, 29 мамыр

 Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА 



ЕЖЕЛГІ ДƏУІР ƏДЕБИЕТІНІҢ БІЛГІРІ

А.Тоқмағамбетов  атындағы  Мəдениет  орталығында  белгілі  ғалым, 

ұла ғат ты ұстаз Алма Қыраубаеваның туғанына 60 жыл толуына арналған 


521

«Алма Қыраубаева мұралары жəне ежелгі дəуір əдебиеті» тақырыбында 

ғы лы ми-танымдық конференция өтті.

Оған Астана мен Алматыдан ғалымның əріптестері, шəкірттері, үзең-

гі лес достары көп жиналды. Үлкен жүректі адамның сан қырын аш қан 

жү йе лі əңгімелер айтылды. Конференцияда облыс əкімінің орынбасары 

Бек мыр за  Еламанов  ғалымның  туған  жеріне  келген  барша  қо нақ тар ға 

жылы лебізін жеткізді. 

Алма Қыраубаева ең алдымен қазақ əдебиетінің түп тамырын сонау 

сақ,  ғұн  дəуірінен  іздеді.  Филология  ғылымының  докторы,  профессор 

Тұр сын бек Кəкішов қазақ əдебиеттану ғылымының негізін са лу шы лар-

дың  бірі  Бейсембай  Кенжебев  бастаған  жауапты  да  ауыр  жұмыстың 

жү гін ер-азаматтармен қатарласа жүріп қайыспай көтергенін айрықша 

атады.  Сол  кезеңдерде  қазақ  əдебиетінің  тарихын  қай  кезеңнен  бас-

тау  туралы  ғылымда  үлкен  дау  болған.  Кеңістік  саясат  «жазу-сызуы 

болмаған, кө шіп-қонып мал баққан, қараңғы елдің» əдебиетін XVIII ға-

сыр дан əрі ге апаруды қош көрмеді. Осындай қиын-қыстау шақта ежелгі 

дə уір əде бие ті нің асыл мұраларын жарқыратқан ғалымдар бірен-саран 

ғана еді. Со лар дың арасында біздің бүгінгі кейіпкеріміз болды. Болып 

қана  қой май,  ертедегі  əдебиеттің,  шығыс  əдебиетінің  інжу-маржанда-

рын  зерттеп,  толымды  еңбектерімен  қазақ  əдебиеті  тарихын  тұтас  бір 

дə уір ге жылжытты. 

Қазақстан  Жазушылар  одағы  басқармасының  төрағасы,  Мемлекет-

тік сыйлықтың иегері Нұрлан Оразалиннің естелігі əсерлі шықты. Уни-

верситетке 1965 жылы қабылданған толқынның арасынан небір дүлділ 

ақын дар мен ғұлама ғалымдар, айтулы азаматтар шығыпты. Солардың 

арасында Алма Қыраубаева мен Нұрлан Оразалин де бар. Алманың ғы-

лым жолына келуінен бастап өмірінің ақырына дейін көпке үлгі болған 

та бан ды лық, сабырлылық қасиеттерін сипаттады.

Тарих  пен  əдебиет  бірін-бірі  толықтырып,  жетілдіріп  отырады.  Та-

рихшы ғалым, профессор Мəмбет Қойгелді XX ғасыр басында Ахмет 

Байтұрсынов  негізін  салған  қазақ  əдебиеттану  ғылымының  қо ғам дық 

са на ға ықпалы турасында мұрағат деректерімен байланыстырып əң гі ме 

өр біт ті.

– Əдебиет тарихына тереңнен байланған Е.Ысмайылов, Қ.Мұ ха мет-

ха нов сияқты ғалымдар қудалауға түсті. Ал А.Қыраубаевалар ғы лым ға 

келген кезеңде біршама бейбіт шақ еді, – дей келіп, оның шы ғар ма шы лы-

ғы на терең талдау жасады. 

–  Ол  «халқым»  деп  сөйлеуге  құқық  алған  тұста  көз  жұмды.  Үлкен 

филолог,  Алтын  Орда  дəуірі  əдебиетін,  ғасырлар  қойнауындағы  асыл 

мұ ра лар ды аршып алды. Ұлттық педагогикада өз соқпағын салып кет-

ті, – деді белгілі ғалым, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қа-

зақ-тү рік уни вер си те ті нің вице-президенті Құлбек Ергөбек. Сондай-ақ 


522

айтыс ақы ны Надежда Лушникова көптен сағынып көріскен Сыр то пы-

ра ғы мен кеш кейіпкеріне деген сезімін жырмен жеткізді. 

Конференцияда Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық, Абай атындағы 

педагогика, Қорқыт Ата атындағы университеттер ғалымдары та ғы лым-

ды  əң гі ме лер  мен  естеліктер  айтты.  А.Мүтəліпқызының  бауыры  Асы-

лбек  мерейтой  шарасын  ұйымдастырушылар  мен  қатысушыларға  аға-

йын-туыс атынан алғысын жеткізді. 

Алдағы  уақытта  ғалымды  еске  алуға  арналған  конференция  мате-

риалдары жинақ болып жарық көріп, Түркістан университетінде де ал-

ма та ну ға ерекше сипат үстейтін шара ұйымдастырылмақ. Ұсынымдар 

арасында ғалымның атын мəңгі есте қалдыру үшін туған ауылындағы 

мектепке есімін беру, академиялық жинағын шығару бар. 

«Сыр бойы», 2007 жыл, қараша

Бектұрған ЛАҚАДЫЛ

«ӨМІРДЕ ДЕ, ҒЫЛЫМДА ДА СЫЙЛЫ ЕДІ...»

 Педагог, ғалым, ұлағатты ұстаз А.Қыраубаеваның есімі көпшілікке 

жақ сы  белгілі.  Қасиетті  қара  шаңырақ – Қазақ  ұлттық  университетін-

де  отыз  жылдай  еңбек  етіп,  білікті  ғалым  ретінде  танылған  ұстаздың 

өмір ден өткеніне де биыл он жыл болыпты. Алатаудың баурайындағы 

«Stet son  –  Арасан» кафесінде ғалым-ұстазды еске алу кеші өтті. Бұл бас-

қо су ға Алма Мүтəліпқызының жора-жолдастары, шəкірттері, балалары 

мен  туыс-туғандары,  журналистер  қауымы  қатысып,  естеліктер  айт-

ты.  Сөз  кезегін  алған  профессор,  филология  ғылымдарының  докторы 

Тұрсынбек Кəкішұлы былай деді: «Алманың қара орман халқына қа дір-

лі болғанын 60 жылдығында да көрдім. Қазақ ғылымдарының ең мық-

ты саласы көне түркі əдебиетін зерттеуде, оны биік деңгейге шы ға ру да 

Ал ма ның еңбегі зор деп айтуға болады. Алма ерте кетті. Бірақ ел-жұр ты-

ның есінде мəңгілік қалды». Кеште филология ғылымдарының докторы 

Ф.Оразбаева, жазушы Ə.Көпішев, тарихшы ғалым Мəмбет Қойгелді шы-

ғып сөйлеп, ой-пікірлерімен бөлісті. 

«Ана тілі», 2011 жыл, 9–15 маусым

Гүлзина БЕКТАСОВА

КӨЗ ЖАСЫНА ШЫЛАНҒАН КЕШ

Алма апайды шəкірттері еске алды

Алма апайдың дəрісін алған шəкірттер еліміздің түкпір-түк пі рін-

де жүздеп, мыңдап саналады. Əр қиырда жүрсе де, дүниенің түк пі-


523

рін де өмір кешсе де, «Алма апайдың шəкіртімін» дегенді мақтан етіп 

айтатын  тіл  білімінің  мамандары  жетерлік.  Алма  апай  шə кір ті не 

қан ша лық ты адал болса, шəкірттері де Алма апайға сон ша лық ты 

адал болып жүр. Соның бір куəсі – ұстаздарының дүниеден өткеніне 

он жыл толуына орай еске алу кешін ұйымдастыруы.

Алма Қыраубаеваның дəрісін біз де тыңдадық. Ол кісінің өзге ұс таз-

дар дан ерекше бір қасиеті алдында отырған əр баланың білімін ке ңей ту-

ге талпынып қоймай, əрқайсысының маңдайынан сипап, олардың жан 

дү ние сін, ішкі болмысын түсінуге тырысатын еді. 

Алма  Қыраубаеваны  еске  алу  кешіне  шəкірттерімен  қатар,  құрбы- 

құр дас та ры, үлкен аға-апалары да жиналды. Олардың қатарында белгілі 

ғалым, академик Тұрсынбек Кəкішев те бар. Ғалым өз сөзінде: «Ал ма-

ның шəкірттеріне, өзінің құрдастарына қадірлі болғандығына мен бү гін 

бірінші рет куə болып отырғам жоқ. Мұндай құрметті Алманың алпыс 

жылдығында да көрдім ғой деймін. Осының барлығы адамның адамгер-

шілік қасиетіне, əсіресе жасап кеткен еңбегіне байланысты болады екен. 

Алманың  қазақ  ғылымындағы  ең  мықты  саласы  көне  түркі  əде бие тін 

зерттеу,  соны  үлкен  аренаға  шығаруы  болды.  Алла  амандығын  берсе, 

бір-екі жылда Өмірхан Əбдіманов басқаратын кафедра Түркияның Егей 

университетімен бірігіп, қазақ əдебиетінің тарихын шығармақшы. Сон-

да ең негізгі тарау, ең негізгі кітап Алманың зерттеуі болмақ. Бұл – кім 

көрінгеннің маңдайында жазыла беретін бақыт емес. Алма өмірден ерте 

кетті. Бала-шағаларының өсіп, жетілгенін көре алмады. Бірақ ол өзін дік 

еңбегімен,  қызметімен  ел-жұрттың  көкейінде  қалды.  Бей се кең нің  шə-

кірт те рі, қазақ əдебиеттану ғылымының негізін қалаған мектеп, сол мек-

теп тің ең тұрақты, ең мықты шəкірті болғаны мені айрықша қуан та ды. 

Алманың шəкірттеріне де, құрдастарына да мың алғыс», – деді. 

Алма апайдың қатарлас құрбысы, курстасы болған Фаузия Ораз бае-

ва ның əдемі, əсерлі естелігі жүрегімізді бір толқытып тастады. Фаузия 

апай: «Алманы еске алу арқылы біз өзіміздің өткенімізді, жалпы, өмі рі-

міз дің  мағыналы  сəттерін  де  еске  алып  отырмыз.  Сіздердің  сөз де рі ңіз 

арқылы  Алма  ғана  емес,  кешегі  өмірден  өткен  Сағат,  Үміт,  кеше  ғана 

қасымызда жүрген Мырзабек Айдосов, аяқ астынан перзентімен бірге 

жол апатынан көз жұмған Сайлаубек Жұмабек еске түсіп отыр. Өмір ден 

өткен  жолдастарымыздың  артында  өшпейтін  ізі  қалды.  Алма – өзі нің 

тағ ды рын, өзінің тұлғасын өзі жасаған адам. Біздің еліміздің келешегін 

де болжап кетті, тəуелсіз елдің мəдениеті, əдебиеті, тарихы қандай бо-

луы керектігін, ең бастысы, баласы қандай болуы керектігін айтып кет-

ті. Соны жай болжап қана қоймай, соған өзінің пікірін айтты. Алманың 

ұлы лы ғы да, ойшылдығы да, ең басты мықтылығы да – осында. Ол неге 

біздің  жүрегімізден  орын  тепті?!  Жерімізді,  тілімізді,  даламызды,  ба-

бамызды қалай сақтап қаламыз деп, күнде ойлап, толғатып жатқан мə-



524

се ле лер дің бəрін сол күндердің өзінде Алма айтып кетті. Жақсы ұстаз 

ғана болып қойған жоқ, шəкірттерінің көкірегіне осындай ұлы қа сиет тің 

бə рін  құя  білді.  Соған  белсеніп  кірісіп,  мектеп  ашты.  Өзінің  кү рес кер 

Ана екенін көрсетті», – деді.

Белгілі баспагер, публицист Əшірбек Көпішевтің де курстасы туралы 

жылы естелігі көңілімізге жылы тиді. Ғалымның үш баласымен пə тер сіз 

қалып, қиын-қыстау күндер басына түскен сəтінде Əшірбек аға кө мек 

қо лын  бергісі  келіп,  қаланың  сол  кездегі  əкімі  Шалбай  Құл ма ха нов қа 

өті ніш айтады. Шалбай Құлмаханов Алма апайды басындағы қиын ды-

ғын  айтып,  Жамбылдың  шөберелерінің  пəтерсіз  жүргендігін  жазып, 

Ел ба сы ның  атына  хат  жаздырып  алып  келуін  өтінеді.  Сонда  Əшірбек 

Кө пі шев  бұл  туралы  Алма  апайдың  өзіне  айтқанда,  ұстаз: «Жамбыл 

атам  ның атын кез келген жерге тықпалап, алтын басын кеміткім кел мей-

ді», – деп жауап қайтарады. Ғалымның бұл сөзіне еске алу кешіне жи-

нал ған жанның бəрі көзіне жас алды. Ұстаздың мықтылығы да осында 

емес пе? Ұлылығы да – осында. Қазақ əйелінің қайсарлығын да таныта 

білді Алма Қыраубаева. «Раймалының Бегімайға айтқан əнін» Ал ма тай-

дың орындауында тыңдағанда, Шыңғыс Айтматов көзіне жас алыпты. 

Теледидардан Шыңғыс ағаның көзіндегі жасты көрсеткенде, əлі күнге 

дейін менің жүрегім зарығады. Риза болғаны соншалық – Шың ғыс аға 

қайта-қайта тыңдай беріпті», – деді Əшірбек аға. «Мен Ал ма тай дың өмі-

рін де гі кейбір эпизодтарды ғана тілге тиек еттім. Алма туралы айтар əң-

гі ме жалғыз бұл емес. Алманың бүкіл зерттеулерін кітап етіп шы ға рып 

отыр ған бауыры Асылбекке мың рақмет. Сындарлы ұрпағы бар Мү тə ліп-

тің ұлдарына мадақ айтып тұрмын», – деді Əшірбек аға.

Алма  апайды  сүйетін  мыңдаған  шəкірттің  ұстазына  деген  құрметі 

деп қабылдадық бұл кешті. Алма Қыраубаева өзінің бір сөзінде: «Менің 

бір бақытым мамандығымды дəл таптым. Жалпы қабілетім мен бейімім 

тура мұғалімдікке сай келеді. Мен өзімнің əрбір сабағымнан лəззат ала-

мын, рақат күй кешемін. Балалардың көзінен де соны байқаймын. Олар 

да рақаттанып қалады. Сосын мен шəкірттерімді жақсы көремін. Егер 

де сол қасиет өлсе, сол күні мұғалімдікті тоқтату керек», – деген екен. 

Шə кірт те рі нің  де  ұстазын  қатты  жақсы  көргенінің  бір  көрінісі – бұл. 

Он жыл бұрын ұстазымен қимай қоштасқан шəкірттер Алма апайды əлі 

сағынады. Ұстаздарына деген ықылас-ниеттері де сол күйінше суы ма-

ған.  Сол  кеште  асылдың  сынығы,  Алма  апайдың  кішкентай  немересі, 

жеті жасар Хакім Əли Бұланұлы Бұқар жыраудың «Бірінші тілек тілеңіз» 

атты өлеңін жатқа айтты. Немересінің өлеңін тыңдап тұрып, құр дас та ры 

мен курстастарының, шəкірттерінің көздері жасқа шыланды.



«Жас алаш», 2011 жыл, мамыр

МАЗМҰНЫ

І БӨЛІМ. КӨҢІЛДІ ТЕРБЕГЕН КӨРІКТІ СӨЗ (көркем əңгімелер

Əже ашуы ................................................................................................................................................. 4

Ақ əже ....................................................................................................................................................... 5

Қайын ата ................................................................................................................................................. 9

Белгісіз палуан ....................................................................................................................................... 12

Алма апайдың əлемі .............................................................................................................................. 16

Өткен жылға өкпеңіз бар ма? ............................................................................................................... 21

Əкем туралы сыр ................................................................................................................................... 21 

Күнделіктен үзінді ................................................................................................................................ 25

ІІ БӨЛІМ. ҒАСЫРЛАР ТЕРЕҢІНЕН МАРЖАН ТЕРГЕН (ғылыми мақалалар)

Əбу Насыр əл-Фараби ........................................................................................................................... 32 

Қисса жанры .......................................................................................................................................... 41 

Өнеге айтар толқын бар... ..................................................................................................................... 43 

Абайдың поэмалары .............................................................................................................................. 44

С. Торайғыровтың творчествосы ......................................................................................................... 53 

«Ақиқат сыйының» айтары .................................................................................................................. 70

Ежелгі əдебиет дəстүрі ......................................................................................................................... 74

«Мен сорлы жоққа ғашық болып өттім» ............................................................................................ 78

Қазақ мифологиясы жəне Авеста ........................................................................................................ 83

Жəкеңнің ұлы – Алғадай ...................................................................................................................... 98

Баласағұнидан басқалар да бар .......................................................................................................... 103

Елдік рухты əдебиет қалыптастырады .............................................................................................. 106

Əуезов жəне ежелгі əдебиет мəселелері ........................................................................................... 113

Шығыстық қисса-дастандардағы қасиетті жер-су ұғымдары ......................................................... 119

«Жұмжұма сұлтан» хикаясы .............................................................................................................. 123 

Ақылбек Сабалұлының қиссалары. Беташар ................................................................................... 129 

Кемел мемлекет арманы ..................................................................................................................... 130

Ежелгі мифтер: «нұрдан жаралу»....................................................................................................... 134

Тамыр жайған бəйтерек ...................................................................................................................... 137

Сəбит Мұқанов жəне «Халық мұрасы» ............................................................................................. 143

Ежелгі əдебиеттегі қыпшақ деректері ............................................................................................... 148 

«Қазақтың күй аңыздары» (пікір) ...................................................................................................... 151

«Баһрам» .............................................................................................................................................. 152

Гилгамеш .............................................................................................................................................. 153

ІІІ БӨЛІМ. ҰЛЫҚТАП ӨТКЕН ҰСТАЗДЫ...

Бейсекең туралы сөз ............................................................................................................................ 156

«Дулыға» – елдік пен ерлік шежіресі ................................................................................................ 156

Шығыс-қазақ əдеби байланыстары ................................................................................................... 160

Қария Шығыс ....................................................................................................................................... 161

Ұстаздың ұртындағы құрма ............................................................................................................... 163

Ары биік азамат еді... .......................................................................................................................... 170

Мыңжылдық жолаушы ....................................................................................................................... 175

Көкейкесті арман ғұмыр ..................................................................................................................... 179

Арманын қоймас адамзат ................................................................................................................... 189

«Елдің сəнін келтірген қыз – əулие» ................................................................................................. 194

Фадли Əлидің 60 жылдығына сөйленген cөз ................................................................................... 198

Ұлтқа керегі – рухани азаттық ........................................................................................................... 200 

Ежелгі əдебиет ертеңгі əдебиетке жалғасуда ................................................................................... 204

Сексеннің сеңгірінде ........................................................................................................................... 208

Əулиелі ел азбайды ............................................................................................................................. 209

Махаббат жүрек ................................................................................................................................... 212


Бір сəттік көңіл үшін ........................................................................................................................... 216 

Қабырғамызды қақыратып кетті ........................................................................................................ 220 

Мұстафа Шоқай туған ауылдың мəдениеті не күйде? ..................................................................... 220

Ұстаз ..................................................................................................................................................... 221

Традиции древнетюркской литературы в творчестве Ч. Айтматова .............................................. 225

Сыншы Сағат, ойшыл Сағат ............................................................................................................... 229

Сібір жазушылары қазақтар жайында ............................................................................................... 230

Кенжебаев Бейсемба й ......................................................................................................................... 233

Бердібай Рахманқұл ............................................................................................................................ 235

«Эпос – ел қазынасы», «Эпос – ел мұраты» (пікір) ......................................................................... 237



Библиографиялық көрсеткіш ......................................................................................................... 239

IV БӨЛІМ. ҒАСЫРЛАР ҚҰПИЯСЫН АШҚАН ҒҰЛАМА (естеліктер топтамасы)

Кəкішев Т. Еңбегімен елеулі ............................................................................................................. 246

Əбдіманұлы Ө. Ұлт рухын ұлықтаған ұстаз ................................................................................... 250

Мағауин М. Ғасырлар мұрасы .......................................................................................................... 262

Мақпырұлы С. Ұмытылмайтын дара тұлға ................................................................................... 265


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет