Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е



Pdf көрінісі
бет36/65
Дата23.09.2022
өлшемі15,1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   65
жылы – көрген, замандас болған адамдардың айтуы бойынша – 1850 
жылдардың шамасы. Қайтыс болған жылы – 1880 жылдардың шамасы. 
Мұстафаның дене құрылысы – орта бойлы, ақ құба, ат жақты, келбетті, 
қияпатты адам болған. Мұстафаның әкесі Бүркітбай орташа дәулетті 
адам болған. Мұстафа жасынан өткір, зерек, зейін-пікірлі, ақыл-ойлы 
болып туады. Он-он бес жасынан-ақ өлең жазып, өлең айтып, домбыра 
тартып ән салатын болған. Ақбет деген апасы мен екеуі қосылып, дом-
бырамен ән салғанда, заманында көрген, естіген адамдардың аузының 
суын ағызып, таңырқатып, таңдатқан.
...Мұстафаның өз әкесі Бүркітбай мен Хұсайын Боштайбаласы 
екеуі елді қақ бөліп, партия жасап, болыстыққа таласып, осы сайла-
уда Мұстафа оязной начальникке переводчик болып, Мұстафаның да 
көмегі тиіп, әкесі Бүркітбай болыс болып шығады. Әкесі болыс болды, 
істеген іс орынға келді. Өзі би, өзі болыс, өзі төре, өзі орысша-қазақша 
71
Халық әндері мен халық композиторларының әндері. Антология. – Алматы, 1990. – 
239-б.


128
129
екі жұрттың тілін біліп, аузы, бақыты әрі болса, бір оязға, бері болса, 
бір дуанға жеткен соң, көңілі өсіп-тасып, сайлаудың тақау арты ғана, 
қымыз ішіп, қызып отырып, болыстықтың қуаныш мерекесінің үстінде 
өзінің қайынағасы Тасқара деген балуанмен тіленіп: «Күресемін!» – деп 
болмайды.
Тасқара:
– Қой, күреспейік, – деп үш рет қайырады, болмапты:
– Бүгін әкем Бүркітбай болса да қурайша лақтырамын! – деп, тіленіп, 
болмаған соң, Тасқара амалсыз күреседі. «Алысқанда атаңды жық, аясаң 
қоя бер!» – деген бар емес пе? Шарт-шұрт айқаса, ұстаса кеткенде, 
Тасқара шалып алып, көтеріп тастап жібергенде, Мұстафа сылқ ете 
түседі. Көп кешікпей, жан береді. Көргендер: «Жұлыны үзіліп кетіпті» – 
деген. Артынан бір жылға жетпей әкесі Бүркітбай өледі.
Аңдып жүрген Хұсайын Боштаев сайлауды бекітбей, қайта қуып, 
Бүркітбайдың төрт биін паназор қылып, түсіртіп, келер жылына 
жеткізбей, күл-талқан, ойран-ботқасын шығарып, Хұсайын болыс болып 
шығады. 
Мұстафа мен Бүркітбай өлген соң, қалған мал-дәулет судай ағып, 
ағасы Омар болыстық былай тұрсын, ауылнай да бола алмады, ауылына 
да ие бола алмады. Омар ақырында апиынқор, ішкіш болып, ажалы апи-
ыннан өлді. Мұстафадан – өзіне тартқан бала қалмады»
72
. 
Мәшһүр атамыз Мұстафаның қайғылы жағдайда аяқталған өмірін 
осылайша хатқа түсірген. Осындағы аттары аталған адамдардың түгелі
тарихта болған адамдар. Солардың бірі – Құсайын Боштайұлы (1832- 
1905) ХХ ғасырдың басында қайтыс болған көрінеді. Ал оның немересі 
Мұқыш Жұпарұлы Боштайды (1884-1921) 1918 жылдары Алашорда 
қайрат-керлерінің арасынан көреміз. Осы деректердің өзі Сегіз сері мен
Мұстафа Бүркітбайұлы арасының жер мен көктей алыс екенін көрсетеді. 
Бірақ, өз өтіріктеріне имандай сенетін, оған сенуден еш қысылмайтын
әрі шаршамайтын «сегізсерітанушыларға» мұны қалай ұқтырарсың?!
«Сегізсерітанушылар» ойдан шығарған өтіріктерін әдемілеп бүрке-
мелеу үшін оңды-солды сілтеме жасап отыруды әсте ұмытпайды. Алайда, 
ол сілтемелердің түпнұсқасын сіз ешқандай мұрағаттан, әдебиеттерден 
таба алмайсыз. Сілтеме жасалғандардың көбісі аты ешкімге беймәлім 
ақындар, әншілер; әлдебір алыс елді-мекендерде тұратын, заманында 
баспасөз беттеріне есімдері бір мәрте болса да түспеген кілең бір ақпа-
төкпе жазармандар болып келеді. Десек те, «сегізтанушылар» қазақ өнері 
72
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. Көптомдық. 13 том. – Павлодар, 2003. – 201–
203-б.
мен мәдениетінде аты бар, орны бар ірі тұлғаларға да жүгінуді естен 
шығармайды. Мәселен, баяғыдан халық әні болып келе жатқан «Әйкен-
ай» әнін Сегіз серінікі деп дәлелдеген соң, көрсеткен сілтемесін қарайық:
«Жаяу Мұса «Ер Сегіз» атты өлеңінде:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет