Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е



Pdf көрінісі
бет5/65
Дата23.09.2022
өлшемі15,1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
сЕмЕЙ КЕзЕңі 
1920 жылы мамыр айында Жүсіпбек Семейге келді. Қарға тамыр-
лы қазақ туысқансыз болған ба, Жүсіпбек те Бәкіш деген жамағайын 
туысының үйіне түсті. Адам үмітке сүйенеді, мақсатқа иек артып күн 
кешеді. Жас жүрегі жалын атқан, көкірегі арманға толы Жүсіпбек те 
алдағы күннен үмітті еді. Бірақ күн өткен сайын Жүсіпбектің үміті 
күңгірт тарта бастады. Бөтен қала, танымайтын жер, адасып кетем бе 
деп қорқатын ол, үстіндегі шоқпытты киімдерімен көшеге шығуға және 
қорынатын. Осы бір көңілсіз ауыр күндер туралы: «Бұрын Семейге бар-
сам, жаңалық пен жақсылыққа кенелетіндей көруші едім. Мен ойлаған 
жақсы ойдың бәрі үміт қана екен, ешқандай жаңалық та, жақсылық та 
болған жоқ. Бекер келдім бе деген ой еңсемді көтертпей езе бастады», – 
деп еске алады. Осындай сүреңсіз күндердің бірінде үміт оты жылт ете 
қалғандай болады. Оқиға былайша өрбіпті. Күндердің күнінде Бәкіштің 
көршісінің әйелі босанып, жамағайыны Жүсіпбекті шілдеханаға ертіп ба-
рады. Жүсекең той иесінің аты-жөнін, оның кім екені турасында ештеңе 
айтпаған. Бірақ, шілдеханаға аттары Семейге белгілі Ахмет Әуезов, 
Кенжебек Құлғарин, Калиакбар Төребаев, Абзал Жиенғалиев, Шынжы 
Берімбаев сынды қазақ зиялыларының қатысуы той иесінің тым жайдақ 
адам болмағанын байқатады. (Ескерту: Жүсекең естелігінде Абзалдың фа-
милиясы Жанғалиев, Калиакбардыкі Төлебаев болып жазылған. Бірақ аты 
аталған адамдардың замандасы болған жазушы Мұқатай Тоқжігітовтің 
«Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде 1982 жылы 10 наурызда 
жарық көрген «Ән қанатындағы өмір» мақаласындағы түзетулерге сәйкес 
Төребаев және Жиенғалиев деп өзгерттім. Себебі жазушы М.Тоқжігітов, 
К.Төребаев және А.Жиенғалиевтермен аралас-құралас, бірін-бірі жақсы 
таныған адамдар болған екен. – Е.Т.). Енді шілдеханадағы ахуалды 
Жүсіпбектің өз көзімен көрейік: «Үйге кірдім. Үй толы қыз, келіншек, 
жігіттер. Төр жақта басқалардан киімдері де, өздері де бөлек бір ересек 
жігіттер отыр. Бұтында сымпиған шалбар, қынама бешпент, бешпенттің 
омырау қалтасынан сағаттың алтын бауы шығып тұр. Мен Бәкіш айтқан 
қаратаяқтар осылар екенін сұрамай-ақ білдім. Ептеп келіп төменгі жаққа 
орналастым. Ешкім елейтін емес. Мен келгенде қыз-жігіт кезектесіп, 
гармонға қосылып татардың жырын жырлап жатыр екен. Ол кезде татардың 
әнін айтып, жырын жырлау әдетке айналып кеткен болатын»
13

13
 Хабиба Елебекова. Ән – аманат. – Алматы, 1989. – 42–43-б.
Бұл жерде Жүсекең шілдехана қазақтыкі болғанымен, ондағы шырқа-
лып жатқан ән мен жырлар татардыкі екенін меңзеп отыр. Қырдан жаңа 
ғана келген оған қалың қазақтың жабылып татар жырын жырлап жатқаны 
ерсі көрінген сияқты. Жүсекең айтса айтқандай, ХІХ ғасырдың аяғы мен 
ХХ ғасырдың басындағы орын алған мәдени-рухани құбылыстарға қарап, 
қазақ даласында татар мәдениетінің ықпалының күшейе түскенін көреміз. 
Оған бір себеп болған патшалық Ресейдің отаршылдық саясаты еді. Патша 
шенеуніктері көшпелі халықты түрлі қитұрқы амал-айла тәсілдер арқылы 
бұғауда ұстау әрекеттерінің бірі ретінде татар молдаларын қазақ даласына 
көптеп жіберіп, асау халықты діни уағыздар арқылы жуасытуға, қадимшіл 
бағыт ұстанған дүмше молдалар арқылы қазақ жастарының санасын 
улауға, сөйтіп, қазақ халқын қараңғылық түнегіне батыруға, сол арқылы 
ұлттық негізінен ажыраған, наданданған тобырды емін-еркін билеп-
төстей келе, ақыр соңында көшпенді халықты жер бетінен жойып жіберу 
мақсатын мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі етіп ұстанды. 
Осындай миссионерлердің ішінде қазақтың мал-жанын қаттап, шоттаумен 
айналысып, патша үкіметінің мүддесі үшін тыңшылық әрекеттер жасай-
тын саудагер-жансыздар да болды. Мұндай қауіпті үрдіс Орта Азияның 
сол кездегі бытыраңқы мемлекеттері – Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары 
тарапынан да жүріп жатты. Ұлтқа төнген мұндай қауіпті алдымен көрген, 
сезген Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп 
және т.б. ойшыл, дана тұлғаларымыз бұл сұмдықтарға қаймықпай қарсы 
шығып, батыл әшкерледі. Мәселен, Мәшһүр Жүсіп: «Қарындары палауға 
тойған, милары нашаға кепкен сарт-сауанның дүмше молдалары санасы 
аппақ қағаздай қазақтың балаларын улап жатыр», – деп жазды. Десек те 
«бір жамандықтың бір жақсылығы болады» емес пе, қанша айтқанмен 
мұсылман халық, оның үстіне тіл мен сүйек жақындығы бар татарлардың 
қазаққа жақындасуының көптеген пайдалы жақтарының болғандығын
айтпай кетпеуге болмайды. Атап айтсақ, сол кездегі ісләм діні мен мәде-
ниетін прогрессивті бағытқа қарай бұрып, түркі мұсылман халықтары-
ның ой-санасын рухани ағартушылық жолы арқылы сауықтырып, 
ғылым-біліммен бірнеше ғасыр бойы жанқиярлықпен қарулану 
арқасында дүниежүзілік үстемдікке ие болып отырған Еуропаның озық 
елдерімен теңестіруді көздеген, арман еткен татар халықтарынан шыққан
Ш.Маржани, И.Гаспиринский және т.б. ағартушылар ісләм әлеміндегі 
жаңа бағыт – жәдитшіліктің негізін қалады. Бұл жөнінен Абай мен
Мәшһүр Жүсіпке ұстаз болған Ш.Маржанидің шәкірті Камереддин 
қазіретті айтсақ та жеткілікті. Міне, осы жәдитшілік бағыттағы молда-
лар қазақтың рухани-діни санасының оянуына, ағаруына оң ықпал етті. 


28
29
Сондай-ақ, сол кездегі әскери қызмет ережесі бойынша орыс армиясы-
на 25 жыл солдат болып өмір өксітуден қашқан көптеген татар жігіттері 
қырдағы қазақ ауылдарын паналап, ит жеккенге айдалу сияқты ауыр жа-
залардан аман қалды. Осындай қашқын татарлардың көбісі қазаққа сіңіп 
те кетті. Көпестікті кәсіп етіп, сауда-саттық қамымен жәрмеңкелерді 
жағалаған көптеген татарлар ХVІІІ ғасырдан бастап, Сібір шебіне салына 
бастаған қамал бекіністерге көптеп қоныс тебумен болды. ХІХ ғасырдың 
екінші жартысынан бастап, күрт көбейе түскен татар қандастарымыз осы-
лайша қазақтың рухани-мәдени кеңістігіне де әсерін тигізе бастады. Тіпті 
Қызылжар, Семей, Павлодар, Ақмола сияқты татарлар көп қоныстанған 
қалаларда сырнай мен гармон қазақтың домбырасын ығыстыруға көшті. 
Сол кездегі қазақтың көптеген атақты әншілері домбыра мен гармонды 
қатар меңгеріп, тіпті кейбір әншілер сырнаймен татар әндерін құйқылжыта 
шырқайтын болды. Бір сөзбен айтқанда, қазақтың той жиыны татар әнісіз, 
татар гармонынсыз өтпейтін жағдайға жетіп қалды. Жүсіпбек барған 
алғаш шілдеханадан әншінің көргені осы жағдай еді. 
Татар әндері толас тапқан бір шақта Бәкіш жамағайыны Жүсіпбекті 
жұртқа таныстырып, оның атақты әнші Жақыпбектің інісі екенін айтып, 
жиылғандарға бұның әнін тыңдап көруге өтініш айтады. Ел жұрт болса:
«– Солай ма? Жақыпбектің інісі де. Айтсын ендеше, айтсын, – десіп 
жатыр. Кейбір есерсоқ жігіттер менің түріме қарап, езуіне мысқыл күлкі 
үйірді. Үй ішіндегілердің бірі аяп, бірі мазақтап, енді бірі қуат бергендей 
көрінді, олардың қадалған көздерінен соны ұққандаймын. Енді бір сәт, 
Жақаң менің қандай әнді айтқанымды жақсы көруші еді деген ой келді. 
Домбырамды күйлеп, «Ғалия» әнін шырқай жөнелдім. Екі ауызын айтып, 
әнді бітіріп едім.
– Тағы да, тағы да! – деген сұраулар көбейді. Бірнеше ән айттым. Ән 
бітті. Жаңағы қызметкерлердің біреуі:
– Жүсіпбек шырағым, жоғарылау отыр, – деп маған төрден орын бергізді. 
Жаңа орынға отырып жайласқан соң, қобалжыған жүрек орнына түсе 
бастады. Шілдехана өте қызықты өтті. Семейге келгелі көңілімнің селт 
етіп, көтерілгені осы кеш еді.» 
Семейде көрсеткен алғашқы өнері Жүсіпбекке құт болып қонды. 
Ертеңіне-ақ оны Ахмет Әуезов бастаған, Кенжебек Құлғарин қостаған 
Семейдің бірнеше зиялысы жатқан үйіне іздеп келіп, қазақ оқығандары
мен өнерпаздарының бас қосысатын жері – «Ес – Аймақ» үйірмесіне 
қатысып, өнер көрсетуге қолқа салады. «Іздегенге – сұраған» демекші, 
Жүсіпбек ойланбастан қамқор ағаларының соңынан еріп жүре береді: «Біз 
төртеуміз келе жатырмыз. Жол базардың үстімен өтеді екен. Біз магазин-
нің жанынан өте бергенде, Қалиакпар кілт тоқтай қалды. 
– Ау, жігіттер, Жүсіпбек кешке мына түрімен сахнаға қалай шығады? 
Ел алдына әнші шығады емес пе? 
Ахмет пен Кенжебек екеуі маған қарап кідіріп, маған қарап тұрып 
қалды. Менің үстімдегі киімді жаңа байқаған сияқты.
– Еске жақсы салдың. Қазір мына дүкенге кіріп, киім алып берейік. 
Тіпті, мына күйімен басқа жолдастарға да көрсетіп, таныстыру ыңғайсыз 
болар. 
Үшеуі магазинге кіріп, біраздан соң сатып алған киімдерін алып қайта 
шықты. Мені бір кішкене дүкеннің артына апарып:
– Ал, Жүсіпбек, үстіңдегіні түгел таста да, мына киімдерді киіп ал! –
деді.
Мен не қыларымды білмей сасқалақтап, әрқайсысына бір қараймын. 
– Ұялма, біз алдыңда қалқалап тұрамыз – деді де үшеуі қатарласып тұра 
қалды. Мен тез шешініп, жаңа киімдерді киіп алдым. Енді үшеуі маған 
қарап, сүйсіне жымыңдайды. Жанарларынан ағалық қамқорлық сезімі 
байқалады. «Адам жылқы мінезді» деген рас қой. Жаңа киім киген соң 
өзімнің де көңілім өсіп, лезде өлі жүнін тастаған жабағыдай жұтынып 
шыға келдім. Ескі киімімді бүктеп қолтығыма қысып алдым. 
– Жүсіпбек, қайтесің оны. Алуға тұратын ештеңесі жоқ қой. Сол
жерге қойып кет, – деді де алға жүріп кетті.
Мен қыбыжықтап, тастағым келмей, киімдеріме қарап қоям. Ескі де 
болса, көптен бері үстімнен түспеген киімдерімді аяймын. Қиналсам да 
тастауға тура келді. Біраз жерге дейін артыма жалтақтап қараумен бол-
дым. Сұрықсыз ескі өмірімнің ең соңғы белгісіндей тастаған жерде қала 
берді»
14
. 
Өнер ықылас пен қамқорлықты тілейді. Бабаларымыздың «Бұлақ 
көрсең, көзін аш» дегенінен өнерпаз өнерін өрісті ету ниеті аңғарылады. 
Бұл жағынан, Жүсіпбек, бақытты әнші. Ағасы Жақыпбек ән әлемін 
ашқызып, Мәди айтқандай, «Балапанын қияда баулыған қырандай» 
қарақанат күнінен өнерпаздық жолға жетеледі. Енді, міне, кешегі Әлихан 
Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсыновтың соңына ерген Алашорда жаста-
ры Мұхтар Әуезовтің ағасы Ахмет Әуезов пен Кенжебек Құлғарин сын-
ды қазақтың оқыған зиялылары үлкен сахнаға ынталандырып, өнердегі 
жолын ашып, көмек қолдарын шын ықыластарымен созысты. Жоғарыда 
аттары аталған қамқор ағаларының қолдауымен Жүсіпбек тұңғыш рет
Луначарский атындағы клубта қойылған үлкен концертке қатысады.
14
 
Бұл да сонда – 44-б.


30
31
«– Қазір сіздерге жас бала, әнші Жүсіпбек Елебекұлы Балуан Шолақ-
тың әні «Ғалияны» орындап береді, – деп хабарлады. 
Мен елден көргенімді істеп, басымды иіп амандасқан болдым. 
Сахнадағы орындыққа отырғанымда аяғым жерге тимей қойды. Аяғымның 
астына қарасам еден аяғымнан қашықтау екен. Мен аяғыммен еденді 
іздегенімде залда отырған ел ду күлді, сасқалақтап қысылып қалдым. 
Жасым он алтыда болғанымен, бойым шаршылау еді. «Ғалияны» бастап 
кеттім. Тым жоғары көтеріп кеткен болуым керек, оның үстіне бала дау-
сым ащы. Ғалияның алғашқы көтермесінде, алдыңғы қатарда отырғандар 
құлақтарын баса қалды. Мен бұлары қалай, әлде менің әнімді естігілері 
келмегені ме деп ойлап қалдым. Бірақ ән біткен соң халықтың дуылдай 
қол соққаны ол сезігімді жойып жіберді. 
Сонымен, сол жылы маусымның бас кезінде Луначарский атындағы 
клубта бірінші рет сахнаға шығып ән салдым. Менің сахналық өмірім
осылай басталды»
15
.
Осылайша Жүсіпбек тұңғыш рет сахна дәмін татты. Ұлы әншінің 57 
жылға созылған үлкен өнерпаздық жолы осылай басталды. «Ес – Аймақ» 
үйірмесі сол кездегі көптеген ел өнерпаздарының бас қосқан жері еді. 
Әміренің дабысы күшейіп, атағы алыстан естіліп жатқан. Керекуден 
Исаның келіп, Семей халқын таң-тамаша қалдырғаны да осы жылдар-
да болған оқиға. Жүсіпбектің бағына Абайдың әншісі Әлмағанбет бұл 
күндері тірі еді. «Ес – Аймақтағы» алғашқы күні-ақ оған Әлмағанбетпен 
кездесудің сәті түсті. Кейін Жүсекең бұл таныстықты былайша еске алады: 
«Әлмағанбет орта бойлыдан аласалау, кішірек қой көзді, қыр мұрынды, 
жіңішке мұрты бар өте сыпайы, кішіпейіл кісі екен. Үстіндегі киген киімі
де қарапайым ғана. Қара мәлескеннен тігілген бешпент шалбар. Шал-
барының балағын етігінің сыртынан салған. Жасы алпысқа жетеқабыл
ма деп ойладым. (Жүсекең Әлмағанбеттің жас шамасынан сәл қателес-
кен. 1870 жылы туған Әлмағанбет әнші, Жүсекең көрген жылы ердің
жасы 50-де еді. – Е.Т.). Мен бірінші концертке шыққан күні қасыма келіп:
– Шырағым, бағың ашылсын. Әнші болғалы тұр екенсің. Мен саған 
Абай ағаңның әндерін үйретейін. Ертең сәскеде осында келе ғой, – деді. 
Қатты қуандым. Әнші болам деп тұрған жасқа Абай әндерін ұлы ақынның 
өз аузынан естіген адам үйретем деп тұрса қалай қуанбасқа? Қуаныштан, 
тіпті, ойнақтап секіріп кеттім. Әлмағанбет менің мінезіме мәз болып күліп:
– Жарайсың, балам! Талабың, түсінігің маған ұнайды. Мен де өз 
білгенімді сенен аямаспын, – деді. Ертеңіне келісілген уақыттан ертерек 
келдім. Әлекең де көп күттірген жоқ. 
15
 
Бұл да сонда – 45-б.
– Жүсіпбек, мен сені Абай атаңның досы Бекбай ақсақалдың үйіне
апарып, сол кісіге әніңді естірткім келіп тұр. Абай тірі кезінде Семей-
ге келіп жүргенде осы Бекеңнің үйіне ғана түсуші еді. Абай аттаған 
шаңырақтан сен де атта! Абайдың шарапаты тиіп, мүмкін, еліңнің сүйікті 
азаматы боларсың.
– Жүр кеттік, – деді де мені ерте жөнелді»
16
.
Жүсіпбек Бекбайдың алдында, ішінде «Жиырма бес» бар, үш ән ай-
тады. Жүсіпбектің әнін тыңдап болған соң Бекбай сөз бастайды. Әңгіме 
Жүсіпбектің ағасы Жақыпбек әнші жайлы болған соң, Бекбайдың сөзін 
түгел келтірейік:
– Бұрын бар байлық, бақыт мал арқылы ғана келсе, қазіргі сендердің 
байлықтарың мал емес, бойыңдағы өнерің арқылы келеді. Ендеше, сол 
өнерді сақтай біл, қадірлей біл. Сонда ғана көздеген мұратыңа жетесің. 
Мен Жақыпбекті көп тыңдадым. Оның айтқан әрбір әнінен елінің зарын, 
мұңын, қуанышын, шаттығын естігендей болушы едім. Сондай елінің 
өмірімен бірге жасасқандай жалынды боздақ қайтыс болды деп естігенде 
гүлдеп тұрған бәйтеректі сұрапыл қара дауыл түбірімен жоқ қылғандай 
толғандырып еді. Бірақ бәйтерек құлағанымен, тамырынан бір тал жас 
шыбық қалған екен. Көгере бер! Бұтағың жайыла берсін! Жолың болсын, 
балам! – деп, маған батасын берді»
17

Бекбайдың Жүсіпбекке айтқан бұл сөздерінен Жақыпбектің тек Қу –
Қарқаралы ғана емес, Семей еліне де аты жеткен әнші болғанын аңғарамыз. 
«Жақыпбекті көп тыңдадым» дегеніне қарағанда Бекбай оның өнерінен 
мол хабардар адам сияқты. Жақыпбектің 1914 жылы өз елі – Сарытау бо-
лысында өткен Байбөрі Божақанның асына қатыспай, Семейге жол жүріп 
кетуі – әнші есімінің Семейге мәшһүр болуымен байланысты емес пе 
екен? Мүмкін, Жақыпбекті дәл осы уақытта Семейдің ықпалды бір ада-
мы «Мәжілісі жандаралдың болады деп» (Біржан сал) қолқалап шақыр- 
тып алған шығар. Бұл жөнінде ешбір дерек, айғақ ұшырата алмаған-
дықтан, жорамалдаудан басқа амалымыз жоқ. 
Сөйтіп, осы күннен бастап, Жүсіпбек Абай әндеріне ден қояды. Ол 
Әлмағанбеттен жиын саны 11 ән үйренеді. Қазіргі кезде де Абайдың ел 
ішіне кең тараған 11 әні барын ескерсек, Жүсіпбектің бұл үйренгендері 
ұлы ақынның біздің заманымызға жеткен туындыларының түгелге 
жуығы деуге болады. Жалпы, Абайдың осы уақытқа дейін 27 әні жина-
лып, зерттеліп, қатталып нотаға түсірілген. Ал әртүрлі нұсқаларының ба-
16
Бұл да сонда – 46-б.
17
Бұл да сонда.


32
33
сын қосса, ұлы ақынның нотаға түсірілген шығармаларының ұзын саны 
қырыққа жетіп жығылады. Осылайша Жүсіпбек Әлмағанбеттің өз аузы-
нан Абайдың «Сегіз аяқ», «Бойы бұлғаң», «Көзімнің қарасы», «Айттым 
сәлем, Қаламқас», «Татьянаның әні», «Ата-анаға көз қуаныш», «Қараңғы 
түнде тау қалғып», «Қарашада өмір тұр», «Мен көрдім ұзын қайың 
құлағанын», «Қор болды жаным», «Желсіз түнде жарық ай» атты әндерін 
үйреніп алып қалды. Олай дейтін себебіміз, аталмыш әндердің барлығы 
дерлік біздің заманымызға Жүсіпбектің орындауында жетті және әйгілі 
әнші жеткізген ақын шығармалары Абай әндерінің канондық нұсқалары 
болып саналады. Біздің бұл пікірімізге қазақтың тұңғыш кәсіби музыка 
зерттеушісі Ахмет Жұбановтың Жүсіпбек жайлы көлемді мақаласында 
айтқан мына пікірі дәлел: «Жүсіпбектің аса жақсы көріп және үлкен 
шеберлікпен орындайтындарының бірі – Абай әндері. Ол Абайдың «Сегіз 
аяқ», «Қор болды жаным», «Көзімнің қарасы», «Бойы бұлғаң», «Айттым 
сәлем, Қаламқас» сияқты әндерін ешбір әншінің әуеніне келмейтіндей етіп 
орындайды. Жүсіпбектің орындауында Абай әндері лирикалық биіктікке 
көтеріліп, сөздерінің мәнімен қосылады. Қазақтың поэзиясын жаны 
жақсы түсінетін Жүсіпбек, Абай әндерін орындауда олардың сөзі мен 
музыкасының қабысуына бар күшін салады»
18
Бұдан артық қандай баға 
керек! 
Әлмағанбет Жүсіпбекке ән үйретіп қана қоймайды. Жас өнерпаздың 
елгезектігін, зеректігін, әнге алымдылығын аңғарған саңлақ әнші 
Жүсіпбекке Абайдың кітабын сыйлап, оған ұлы ақын өлеңдерінің тереңіне 
бойлай білу турасында кеңес береді. 
Жүсіпбек бала жасынан Абай өлеңдерімен таныс болатын. Ол уақытта
ел ішінде Абай кітаптары қат және өте құнды еді. Мәселен, Жүсіпбек 
дүниеге келген Сарытау болысында Абай өлеңдерінің жинағы бір-екі-ақ 
адамда болыпты. Оның бірі әншінің аталас туысы, ауылдасы Шыбынтай-
дың Рымбегінде екен. Рымбек палуан бұл кітапты бір жолы жолаушылап 
келе жатып, астындағы жалғыз атын түсіп беріп, айырбастап алған көрі-
неді. Осы деректен-ақ Абай кітабының қыр еліндегі даңқы мен құнын
шамалай беріңіз. Рымбек палуанның астындағы жалғыз атына айырбас-
тап алған осы кітап Жүсіпбекті Абай өлеңдерімен қауыштырды, болашақ
әншінің данышпан ақынды ерте танып, біліп өсуіне ықпал етті. Ал 
Әлмағанбеттің жас әншіге жасаған қамқорлығы Жүсіпбекті Абай әлеміне 
қолынан жетектеп кіргізгендей әрекет еді. Жүсіпбек Әлмағанбеттің 
бұл еңбегін асыра ақтады деп нық сеніммен айта аламыз. Оның дәлелі 
18
А.Жұбанов. Замана бұлбұлдары. Алматы, 2001. – 352-б.
жоғарыда айтып өткен Жүсіпбектің орындауында жеткен Абай әндерінің 
канондық нұсқалары дер едік. Сөйтіп, бар саналы ғұмырын ұлы ақын 
әндерін насихаттауға арнаған, Абай мен Жүсіпбектің арасына доғадай 
иіліп, рухани көпір болған аяулы әнші 1932 жылы 62 жасында дүниеден 
өтті. Құдай рахмет қылсын, Әлмағанбет Қапсәлемұлына!
«Ес – Аймақ» үйірмесі Жүсіпбектің әншілік әлемін кеңейтіп, талан-
тына дес берді. Жас өнерпаз бала бүркіт секілді. Құсбегілердің айтуын-
ша, кейде баршын тартқан бүркіттер түлкіге түсерде бір-екі рет сәтсіз 
шүйілсе, қайтып ұмтылмай, қыр тағысын жөніне жіберетін көрінеді. 
Ал бала бүркіт болса, түлкіге аянбай қайта-қайта түсе беруден танбай-
ды екен. Мінеки, жас қыран Жүсіпбек те «Ес – Аймақта» өнер көрсетер 
әр сәтін шыдамсыздықпен, тағатсыздана тосатын. Халықтың дуылдай 
қол соғып, қошемет көрсеткені оны қанаттандыра, арқаландыра түсетін. 
Сөйтіп жүргенде Семейде оба ауруы басталып, Елебектей қамқор әкенің 
тез арада көлік жіберуінің арқасында Жүсіпбек індет жайлаған қаланы
тастап шығып, қатерлі аурудан дер кезінде бас сауғалап құтылғандай бол-
ды. Жаздың басы, аптап ыстық бастала еліне кеткен ол ауылдан күзге
салым бір-ақ қайтты. Келе салып, өзінің бауыр басып қалған «Ес – 
Аймағына» тартты. Семейде болған аз уақыт ішінде оған Әмірені көрудің 
сәті түспеп еді. Әміре ол кезде ел ішін аралап кеткен болатын. Енді, міне, 
Әміре Семейге оралыпты. Сәті түскенде Жүсіпбек келген күні атақты әнші 
концертке шығайын деп жатыр екен. Сондағы Әміренің сахнаға шығып 
ән салғаны Жүсіпбектің есінде мәңгі қалды. «Сахнаға орта бойлы, кең 
маңдайлы, үлкен тұнық көзді, ақ сұр жігіт шықты. Халыққа ибамен бас 
иіп, гармонын қолына ала құлаштай бір-екі қайырды да, «Көк көбелек» 
әнінің алдыңғы көтермесін шырқай жөнелді. Алдыңғы көтерменің жетіп 
тоқтайтын жерінде қозғалмай, бір ноқатта тұрып алды. Мұндай тынысы 
кең, дем алмайтын үнді бірінші рет естуім. Үнінің тазалығы тау бұлағындай 
кіршіксіз мөлдір. Ә, деп шырқай жөнелгенде-ақ, бүкіл тыңдаушы қауымды 
уысына қысып алғандай, барлығы тым-тырыс, дем алмай қатып қалған. 
Үнінің әсемдігі бойыңды шымырлата, жан дүниеңді қозғап, тамыр-
тамырыңды аралағандай әсер пайда болады. Енді сол қырандай қалықтап 
тұрған ән қанаты төмендей зулады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет