«Түркістан», 1996 жыл, 4-10 желтоқсан
ШЫҒЫС-ҚАЗАҚ ƏДЕБИ БАЙЛАНЫСТАРЫ
Жақында Əл-Фараби атындағы Қазақ мемлекетік ұлттық уни вер си-
те ті нің баспасынан филология ғылымдарының докторы, шы ғыс та ну-
шы ға лым Өтеген Күмісбаевтың «Араб-парсы жəне қазақ əдеби бай-
ланыстары мəселесі (ХІХ–ХХ ғғ.)» атты монографиялық еңбегі жарық
көрді.
Кітаптың «Қазақ поэзиясы жəне шығыс əдебиеті» аталатын бірінші
тарауында белгілі шығыс аңыздарының сюжетіне жазылған дастандар
сөз болады. Бұл – қазақ əдебиетінде арнайы зерттелмеген, шолулық ба-
ғыт та ғана айтылып келген үлкен мəселе. Əдебиеттануымызда Ақыл бек
Cабалұлы, Мəулікей Жұмашұлы, Қашафутдин Шаһмарданұлы, Жү сіп-
бек Шайхисламұлы, Ақыт Ұлымжыұлы т.б. қиссашы-дас тан шы лар дың
аты ғана болмаса, олардың ХІХ–ХХ ғасыр басындағы əдебиетте ат қар-
ған еңбектері толық мəлім емес. Арғы түбі «Мың бір түн», «Тотынама»,
«Шаһнамаға» барып тірелетін шығыстық сюжеттерді алып, қайта жыр-
лап, қазақша дастандар жазған ақындарды бұрын жүйелеп зерттеу қол ға
алынбай келген еді. Өтеген Күмісбаев – бұл салада біраздан бері ең бек
етіп, осы ақтаңдақтардың орнын толтыру жолында ізденіп келе жат қан
санаулы ғалымдарымыздың бірі.
Монографияда тың деректер баршылық. Мысалы, Жүсіп Таубаевтың
(1882–1916) «Сияр Ғани», «Əбу Əли Сина» дастандарын жазғандығы,
Жү сіп Қадірбергеновтің «Мағпура қыз», «Жүкті қыз», Қарасақал Ерім-
бет тің «Садуақас Сақи», «Софы Ақтам», «Əбдіманап», «Атымтай хи-
каясы» бар екендігі көп əңгіме болмаған. Сондай-ақ «Лəйлі-Мəжнүн»,
«Сей фүл мə лік», «Бозжігіт» дастандарын талдай отырып, қисса-дастан
жанрының ерекшеліктеріне, шығыс əдебиетімен байланыстарына назар
аударады. Осы сюжеттердін басқа да түркі текті халықтар əдебиетіне
таралу мəселесін əңгімелейді.
Кітапта бұдан басқа əлемге танымал Фирдоусидің «Шаһнама» сю-
жетіне қазақ ақындарының аударма-нəзиралық тəсілмен көптеген жыр
ту ғыз ған ды ғын талдап көрсетеді. Оны Низами, Əмір Хұсрау Дехлеви,
Жəми, Науаи, Махтымқұлы, Əжінияз шығармаларымен тығыз бірлікте
қа рас тыр ған.
Зерттеу енбектің біраз бөлігі шығыстың орта ғасырдағы ұлы ша йыр-
ла ры ның бірі Низамиді қазақ ақындарының аударуы жайында, «Мың бір
түн» оқиғаларының дастан сюжетіне негіз болуы мəселесіне ар нал ған.
Бұл бөлімнен Ғали Орманов, Қасым Аманжолов, Тəкен Əлім құ лов тың
161
ау дар ма шы лық шеберлігі, тұпнұсқамен жақындық-айыр ма шы лық та ры
талданады.
Əдебиетіміз соңғы жылдары Шəкəрім Құдайбердіұлы шы ғар ма ла ры-
мен толыққаны мəлім. Шəкəрімнің шығыс сюжетіне жазылған «Лəйлі-
Мəжнүн» дастанын талдауға бұл кітапта біраз көңіл бөлініпті. Оқу шы
Шəкəрімнің ақындық-дастаншылық шеберлігімен танысып, мағ лұ мат
алады.
Қазақ арасына «Мың бір түн» желілерінің тарауы – əдебиеттегі өте
бір қызықты жағдайлардың бірі. Əсет Найманбайұлының «Ағаш аты»,
«Жамсап», «Үш жетімі», Сейіткерей, Ақыт қажының «Сейфүлмəлік»
дастаны, Жүсіп Ешниязовтың «Шаһзада», «Зейпін қыз», «Мекер қа тын»
тағы басқа көптеген дастандардың туу жайлары мен Қалмақан Əб ді қа ды-
ров тың аудармасына дейінгі үрдісі кітапта əңгіме ауқымына айналған.
Шығыстанушы, профессор Өтеген Күмісбаевтың атаған кітабы – оқу-
шы сын қазақ-шығыс əдеби байланыстарының тың беттерімен танысты-
ратын үлкен еңбек. Кітаптың жарық көруіне «Жəнібек-Тархан» аг ро өнер-
кə сіп корпорациясының бас директоры Ерболат Төлегенұлы аза мат тық
көмегін берген.
«Алматы ақшамы», 1997 жыл, 7 сəуір
ҚАРИЯ ШЫҒЫС
Шығыс, Шығыс... Гетелер, Пушкиндер табынып, тамсанып, қанып
дə мін тата алмаған Шығыс. Дана Шығыс. Біздің тарих дана қариясын
аттап өтіп, қалталы жездесін қуып кеткендей. Даналықты бақырға айыр-
бас та дық. Дананы тыңдайтын жан қалмады. Ақырында, дарияның арғы
бе тін де жападан жалғыз қалған үнсіз қария тірідей көмілді. Арадағы
алтын көпір суға батырылды. Дария жағасында шашылып қала берген
қа рия кітаптардың сарғайған беттері желмен желбіреп жетіп, əркім-əр-
кім нің қолына түсетін. Арадағы үзілген байланыс санадағы тектілікті
жойды. Кітап парақтары кейінгі ұрпаққа мүлде түсініксіз болып қалды.
Қария кітаптың керексіз болуы, онда адамның ішкі жан дүниесінің
же ті луі, кентаврдан рухқа айналуы, ізгілікке бөленуі айтылатын. Атаны
ті рі дей көмген жерде ізгілік бола ма? Кейде «атасын ұмытқан оңбайды»
дегенді еске алып, əлгі парақтарға үңілген боламыз. Азған, ал қаш тан ған
көз бен сығырайып қараймыз. Сөйтсек, Омар Һайам да шарапты жыр-
лап өтіпті. Бөтелкелес досымызды тапқандай қуанып: «О, міне, Омар
Һа йам шарапты дəріптеген, дінге қарсы болған», – дейміз. Кешіре гөр,
Омар ата! Сенің «шарабыңның» спиртке қатысы жоқ еді. Тіпті ішімдік-
ті ауызға алмаған жан едіңіз. Сізді түсіну үшін, əуелі, сопылық ілімді
ұғуы мыз керек болатын. Жалаладдин Руми қайда? Низами, Сағди, Са-
раи. Олар ғашықтық пен шарапты неге үзіле жазады? Имам Ғаз за ли дің
162
рухани дүниесі не дейді? Ақиқат, шариғат, тарихат, мағрифаттың сыры
неде?
Біздің ғасыр оның бəрін быт-шыт қылды. Шығысқа табынып оты-
рып, жоққа шығарды. Жан тозды ғой, жан тозды... Осындайда Расул
Ғамзатовты қалай еске алмайсың?
Өз тілімде əнімді бар əлемге,
Шырқап мауқым баса алмадым, – не керек.
Бар еді бір сыр сандығым əуелде,
Сыр сандығымды аша алмадым, – не керек.
Ғамзатов аша алмай, аһ ұрған сыр сандықта талай асылдар жатыр-ау.
Классикалық шығыс əдебиеті, оның бүгінге дейін жеткен жал ғас ты-
ғы – үлкен бір сандық. Ішінде Шəді төреміз, Жүсіпбек, Нұржан, Əріп,
Тұр ма ғам бет, Əсет, Ораз молла, Ақылбек, Қашафутдин... Абайымыз
бар. Жеке-жеке зерттелгенмен, тұтас шығыстық руханият аясында тү бе-
гей лі қа рас ты ры ла ды деп айта алмаймыз. Салынған соқпақтар бар, жол
ашылды, шүкіршілік қыламыз.
Осы тақырыптың зəрулігін сезініп, əдебиетімізде игерілуге тиіс арна
екенін ұғынып, ұмтылыс жасаған əдебиетшілер болды. Өтеген Кү міс-
баев тың бір ерекшілігі – сол бұлақтың тілін түсініп алып кірісуінде еді.
Сол кездің өзінде белгілі ақын, аудармашы, ҚазМУ-дың филология фа-
культетін бітірген, «Қазақ əдебиеті», «Социалистік Қазақстан» газетін-
де қызмет істеген Өтеген 1969 жылы КСРО Ғылым ака де мия сы ның
Шығыстану институтына ізденуші аспирант болады. 4–5 жылда парсы
ті лін меңгереді. КСРО Жазушылар одағы басқармасында қазақ əде бие-
ті нен кеңесші міндетін қоса атқарады. Индия, Иран, Ауғанстан, Түр кия-
да ғы қазақ мəдениеті мен əдебиеті күндерін өткізуге атсалысқаны өз
алдына, Польшада халықаралық əдебиетшілер симпозиумына қа тыс қа-
н ы бір бөлек, қария шығыстың қазақ əдебиетінің бастау бұлағының бірі
екенін, дүниетаным, ой-сана, философияның іргетасына қа лан ға нын
ашу жолындағы салмақты бір жүк осы жігіттің мойынына түскендей.
Ол да аянып қалмаған. Əуелі, көне шығыспен кіндігі байланған Сыр өңі-
рі нің атақты шайыры, 1889–1905 жылдары Бұхарадағы Көкелташ мед-
ресесінде Садриддин Айнимен бірге оқыған, 1936 жылы Фир доу си дің
туғанына 1000 жыл толуына орай, «Шаһнаманың» нəзиралық нұс қа сын
жазған талантты ақын Тұрмағамбет Ізтілеуов шығармашылығын зерт-
теуден бастады. Тұрмағамбеттің «Рүстем-Дастаны» ұзақ жатып, 1961
жылы Ə.Тəжібаев, Ө.Тұрманжанов, М.Байділдаевтардың əде биет ке де-
ген шын жанашырлығының арқасында басылып шыққан, бірақ арнайы
ғы лы ми жұмыстың нысанасы болмаған еді. Ө. Күмісбаевтың кан ди дат-
тық диссертация дəрежесіндегі бұл зерттеуі «Тұрмағамбет Ізтілеуов
163
жəне оның «Рүстем-Дастаны» деген атпен жұртшылықтың қолына тиді
(1982). Шығысқа тосырқай қарайтын кездің өзінде сыналап болса да бі-
раз нəрсе айтылып қалды. Қазақ əдебиетінің шығыстық негізі тереңде
еке ні, «Шаһнама», «Тотынама», «Мың бір түн» сюжеттерін қайталай
жыр ла ған шығармалардың қасиеті бөлекше екені, олардың бұрынғы ой
қа лы бын ша, кертартпа ақындар емес, ежелгі мұраны жаңғыртушылар
болатыны жаңа бір көзқарас тұрғысынан қарастырылған. Осы ғылыми
ең бе гі Ө.Күмісбаевтың ғалымдық қырын анықтай түсті.
Ғылымға келу бар да, оған өміріңді арнау бар. Ғалымның бұдан бы-
лай ғы еңбектері өзі таңдап алған саланы тереңдетумен келеді: «Араб-
парсы жəне қазақ əдеби байланыстары» (1989), «Терең тамырлар»
(1994), «XIX–XX ғасыр басындағы араб-парсы жəне қазақ əдеби бай-
ланыстары» (1995), «Абай жəне Шығыс» (1995) сияқты үлкенді-кішілі
ғы лы ми еңбек, монографиялары жарық көрді. Қазақтың кітаби ақын да-
ры, Науаи мен Абай үндестігі, Рудаки, Омар Һайам, Сағди, Жəми, Ни-
замиді бүгінгі оқырманға етене таныту, шығармашылық ерек ше лік те рін
ашу мақсатында біраз еңбек етті. Ғалым бар мəселені ашып бере ал-
майды, бір мəселені ашады, түбегейлі тереңдетеді. Автор, бұл тұр ғы дан,
қа зақ əдебиетінің шығыспен байланысын арнайы зерттеген санаулы ға-
лым дар дың бірі десек, артық айтқандық емес. Поэзиялық туындылары,
«Польша перзенті» романы (1988), көптеген мақалаларын былай қой ған-
да, жоғарыда айтып өткен ғылыми еңбектері – өз алдына бір абыройлы
сала. Қазақтың асыл қасиеттерінің түп-төркіні неде, сан ғасырлық бай-
ланыстарынан не тапты, осыларды анықтау – үлкен міндет.
Халықтың ескілігін жақсы көрген кісіні былайғы жұрт жақсы көреді.
Елдіктің терең тамырын іздегеннің өз тамыры тереңдей түседі. Рухани
өмірді қанағат тұтқан кісінің рухани əлемде өз ізі қалады.
Қолжазбадан
ҰСТАЗДЫҢ ҰРТЫНДАҒЫ ҚҰРМА
Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы Арыстан баба бір түйір құрманы ұр-
тын да талай жыл сақтап жүріп, шəкіртіне тапсырған екен. Алланың
аманатын шəкіртінің қолына ұстатқанына бұл дүниеде ең үлкен іс тын-
дырдым деп кетіпті. Ұстаздың ұртыңдағы Құрма – оның жиған білімі
рухани, адамдық қасиеттері.
Бұрын ұлттық кадрларға деген көзқарастың қиын тұсында жо ғары
оқуды бітірген адамның төлқұжатындағы тіркелген жеріне қарап, басы
алтын, аяғы күміс болса да, ауылына жіберетін. Кең Қазақстанның əр
түкпірінен келген, білімі болғанымен, сүйеуі жоқ сары үрпек балапан-
дай, талай жігіттер құм-құмның арасына барып, сіңіп кеткендері болды.
ІІІығармашылық адамына өсу үшін өзіндік орта керек екені ескерілмеді.
164
Ал Алматыда тіркеліп алған, көбіне өзге ұлттың өкілдері қам шы ла саң
да, сыртқа бармады. Бірдеме ғып үстел басына ие болып, ғылыми атақ
қууына олардың мүмкіндігі зор еді.
Осы күндерде 1968 жылдан Қазақтың əл-Фараби атыңдағы мемле-
кеттік ұлттық университетінің қазақ əдебиеті кафедрасында қызмет іс-
теп жүрген Тұрсынбек Кəкішев əдеби үйірме жүргізетін. Үйірмеде небір
талапты жігіттер бар. Олардың білімі мен мəдениеті басқалардан ерек-
ше екенін танып алған үйірме жетекшісі оқуларын біткен соң, əлгі ба-
лаларды соңына ертіп, Оқу министрлігіне тартты. Сондағы жігіттердің
айтуынша, алдыңда – ата қаздай бастап бара жатқан Т.Кəкішев, соңына
имене ерген жасөспірімдер: Жанғара Дəдебаев, Серік Негимов, Болат-
жан Əбілқасымов, Балтабай Əбдіғазиев болатын.
Оқу министрінің сол кездегі орынбасары Əуезхан Қанафиннің алды-
на əлгі жігіттерді қаздай тізіп отырғызып қойды да, болашағы бар, бі-
лім ді, елге тұтқа болар азаматтар екенін, сондықтан Алматыда қалдыру
керектігін айтты. Əуезхан Қанафин:
– Жақсы мұғалім ауылға керек емес деп кім айтты?
Т.Кəкішев:
– Жақсы əдебиетші Алматыға да керек қой, – дейді.
Университеттің бір факультетін қатарлас оқып бітірген, сыралғы жол-
дас тың айтқан сөзінен қайтпайтын, өзі сенбей айтпайтын сырын жақ сы
білген Ə.Қанафин қанша қиын болса да келіскен.
Содан сайдың тасындай əлгі жігіттерді алып, Т.Кəкішев ака де мия ның
М.Əуезов атыңдағы Əдебиет жəне өнер институтының директоры Əди
Шəріповке келген. Оларды аспирант, лаборант қылып Ə.Шəріповке де
тапсырып, ғылыми тақырып беріп, өзі жетекші болып, қорғатып шы ғар-
ған. Бұл оқиға бір емес, талай рет қайталанған. Екінші бір дүркінде ке-
ліп орналасқан жігіттер Құлбек Ергөбеков, Шəкір Ыбыраев, Бақытжан
Майтанов, Анарбай Бұлдыбаев болатын.
Т.Кəкішевтің жай адамның қиялына кіре бермейтін бұл ірілігін кө ріп
қойып, Əуезов институтының «қалтқысыз жұмыс істеуіне жаны кү йе тін
сергек» кісілер: «Институтқа жерлестерін тықпалап жатыр», – деп арыз-
дан ған. Тексерушілер қарап жіберсе, Қазақстанның картасы тү гел екен,
сонымен əңгіме тамам болған.
Сондағы жігіттер: Жанғара Дəдебаев – бүгінде ғылым докторы, Əл-
Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің
деканы, Серік Негимов – ғылым докторы, Қыздар институтының кафед-
ра мең ге ру ші сі, Əбдіғазиев Балтабай – Алматы мемлекеттік уни вер си те-
ті нің, Əбілқасымов Болатжан – Қыздар институтының филология фа куль-
тет те рі нің декандары. Профессор Шəкір Ибраев – М.Əуезов атындағы
Əде биет жəне өнер институтының директоры, профессор Құлбек Ер гө-
бе ков – белгілі əдебиетші, Түркістан университеті ректорының кө мек ші-
165
сі, профессор Майтанов Бақытжан – Алматы мемлекеттік заң уни вер си-
те ті нің ұстазы, Бұлдыбаев Анарбай – танымал фольклортанушы. Уни-
верситет сахнасынан əдемі сопрано даусымен əн шырқаған Гүлнəзияны
(бү гін де Əду келіні) консерваторияға ертіп апарып, тыңдатқанын кө зі-
міз бен көрдік. Алматыдағы «таныстығын, тамырлығын пайдаланып»,
талантты шəкірттеріне жол тауып беруден жалықпады.
Тұрсынбек Кəкішевтің тікелей жетекшілігімен жəне оппоненттігімен
бүгінге дейін елуге жуық докторлық, кандидаттық ғылыми ең бек тер қор-
ға лып шыққан. Дайындалып жатқандары қаншама. Олардың ішінде
Өте ген Күмісбаев, Дандай Ысқақов, Жандос Смағұлов, Нұрболат Жуа-
нышбеков, Асқар Егеубаевтар бар. Қазақ-орыс əдебиетінің байланысын
зерттеген – С.М. Сагалович, хакас, бурят, алтайлықтар əде бие ті нен –
Л.В. Екшембиева, əзірбайжаннан – Низамеддин Бабаев, тү рік мен нен –
Шырынжамал Гелдыева, Каюм Жұмаевтар, қырғыз əдебиетінен – Ос-
мо н ақұн Ибрагимов, ұйғыр əдебиетінен Махмұт Абдрахмановтар Т.Кə-
кі шев тің жетекшілігімен қорғағанын мақтаныш етеді. Бұл – Қа зақ стан
ғылымының ақтаңдақтары елу жұмыспен толықтырылды деген сөз.
Ол кісі алдына келгеннің бəрін əлпештей бермейді. Ғылымнан тез
арада нəтиже көрсете алмасаң: «Осы сен үйіңде отырып, балаңды бақ-
саң қай те ді», – деуі де мүмкін. Ал еңбегің ұнай қалса, алдыңа түсіп, бас-
па ға да өзі апарып тапсырысады, сыртыңнан «ғылымға жаңа адам кел-
ді», – деп жар салады. Ұнатуы да, ұнатпауы да ірі екенін мойындайсың.
Ұстаз Кəкішевтің ұл-қызға пейілі бірдей болғанмен, декан Кə кі шев-
тің ұлдарға ықыласы бөлек болатын. Оқуға түсетіндердің жазба жұ мы-
сын тексергенде: «Ай, ана ұлдарды өлтіріп алмаңдаршы, осыдан аман
шық са, ауызшасын өзім көремін», – дейді. «Қыздарың оқуға жақсы
бол ға ны мен, ғылымды жүргізетін жігіттер ғой, өздері грам ма ти каң нан
онша күшті болмайды», – деп дəлелдейді. Талай жігіттің «жаны» солай
аман қалған.
Кафедраға да жігіттер жағын алуды тəуір көретіні бар. Осы күні бір-
тіндеп қыздардың қатары көбейе бастады. «Ағай, қыздардың керегі жоқ
деуші едіңіз», – деп осал тұстан ұстай алып, əзілдесең: «Қайдам, жі-
биін дегенмін ғой онда», – деп күліп, мойындап қалады. «Ел басына күн
туғанда, етектіге жүгінер» дегендей, қыздардың қиыншылық кездерде
де ғылымды тастамай, əжептəуір нəтижелерге жетуімен жібіткені болар
дедік біз мұны.
Тұрсынбек Кəкішевті шəкірттері қорықпайтын, тəуекелшіл адам ре-
тін де таниды. Жағынып сөйлегенін көрген емес, талай жиындардың
төрінен көмілген шындықтың шаңын қаққанына куə. Содан сескене ме,
кей жиналыста сөз бермей қойғанын да байқауға болады.
Шындыққа қол ұшын беруден жасқанбайтындығының арқасында бо-
лар, артында сұрауы жоқ қалып бара жатқан біраз ақын-жазушыларды
166
тірілткен. Саттар Ерубаевтың таңдамалылары (1957, 1979, 1994), Са быр
Шəріповтің екі томдығы (1959, 1982), Жиенғали Ті леп бер ге нов тің (1969,
1996), Елжас Бөкеновтің шығармалары Т.Кəкішевтің жан ашыр лы ғы мен
жарық көрген.
Қалтасына жылан салып жүретін шығыстың бір данасынан: «Қал та-
ңыз да ғы жыланнан қорықпайсыз ба?» – дегенде, дана айтыпты: «Ба тыр-
лық тың бірнеше түрі бар. Əуелі қауіптің мөлшерін білмеген адам батыр
болады. Екіншісі қорықса да, білдірмейді. Үшінші – білімнен туған ба-
тыр лық. Білімді адамның саралап білгенін, біліксіз адам батырлық дей-
ді. Қорықпайтын себебім – сол», – депті. Жиырма сегіз кітаптың, 600-
ден астам мақаланың туындыгері Т.Кəкішевтің қорықпайтын себебін де
содан іздеген дұрыс, абзалы.
1994 жылы Сəкеннің 100 жылдығы тойланды. Жезқазғаңда бас тал-
ған Сəкен тойын Ақмолада жалғастыру оңай емес-ті. «Қысылтаяң кезде
бір-ақ жерден атқарса болмай ма?», «Сəкеннің Ақмолаға қатысы қан ша-
лық ты дəрежеде?» – дегендей күдікті сұрақтар туып, ел азаматтарына
жүгіріс болған. Тіпті «Сəкен кім еді?» – дейтін əр түрлі орталарға дə ле-
лі мен сөзін бірде өткізіп, бірде өткізе алмай қалып, іштей қыс тық қан
кездер де аз болмаса керек. Əйтеуір, Сəкен тойын Ақмолада өт кі зу ге
шешім қабылданған. Бірақ оның қажеттігін жете ұғып болмағандар
жағы да көп еді.
Сонда алаңда лықсыған халықтың алдындағы Тұрсынбек Кə кі шев-
тің сөзі ашуы кемерінен асқан кезде қаһарланып, өз баласын қам шы-
ның астына алатын айбынды Атаның əрекетіндей шықты. Кең аспанда
санқылдаған дауыс:
– Неден қорқасыңдар! Неден жасқанасыңдар! – деп алып, Сəкен
Сейфуллин деген қазақта дара туған тұлғаның халыққа сіңірген сан-
сыз еңбегін, қоғамдағы өрелі қызметін, сұлулық нышанына айналған
қа сие тін, жаны таза – ары таза жанды саясаттың шырғалаңына қалай
сал ға нын, тартқан азабын, «Тар жол, тайғақ кешудегі» қиын тағдырын,
Ақ мо ла да Совдепте істеген жылдарын, атылғанын айтты. Аяушылық се-
зім мен емес, ар биігінен айтты. Қазақшалап бастап, орыс тіліне көшті.
«Сөз дің қуаты – шындығында» екенін ұқпаған адам жоқ. Сəкен Сей-
фуллин сынды алып тұлға алаңнан қарап тұрғандай əсерленді. Сілтідей
тын ған халықтың біразы үнсіз жылады.
Іштегі суық намыс кенеттен көтерілген асқақ рухтың тегеурініне шы-
дай алмай, жас болып шықты. Сол күні Сəкен тойына жиналған жұрт
Кə кі шев ті халық қаһарманындай сезінді. «Əр азамат елінің бір-бір тұл ға-
сы на осылай ие болса, дүниеміз түгел болар еді-ау», – десті.
Университет аудиториясыңдағы мөлдіреген қыз-жігіттер бітімі бө-
лек, сөзі ерек профессордың лекциясыңда оның Сəкенге деген сү йіс-
пен ші лі гін қызыға тыңдап отырады. Лəйлə Мұхтарқызы да: «Сəкенге
167
бе ріл ге нің ді құрметтеймін», – деген екен. Сəкен – Т.Кəкішевтің бүкіл
өмі рін арнаған адамы. Тек қана Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы
жө нін де көптеген кітап, мақалалар жазды. «Сəкен Сейфуллин» (1967,
1972, 1976, 1997), «Сəкеннің соты», «Сəкен жəне Гүлбахрам», «Сəкен
өмі рін де гі əйелдер», «Қиын жолдың тағдыры», Сəкен шығармаларының
көп том дық та ры ғалымның қолынан шыққан. Адамның Жаратушыны
тануға деген ынтықтығынан кейінгі бір қадірлі ісі бірін-бірі тануы болса
керек. Бұл жерде ғалым, азамат ретінде өз парызын бір адамдай орын-
да ға ны кө рі не ді. Сəкенді сүйетінін ешкімнен еш жерде жасырған емес.
Өмір дің үл кен сахнасында кейбіреу маскінің бірін киіп, бірін шешіп,
қай сы сы нан қалай жанға сая табарын білмей жүрген кезде, бұл кісі та би-
ғи бей не сі нен табылды. Желтоқсан оқиғасында «Ерден – еркек қалды,
кө лең кең нен – үркек қалды» заманды да көп болып көрдік. Бұл əр кім нің
жү рек жарасы ғой. Сонда жоғарыдан келген қысымға мыз ғы ма ған, үрей-
дің ыр қы на берілмеген адамдар болды. Оның бірі сол кездегі КазГУ-дың
филология факультетінің деканы Тұрсынбек Кəкішев еді. «Мүк бас қан,
түк басқан ұлтшылдық» туралы ештеңе айтылған жоқ. «Қы рып-жой-
ған» жиналыстар, бірін-бірі көзге түрткен ғай бат тау лар дан бұл факуль-
тет аман болды. Алаңдағы жастардың суретін деканның алдына жа йып
тас тағанда, «танитын студенті жоқ» болып шықты. Жа зық сыз балалар-
ды қас көй дің көзіне түсірмей, күрке тауықтай қанатының астына басып
отырды. Абайсызда шетке шығып қалғаны болса, қайта айналып кеп,
ешбір сырғытпасыз орнын тауып жапты. Тағдырдың тал қы сы на түс кен
шəкірттің тауқыметін реттеуге əкімшілік пен факультеттің екі арасында
неше рет жүргенін, неше баспалдақты аттағанын елестету қиын. Со ңын-
да, жұрт деканның жүрек талмасымен ауруханаға түс ке нін естіді.
Темекі достан да сол жолы айырылыпты. Бір əңгімесінде: «Ауруха-
надан шыққан соң да, тартып жүрдім. Бір күні екінші қабаттағы үйі ме
көтеріліп келе жатыр едім, жүрегі бар болғыр шаншып кетті. Қо лым да-
ғы темекіні «Дəу де болса, сен кінəлісің ғой», – деп лақтырып жі бер дім.
Содан қайтып қолыма алғам жоқ», – дейді. Бұл кісі – досынан айырыл-
майды, айырылса, қайтып қарамайтынын осыдан-ақ сезесіз.
Ұстаз Кəкішев кешіре алмайтын бір нəрсені шəкірттері анық біледі.
Ол – екі сөйлеу. Ұстаз Кəкішев жасамайтын бір қылық – кісі сыртынан
ұсақ əңгіме айтпау. Кісімен келісе алмай, дауласып, тіпті дауыс кө те рі-
сіп қалған кездерін де көргендер бар, соңынан сөз айтқанын естігендер
жоқ. Тірлігі айқын, пікірі анық, жасырып-жабары жоқ адам бол ғаң дық-
тан да айбыңды көрінеді.
Профессор Кəкішевтің ұстазы – Есмағамбет Ысмайылов. Үлкен ұс-
таз дан бел жазбай еңбектенуді, ғылымға берілуді қалап алған секілді.
1960 жылы қазақ əдебиетінің 1917–1929 жылдар арасыңдағы қай-
нап тұрған мəселелерінен кандидаттық диссертация қорғап, 1971 жылы
168
қазақ əдеби сынының туып-қалыптасу жолдарын анықтаған док тор лық
диссертация жазған, отыздай қалың кітапты дүниеге əкелген профес-
сор Кəкішевтің шығармашылық жолына зер салсақ, əр жыл сайын кітап
шығарып отырған екен. Бірде үй ішінде түрегеп жүріп ойланатынын,
жазғанда төгілген ойдың ырқымен тапжылмай, он алты сағатқа дейін
жұ мыс істей беретінін естігеніміз бар.
Қағазға түскен үнсіз сөздер ертеңіне аудиторияға кірісімен жанданып,
қуаттанып, бірде зұлпықардай жарқылдап, ұйқыдағы сананы оятса, бір-
де сүңгі болып еріншек ойларды түрткілейді. Бірде мəуелі ағаш болып
қызықтырады. Мынадай бір қанатты сөз бар екен: «Өзі болмайын деген
адамды болдыра алмайсың. Бүкіл елді бірден биік деңгейге тағы жет кі зу
қиын. Бірақ өз жан дүниеңнің мəуелі ағашын жетілдіруге болады. Оның
жемісінен жұртқа дəм татқызудан артық бақыт жоқ», – дейді.
Университетке «қазақ əдебиетінің тарихы – Бұхар жыраудан, сыны
кеңес дəуірінен басталады деген сеніммен келген студенттер про фес сор-
дың лекциясыңда жаңа бір əлемге кіреді. Əдеби сын жазба əдебиетке
тəн жанр болғанымен, жақсыны ардақтау, жамандықты мінеу сияқты эс-
те ти ка лық таным-түсініктер халық шығармашылығына да, ежелгі жазба
əдебиетке де ортақ екенін, сын тарихы көне бастаулардан са бақ та са тын
дүние екенін алғаш осында естиді. «Көркем туындыға таптық тұр ғы дан
қарап, Алла-құдай араласып кеткендерін діни мерездер деп тап қан кез-
де, ең зор теперішті көрген дарын – Ясауи. Тіпті үріккеніміз, шо шын ға-
ны мыз сонша – өмір бойы Түркістанда жасап, өзінің бар шығармасын
сонда жазғанын ескермедік. Мəйіті сонда жатканын ғана емес, Əзірет
Сұл тан дай əлемдік мəні бар кесенесі тұрғанын да көзімізге ілмедік. Не-
бір зиялыларымыздың өздері оның «Хикметтер» деген еңбегінің атынан
шошып, қадыр-қасиетіне жетпеді...
Сонымен, қалыптасып қалған қате түсініктен құтылғанда ғана өз
тарихымыздан өзекті арналар табамыз. Қазақтың сыни ой-пікірін зерт-
теген уақытта еуропалық тұрғыдан қарау, соған бейімдеу – қатерлі де
қате. Əр халық өзінің көркемдік таным-білігінен өнікті ой тапқанда ғана
адамзат əлеміне бекер келмегендігін түсінеді, ұғады», – дейді.
Студенттер ұстазының 50-жылдардан бастап, алашқа ортақ мұ рат тар-
ды көтерудің ылғи алғы шебінде болып келе жатқанын бірі біліп, бірі
білмеуі де мүмкін. 1956 жылы «Қазақ əдебиеті» газетінің бетінде, қа зақ
тілі мен қазақ мектептеріне Орталық Комитеттің қаулысымен (10 жел-
тоқ сан) төнген қатерді жан-жүрегімен сезініп, шырылдай дауыс кө те ріп,
халық қасіретіне үн қосқан азаматтар Р.Бердібаев, Т.Кəкішев, М.Дүй се-
нов тер болатын. 1988 жылы қайта құрудың кездерінде аяулы арыста-
рымызды құрбандыққа берген бұрынғы партиялық қателіктерді жөн деу
керектігін, алаш қозғалысының қайраткерлік іс-əрекеттеріне дұрыс баға
бе ру дің қажеттігін алғаш батыл көтерген кісілердің бірі – Тұр сын бек
169
Кəкішев. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының да белсенді жанашыры,
айбынды қолдаушы болды.
Ұлы қорғаннан – маңғаз Парижге дейін шаң қапқан жолмен ырғалып
та, əуесімен зымырап та бара жатып, халқының тағдырын талай сал-
мақ та ға ны на күмəн жоқ. Қазақстанда қазақ диаспорасын зерттеуге ар-
нал ған жоқ институттың бар жұмысын мойнына салып алып, тарих
тəл ке гі мен сан тарапқа жол тартқан қазақ рухының шашылып қалған
дə нек те рін неше рет жиып əкелген. Көптеген мақала жазып, радиоха-
бар, документті фильмдер жасады. Ілия Жақановты қанаттастыра жүріп,
диас по ра ның рухани мұрасын жинақтауда көп іс атқарды. Жиырма бас-
па табақтық «Моңғол қазақтары» кітабы жақында жарық көрмекші. «Қа-
зақ əдебиетінің қысқаша тарихын» француз тіліне аударып бастыруды
қолға алып отыр.
«Шетелге барса, бума-бума кітап көтеріп əкеледі», – дейді ере жүр-
ген кісілер. Оның шет жағасын ғана көзімізбен көргеніміз бар. Қы тай
сапарынан 12 том «Қазақ қиссалары», елу шақты «Мұра», «Шал ғын»
журналдарын əкеліп, зерттеу керектігін тапсырып, қыруар жұ мыс ты
мой ны мыз ға артып тастаған. Өзі тоққобдидан жаңа ғана заряд ал ған дай,
тынымсыз еңбекқор кісі жанындағыларды да зарядтаудан тынбайды.
Олар бірі-біріне беріп, дамылсыз электрлендіру жүйесі жүріп жат қан-
дай болады.
Профессор архив ақтарған адамды туысындай тəуір көреді. Өз өмі-
рі нің көп жылдарын өткізген архив-үйінің суық қабырғаларынан ыс-
тық сəлем əкелгендей сезінетін шығар. Сəкеннің 1937 жылғы тағ ды ры-
на катысты құжаттарды іздеу, бір ғана «Сандалтқан «Садақтың» шаң
басқан беттерін табу, «Санадағы жаралар» кітабының материалдарын
жүйелеу – бəрі архивпен байланысты дүниелер. Ленинград кітапхана-
ларынан «барон...» белгісі бар, осыдан жүз жылдай уақыт бұрын шық-
қан кітапшалардың арасынан Т.Кəкішевтің сарғайған сұраныс қа ға зын
көріп таңғалғанымыз бар. Ол жерлерді де барлаушыдай байқай кеткен.
«Бəлен кітапханада – бəлен бар», – деп шəкірттерін жұмсап отыр ға нын
жиі естисің.
Арқалы кісіні көптің буы көтереді (Қалталы кісіні ақшаның буы кө те-
ре ді). Мінез – адамның жан дүниесі. Ұстаз мінезінің сирек кездесетін,
қа лып тан тыс жағдайларын көру қызықты. Ағайдың кейде ақ көңілдің
қақ па сын ашып жіберіп, қолға іліккен сезімді шашып-шашып тастай-
тыны бар. Біреуге ұнап жатады, біреуге ұнамайды. Адам баласы өзінің
пенделік қалпын көрсетпесем деп əуре, байқағанға, ол кісі пенделігін
көрсетіп істейді. Ондайда: «Қолыңмен істегенді мойныңмен көтеру ке-
рек!» – деп қалың қастарын тікірейтіп қоятыны бар. Халықтың тілегінде
идеал тұлғаға айналғаны сондай жай адамға тəн нəрсе Кəкішевке тəн
еместей көрінеді.
170
Мақтау сөз – біздің мақтансүйгіштік болмысымыздың арқасында
айналымда жүрген жалған тиын ғой (Лорошфуко). Мақтануды жарат-
пайды. Артық мақтағаңда жауын көргендей жақтырмай қарайтыны бар.
Жанына ылғи «оппозиция» ұстап отырғанды ұнатады. Айналасындағы
жі гіт тер дің қайшы пікірлерін тыңдағанда, жарқырай түсіп, рақаттанып
кетеді.
Профессор Тұрсынбек Кəкішев – Халықаралық жоғарғы мектеп ака-
де мия сы ның жəне Айтматов Халықаралық академиясының академигі,
Қазақстан Республикасының ғылымға еңбек сіңірген қайраткері, Қа зақ-
стан Жазушылар одағының Сəкен Сейфуллин атындағы сыйлығының
иегері, көптеген арнаулы кеңестердің мүшесі, əл-Фараби уни вер си те ті-
нің кафедра меңгерушісі.
Бірақ осы атақтың бəрі халықтың құрметіне жетер ме екен? Тұр сын-
бек Кəкішевті білмейтін қазақ жоқ. Теледидардан айтқан салмақты сөз-
де рі арқылы таныс болып, əр үйдің туысына айналған кісінің жүрген
же рі нің бəрінде ақсақалдар алдына келіп сəлемдеседі. Аналар ақ жау лы-
ғын маңдайына тигізеді.
Мына тынымсыз тіршілікте əр пенденің бірдемесі жоғалып жатады,
Жоғалғанын газетке жариялап, иесінің кім екенін ақша төлеп танысты-
рады. Ол – өмірдің заңдылығы. Ал оның заңдылыққа бағынбайтын тұс-
та ры да бар екен. Ағаның жоғалтқан заты өзі іздеп табады.
«Бас пайдасынан аса білген жерден бастап, адамның адам ретіндегі
нағыз өмірі басталмақ», – дейді бұрынғы өткен ойшылдар. Тұрсынбек
Кə кі шев – шəкірттер ұғымында халықтың азаматына, білімнің беделіне
айналған тұлға.
Достарыңызбен бөлісу: |