Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е


өрнектелген ертоқым, бір жай ер... (қалған сөздер оқылмайды – З.И.)



Pdf көрінісі
бет18/65
Дата23.09.2022
өлшемі15,1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   65
өрнектелген ертоқым, бір жай ер... (қалған сөздер оқылмайды – З.И.)
5 шапан, бір киіз текемет, 20 сақина, 353 күміс теңге, 3 сейсеп, бір
арбаны тартып алып кеткен.
Отрядтың Мойынты болысына бару ниеті бар.
Жоғарыда аталған болыстар мұндай зорлық-зомбылыққа шыдай 
алмай Ақмола облысынан... (бірнеше сөз оқылмайды – З.И.) Түркістан 
өлкесіне кеткен. Ол жақтан туған жеріне таяуда ғана оралды. 
Бұл жайында Қарқаралы уаткомы Семейге және Ақмолаға
жеделхат жіберген. Бірақ одан еш нәтиже жоқ.
Мадьяр. 
КРООМ 66-қор, 1-тізімдеме, 42-іс, 25-п.»
Міне, осы қайыру бермей бетімен кеткен «коммунистік отрядты» 
ұстап, залалсыздандыру үшін ел ішіне Орынбек Бековтің өзі шығады. 
«Үйренген жау атыспаққа жақсы» дейді қазақ мәтелі. Момын елге
Дорошенко, Зайцевтер әзірейілдей көрінгенімен, О.Беков үшін бұлар 
кешегі самагон сасыған жаман мұжықтардың түкке тұрмайтын тұқымы 
болатын. Сондықтан мұндай кәззаптармен жас кезінен жағаласып, айылын 
жимай өскен О.Беков астамсыған бандыға аяусыз шара қолдана алатын- 
ның нақ өзі еді. Соңына шағын топ ерткен ол Жарық стансасының 
жанындағы Айғыржал деген ауылды мылтықпен қорқытып, зорлық пен 
қорлық көрсетіп, қарусыз елді тонап жатқан Дорошенко бандысының 
үстінен түседі. Бір-біріне ата жаудай ұмтылған екі жақ қолма-қол айқаса 
кетеді. Жаужүрек Беков қаймықпастан Дорошенкоға барыстай атылып 
барып, қаныпезердің мылтығын атуға үлгертпей қолмен ұрып, ұшырып 
түсіреді. Сол мезетте Солтанның Тұрабайы деген балуан жігіт Дорошен- 
коны бұрап жығып, астына бүктей басып құлайды. 
«– Беков, я все равно тебя уничтожу, – деп айғайлапты деседі байлау- 
лы Доршенко»
33
.
Осылайша О.Беков бейбіт, момын елді талап, қорлық пен зорлық 
көрсеткен жауыздардың бандысын талқандап, «коммунистік отрядтың» 
командирлері: Дорошенко мен Зайцевті байлап алып Қарқаралы түрме-
сіне алып кетеді. Кейін қанішер Дорошенко қатаң тергеліп, Ақмола 
абақтысында өлтіріледі.
О.Беков әдеби ортаға «Тілші» газетінің редакторы болып істеген
1928–1930 жылдары танылады. 1930 жылы Қазақ драма театрының 
тұңғыш директоры болып тағайындалады. О.Бековтің театр директоры 
болып істеген жылдардағы өмірі мен қызметі Қазақ театрының негізін 
қалаушылардың бірі, режиссер һәм актер Қ.Байсейітовтің естелігінде 
біршама айқын көрініс тапқан. Тұңғыш театр директорының бүгінгіге 
беймәлім өмірінің белгісіз тұстарын қамтитын аталмыш естеліктен 
ұзақтау болса да, молырақ үзінді беруді ұйғардық. Себебі естелікте 
О.Бековтің азаматтық болмысы мен пенделік қылықтарына шейін 
бүкпесіз баяндалғанын байқаймыз: «1930 жылы драмтеатрға директор 
болып Орынбек Беков келді. Жұмат бас режиссер болды. О.Беков бізге 
облыстық «Тілші» газетіне редактор болып тұрған жерінен ауысты. Ол 
кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында талай айтыс-тартыстарды басы-
нан өткізіп ысылған, әрі іскер, әрі шешен адам еді. Сол кез үшін оның 
білімі де аса жоғары болатын. Мысқылшыл, қу тілді кісі еді. 1919– 
22 жылдары Спасск ревкомында және Совдепте председательдік етіпті. 
Оның мінезінде сол жылдарға тән бірбеткейлік те, өткірлік те анда- 
санда байқалып қалушы еді. Ол келе сап театрда қатаң тәртіп орнатуға 
кірісті, өнер адамдарының кейбір еркіндеу жүріс-тұрыстарын ұнатпады, 
саяси сауаттану мәселесіне қатты көңіл бөлді. 
33
Кәмел Жүністегі. Шырағдан. – Алматы, 2007. – 136-б.


78
79
Онымен Жұматтың, Құрманбектің арасы келгеннен-ақ қиюласпады, 
әлсін-әлсін шекісіп қалып жүрді. Қатты ашуланған кезде Орынбек бір рет 
алтыатарын жұлып ап Құрманбекті атам дегенге де барып еді. Біз Орын-
бек екеуміз бірден тіл табысып кеттік, оның сөздері, талаптары маған 
дұрыс көрінді, сондықтан мен оны ашық жақтайтынмын. Оның батыл 
принциптері, қайтпастығы ұнайтын. 
...1932 жылдың жазында Орынбек Беков спектакль жазуға үш кісіге 
тапсырма берді. Бірін – Мұхтарға: Д.Фурмановтың «Бүліншілігі» бо-
йынша пьеса жасауың керек деді оған, екіншісі – Ілиясқа: Түркістан – 
Сібір темір жолының салынуы жайында, үшіншісі – маған: колхоз өмірі 
тақырыбында пьеса жазуға тапсырды. Үшеумізге екі ай демалыс берді. 
Медеудің астындағы санаториядан бізге арнап үш үй тіккізді, сонда
жатып тапсырылған пьесамызды жаза бастадық. Күндіз бас алмай
жазамыз, кейде түнде бөлмемізде, кейде түс қайта жотаға шығып алып 
жазғанымызды бір-бірімізге оқып береміз, кеңесеміз. Екі айда: шілде, 
маусымның ішінде бір-бір пьеса бітіріп қайттық. Театрдың худсоветі 
талқылап, үшеуміздің де пьесамызды кейбір сын ескертпелермен 
қабылдады.» 
Осындағы назар аударатын бір жайт – 1932 жылы қазақ даласын жап-
пай ашаршылық жайлап, ел басына екіталай күн туған шақта кеңестік 
жүйені дәріптейтін шығармалардың еш кідіріссіз, толассыз жазылып
жатуы. Мұхтар, Ілияс, Қанабек ағаларымыз Медеу демалыс үйінде 
қаныпезер коммунистердің «ұлы мұрат жолындағы ымырасыз күресін» 
мадақтайтын шығармалар жазып жатқанда аштан ісіп-кеуіп өлген 
қазақтардың Алматы көшелерінен арбалап жиналған мәйітері күн сайын 
қала сыртындағы терең сайлар мен орларға, жыраларға апарылып төгіле-
тін. Осындай ел басына бұрын-соңды болмаған ауыр нәубет орнап, халық 
қынадай қырылып жатқан кезде қанқұйлы жүйені мадақтайтын шығарма 
жазу – ел зиялыларына өте ауыр сын болғаны айтпаса да түсінікті. Соған 
қарамастан іштен тынып, арлары азап шекен Мұхтар ағаларымыздың 
большевиктердің идеологиялық тапсырыстарын орындағанын көреміз. 
Бұлай етпеске амалдары да қалмаған еді. Бұл кезде әбден кәріне мінген
коммунистер кезінде алашорда сапында болған азаматттарға қайта
шүйіліп, қаһар төге бастаған. Жиырмасыншы жылдары Алашорда жа-
ғында болған Мұхтардың өмірі де бұл кезде қыл үстінде тұрған болатын.
Бір ғажабы осындай қиын-қыстау шақта арнайы тапсырыспен жазылса 
да, бұл пьесаларды жоғарғы жақ қабылдамаған көрінеді. Әңгіменің жай-
жапсары анығырақ болу үшін сөзді Қанабек ағамыздың өзіне берейік: 
«Жұмат алдымен Мұхтардың «Октябрь үшін» пьесасын қоюды ұйғарды. 
Кешікпей іске кірісті. Сонымен, 1933 жылдың жазғытұрымында «Ок-
тябрь үшінді» театр даярлап бітті. Спектакльдің қабылдауында үкімет 
басшылары Мирзоян, Исаев, Қабыловтар да келді. Өкінішке орай,
ойынымыз олардың көңілінен шықпады. Театр деңгейі талапқа толмады. 
Актерлердің ойынында, сахнаның даярлануында көптеген кемшілік бол-
ды. Оның үстіне кейіпкері көп, көлемі ұзақ пьеса қоюға да қиын болып 
шықты. Басшылар спектакльдің соңын күтпей кетіп қалды.»
Бұл жерде зордың күшімен жазылған туындылардың табысқа 
жетпегенінің куәсі боламыз. Спектакльдің қойылмай қалуының бір 
себебі – Мұхтар Әуезовтің жоғарыдан берілген тапсырманы ықылассыз 
орындағанында жатқандай. Әлі советтік үкіметпен, коммунистік билікпен 
ымыраға келе қоймаған, ішінде алашорда рухы қайнап жатқан, кеңес 
билігіне кекті Мұхаң Октябрь туралы пьессасын шабытсыз, селсоқ
жазған сияқты. Мұндай шығарманың шұрайлылықтан, кемелдіктен, көр-
кемөнерге қойылатын басқа да талаптардан ада болатыны белгілі ғой.
«Октябрь үшіннің» қойылмай қалуы – жаңа ғана еңсе тіктей бастаған 
театрға ауыр соққы болып тиеді. Еліміздің театр өнерінің қандай өт-
келектерден өткендігі турасындағы деректі, толымды әңгіменің бірі бол-
ған соң оқиғаның тұтастығын бұзбау үшін Қанабек Байсейітовтің жазу-
шы Бексұлтан Нұржекеевке 1974 жылы айтып берген естелігін түгел 
келтірейік: «Орынбек Беков пен Жұматтың, Құрманбектің араларындағы 
қақтығыс осы оқиғадан кейін өршіп кетті. Театр ішіндегі алауыздық, 
жікшілдік анық біліне бастады. Бұрын Жұматтың өзі директор, өзі бас ре-
жиссер кезінде әртістер арасында ондай жік өмірі болған емес еді. Өзін 
саяси мықтымын, пролетариатпын деп есептейтін Орынбек нәзік саясат 
жасамай, кейбір әртістердің шығу тегіне күмәнмен қарап, театрды олар-
дан тазалағысы келді. Театрда буржуазиялық көзқарас бар, болыс-билерді 
көп көрсетеді деген көзқарас болды, сондықтан кей жағдайда шамадан 
шығып кететін әрекеттер жасап алып жүрді. Жұмат пен Құрманбек қана 
емес, бірде Елубайға, кейде Қалибекке де қатты сөз айтып қалған кездері 
болды. «Оқымаған, надансыңдар. Спектакльдің де, өмірдің де саяси мәнін 
түсінбейсіңдер. Құр әншейін ойын-күлкі, қызықпен кеткенсіңдер, оқып 
ізденбейсіңдер», – деп орынды-орынсыз ұрсып тастайтын. Ол негізін- 
де дұрыс айтатын, бірақ басқару әдісінде шыдамсыздық көрсетіп алатын 
да, бүлдіретін. 
Осы жік өрши-өрши, ақырында бүкіл театрдың негізгі әртістері
Өлкелік комитетке шақырылдық, ішкі дауды шешу керек болды. 
Бірінші сөз театр директоры Орынбек Бековке берілді. Сөзінің ба-
сын әріден бастағаны болмаса, ол түгелдей дерлік ішкі дауға тоқталды.
Жұмат пен Құрманбектен бастап біраз әртісті сөкті.


80
81
– Жұмат режиссер емес, – дегенге дейін барды. – Кеше «Октябрь
үшінді» қоя алмай құртты. Профессиональдық театр дәрежесінен әлі 
аулақпыз, оған білімі жетпейді: Театрды бірінші құрдым деп ескі атағына 
сенеді, әртістерде ешқандай тәртіп жоқ, оларға талап та жоқ, ішіп жүре- 
тін әртіс көп, көре-тұра оларға Жұмат тыйым салмайды, жерлесім 
деп, бір облыстан деп іш тартады, – дей келіп Құрманбекті де кінәла- 
ды. – Өзі болыстың баласы, әйелі атақты саудагердің қызы (биші Шара 
Жиенқұлованы айтып отыр. – Е.Т.), күнделікті саяси өмірде не болып, не 
қойып жатқанында жұмысы жоқ, оқымайды, – дейді. Сезікті жүрістері бар 
деп Шараны да жамандады. Сөздің аяғын: – Осындай коллективті жиып 
алған, қайтіп жұмыс оңады? – дегенге сайды.
Әншейінде қызынып сөйлеп, ащы сөздер айтпайтын Жұмат та қызы-
нып кетті. Ол да Орынбектің өзіне дүрсе қоя берді. 
– Беков жікшіл адам, – деді. – Ұйымшыл, тату едік, бәрімізді жікке 
бөліп болды. Бірімізді батырақ дейді, бірімізді бай дейді, содан арамыз-
да алауыздық туғызды. Өнердің жайын, өнер адамдарын қалай басқа- 
руды білмейді, «шабам, қырам» деп атқамінерлік жасайды. Цекаға ба-
рам деп қорқытады. Бірімізді-бірімізге айдап салады, соның салдарынан
театр өсудің орнына өшіп барады. Әртістердің жеке басын жамандай-
ды. Жерге, облысқа бөледі дегені – жала. Осы Қанабекті қайсымыз 
сыртқа теуіптік, қане айтсыншы өзі! Театрға келісімен-ақ басты рөлдерді
бердік, – деді.
Бір қызығы: жаңа Орынбек сөйлегенде сөзінің арасында «мына
Қанабек біледі», «мұным өтірік болса, мына Қанабек айтсын деп» 
мені қуәға тарта сөйлеген. Өйткені екеуміздің арамыз ол кезде жақын
болатын, сондықтан ол мені өз адамы санады.
Үшінші сөзді Құрманбек алды. Ол Орынбектің істеріндегі қателік- 
терді айтып, бастан-аяқ әшкереледі.
– Бековтың ойы – мені театрдан қуу, – деді. – Ол директор болып
келгелі бұрыннан ойнап жүрген рөлдерімнің бәрінен айырылдым. Өштік 
себебі – Шараға ғашық, ол көнбейді. Басқалай еш кінәміз жоқ. Бір рет
Шара үшін боқтағам, ашуланып ұрмақ та болғам. Оның қуып жүргені –
соның кегі. Театр үшін шын жаны ауырса, ол алдымен әртістердің 
татулығын неге ойламайды? Біз емес, өзі жікшіл.
Елубай сөйледі. Ешкімге ашық қарсы да шықпай, жақтап та кетпей, 
ортаны ұстап сөйледі. Ептеп қана Орынбектің жағына ауыңқырағандай 
көрінді. 
Мен сөйледім. Орынбектің өзімді жақтайды деп отырған жалғыз ада-
мы екенімді біліп отырмын. Оның маған жәрдемі тигені де рас. Білімді, 
дүниетанымы кең, әдеби де, саяси мәселелерге жетік кісі екені – бәрі 
шын. Бірақ қателігі бар екені де ақиқат. Не істеуім керек? Шындықты осы
жерде айтпасам, қай жерде айтам? Театр үшін қалай айтқаным пай- 
далы? Тәуекел дедім де, Орынбектің міндерін мен де айттым.
– Театрда жікке бөліну Орынбек келгелі басталды, – дедім. – Дауқор, 
қоғамдық істі жеке бастың ісіне араластырып алады. Театрдың беделі 
түсіп, әртістер жайлы сырт өсектің қаулауына сол себеп, – екенін айттым. 
Бірақ Жұматты да ақтамадым, ол кісіде кемшілік бар екенін көрсеттім.
«Еңбекші Қазақтың» редакторы Мусин сөйледі. Ол да Орынбекті
сынады. В.И.Лениннің сөзінен цитата да келтіріп жіберді, қағазға жазып 
алыпты. Соған қарағанда, жиналыс болатынын біліп, алдын ала дайын-
далып алған секілді.
Соңынан Өлкелік Комитеттің хатшысы Ілияс Қабылов сөйледі. Бековті 
бұрыннан білетінін, істес болғандығын айта келіп, қорытындыны кінәлай 
жасады. «Бұл мәселені кейін қараймыз, ақылдасамыз», – дегенге тоқтады.
...Бұл жиналыстың соңынан біз күткендей ұйымдастыру мәселесі 
қаралмады, Орынбек өз орнында істей берді. Оған «Октябрь үшіннің» 
сәтсіздігі себеп болған болу керек деп ойлаймын, өйткені спектакльдің 
қалай қойылуына директор емес, бас режиссер жауапты ғой. Дегенмен 
Өлкелік Комитетте өткен беттесуден кейін Орынбек Беков тізгін тартып, 
бұрынғыдай тіке кететін мінездерінен тыйылды. Жұмат та өз күшіне 
өзі сенбегендей, дел-сал халге түсіп қалды. Әртістердің арасында да бір 
босаңсыған жағдай пайда болды.
«Октябрь үшін» пьесасының әзірлік дәрежесін, режиссер мен әртіс-
тердің деңгейін үкімет басшылары өз көзімен көргеннен соң театр 
мәселесіне қауырт көңіл бөліне бастады. Ұлттық театрдың жұмысында 
білімді маманның қолы байқалмады, енді оны профессиональдық жолға 
қою мықтап қолға алынды. Қатенің қай жерде екенін білген соң, оны 
жою да жеңілдей түспей ме, үкімет тарапынан қолданған шаралар тап сол
принциппен істелді.»
«Бір жамандықтың бір жақсылығы болады» дегендей, сол кездегі 
театр ішін жайлаған ішкі кикілжіңдер Үкімет басшылығының наза-
рын театрға аударуға септігін тигізеді. Нәтижесінде Ұлттық театрға 
қамқорлық күшейіп, мұның соңы Ұлт театрының өркендеуіне пәрмен
берген 1933 жылдың 8 қыркүйегінде «Ұлттық өнерді дамыту шаралары
туралы» БК(б)П Қазақстан Өлкелік комитетінің әйгілі қаулысының 
шығуына ұласты. Ұлттық театр өнерін кәсібилендіру мақсатында 
Мәскеуден режиссер Я.П.Танеевтің шақырылуы, оның М.Тригердің 
«Сүңгуір қайық» пьесасын қоюы да осы кез. Мұның шапағаты Жүсіпбек-
ке де тигендей. Дәп осы Я.П.Танеевтің қойған спектаклінде Жүсіпбектің 
суға кетіп өлетін матростың рөлін шебер сомдағанын сол ойынды
көзімен көрген театр тарланы Қапан Бадыровтың естелігін куәлікке тар-
та отырып жоғарыда айтып өттік. Сондай-ақ аталмыш қаулыдан соң көп 


82
83
ұзамай драмтеатр жанынан Музыка студиясы құрылып, жұмыс істей 
бастағанын да айтқан едік. Кейіннен Музыкалық театр болып жеке дара 
шаңырақ көтерген өнер ордасының алғашқы солистерінің бірі Жүсіпбек 
Елебек болғанын, оның қазақ өнеріндегі жас саланы, жаңа мамандықты 
жатырқамай игеріп кеткеніне де жоғарыда тоқталып өткендіктен, осы-
мен шектелеміз. Тек Орынбек Беков жөніндегі айтпағымыз мәресіне
жету үшін тағы да біраз деректерімізді қағазға түсіргенді жөн көрдік. 
Сонымен, жоғарыдағы айтып өткен дау-шар, жанжалдардан кейін де 
директорлық орнын сақтап қалған О.Беков бұл қызметін «Халық жауы» 
болып ұсталған 1937 жылға дейін атқарады. Ал шығармашылық жолына 
келсек, О.Бековтің өлеңдері мен әңгімелері мерзімді баспасөз беттерінде, 
«Жаңа әдебиет» журналында жиі жарияланып, жарық көріп тұрыпты.
Оның большевиктік, таптық бағытты ұстанған «Ұлы жолға бір қасық 
қан» (1926 ж.), «Азамат соғысында біз қалай жеңіп шықтық?», «Ауылды 
кеңестендіру деген не?» (1928 ж.) деген шығармалары және «Советбике» 
деген повесінің (1930 ж.) жарық көруі – О.Бековтің социализм идеяла- 
рына адал болғанын аңғартады. Сондай-ақ, ол латын графикасы-
на негізделген қазақ әліпбиін жасауға да өз үлесін қосыпты. Өмірінің 
соңғы жеті жылын еліміздің театр өнерінің өркендеуіне арнаған О.Беков 
Қазақстан жазушыларының бірінші съезінде Мұхтар Әуезовпен бірге
қазақ драматургиясы жөнінде баяндама жасапты. Осылайша қысқа 
ғұмырында қыруар істер атқарып үлгерген Орынбек Беков 1937 жылдың 
20 мамырында ұсталып, көп ұзамай ату жазасына кесіледі. Осы күні 
О.Бековтің ұрпақтары Қарағанды облысының Шет ауданында тұрады
деп естиміз.
Бұл бөлімді осылайша түйіндеуге болар еді. Бірақ, Хабиба әжейдің 
мына бір сөзі осы тараудың қорытындысы болуға сұранып тұрғандай. 
Отызыншы жылдардан бастау алып, небәрі он шақты жылдың ішінде 
қанат жайып, өрлеп кеткен Қазақстанның кәсіби өнерінің дамуы турасын-
да ол кісі мынандай пікір айтты: «Өнер де, әдебиетте бұл кезде қаулап 
өсті. Әсіресе театр өнері айтарлықтай көтерілді. Бір ғажабы, өздері шала 
құрсақ болып жүргеніне қарамай, ел театрға үзбей келуші еді. Студенттер 
өздеріне берілетін 600 грамм нанды аш жүрсе де жемей, біреулерге сатып, 
сол ақшаға театрға билет алатын. Көрермен қауым сол уақытта театрға 
бейне бір киелі, аруақты үйдей қарайтын. Халықтың өздеріне деген осын-
дай ықыласын сезген өнерпаздар қанаттанып кеткендей болды. Бірақ,
осы тұстарда ел ашаршылықты, 37-нің зобалаңын, Ұлы Отан соғысын 
басынан кешіріп жатты. Бірінен соң бірі жалғасқан зұлматты нәубеттер- 
ге қарамастан, Қазақстанда көркем өнер адам айтқысыз шапшаңдықпен 
дамып, өркендеу жолында болды». Бір кем дүние деген осы да. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет