Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е



Pdf көрінісі
бет7/65
Дата23.09.2022
өлшемі15,1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   65
қалқам Жүсіпбек!
Жүсеш-ау, адам бар ма өлмейтұғын,
Ажалдың жаны бар ма жеңбейтұғын.
Ақылдаспай туғызып және өлтіріп,
Жүрекке шоқ тастайды сөнбейтұғын.
Өлімнен бір нәрсе бар мықты бірақ,
Сары уайым қайғыға салма құлақ.
Үмітің, келешегің әлі алдыңда,
Жарығын жоғалтпайды жанған шырақ.
 Тумасаң көрер ме едің мұның бәрін,
Жалғыз Еркін деме сен жанның нәрін.
Өліп-өліп өлімнің сарқыттары,
Талайдың күлкі қылған қайғы-зарын.
23
Қанабек Байсейітов. Құштар көңіл. – Алматы, 2004. 187-б.
 Жанды ауыртар сезімің алып ұшар,
Жүрегіңмен қолқаңды бірдей құшар.
Ерік беріп билейтін ессіз ойға,
Өзіңді-өзің қасіретке қылма душар.
Ағаң Иса.
03.11.41 ж.
Осы еңбегімді жазу барысында Хабиба шешеймен көп әңгімелестім. 
Бір кереметі, жасы тоқсан жетіден асса да, қарт кейуана өткен күндер 
әңгімелерін еске түсіре сөйлегенде еш мүдірмейді. Баласы Еркін өлгенде 
Исаның келіп көңіл айтқан сәтін күні кеше ғана болғандай әңгімелейді. 
Жоғарыда келтірген Исаның көңіл айту өлеңін де жатқа айтады. Солардың 
ішінде қарияның Иса туралы айтқан мына бір әңгімесі ешкімді бей-жай 
қалдырмасы анық: «Иса ел ішінде өнер сапарларымен көп жүрді. Се-
мейде тұрған жылдары ауру әйелін бақты. Бірақ әйелі Шәрбәнудің ау-
руы асқынып, 1937 жылы өкпе тубуркулезінен қайтыс болған соң Иса 
Алматыға көшіп келді. Балаларына қарайтын адам болмағандықтан қызы 
Мәкен (Мақпуза) мен ұлы Ертісті интернатқа өткізді. Өзі тынымсыз ел 
аралап концерт қойды. Ондағы ойы гастрольдік концерттерінен түскен 
қаржысына ұшақ жасатып, кеңес армиясына сыйлау еді. 1943 жылы Иса 
бір миллион сом ақша жинап, жиған қаржысына соғыс ұшағын жасатып, 
оны кеңес әскеріне тарту етті. Бірақ екі баласы интернатқа жалаң аяқ ба-
рып жүрді».
Ол кезде патриотизмнің асқан үлгісі деп мадақталып, «Бәрі де май-
дан үшін» деген ұранға сыйғызылған Иса ақынның осынау жанқиярлық 
ісін қазіргі күні не деп бағалауға болады? Расында, Иса ақын Отан 
алдындағы азаматтық борышын осылайша өтегісі келген шығар. Бірақ 
шешесіз жетімдердің Алматы көшелерінде жалаң аяқ жүргендігін немен 
түсіндіруге болады? Жазушы Шерхан ағамыз айтпақшы: «бұл да бір кем
дүние». Ақыры кезекті гастрольдік сапарының бірінде Қызылқұм дала-
сында адасып кетіп, екі күнгі қарлы боранда далада түнеуге мәжбүр болған 
Иса ақын қос өкпесін суыққа алдыртты. Онсыз да дімкәс ақын осыдан 
кейін аурухана төсегіне біржола таңылып жатып, өмірден өтті. 
Жиырмасыншы жылдардың басында Семейдегі қазақ зиялыларының 
«Ес – Аймақ» ұйымы большевиктердің тым күшейіп, бел алып кетуіне 
байланысты өз жұмысын тоқтатады. «Ақ қашып, қызыл қуған»,
Алашорда көсемдерінің басына бұлт үйіріле бастаған алмағайып ке- 
зеңде Жүсіпбек те әншіліктен қол үзуге мәжбүр болады. Жалпы,
Жүсіпбектің 1923–1931 жылдар аралығындағы өмірінің көп беттері 
күңгірт. Сондықтан осы жылдардағы Ж.Елебеков өмірінің белгісіздеу 


42
43
тұстарын айқындау мақсатында отызыншы жылдары әншінің өзі 
жаздырған өмірбаянына жүгінгенді жөн көрдік. Ж.Елебековтің отбасылық 
мұрағатында әнші өмірбаянының екі нұсқасы сақталған. Бірі – 1936 
жылдың 22 қарашасында жазылса, екіншісі 1939 жылдың 20 наурызын-
да хатқа түскен. Екі өмірбаянның бір-бірінен елеулі айырмашылықта- 
рының барлығына байланысты және қос нұсқаның да деректік құнды- 
лығын ескере отырып, бұл құжаттарды толықтай назарларыңызға ұсын-
бақпыз. Орыс тілінде машинкаға басылған өмірбаян беттерін қазақшаға 
аудармай, қаз-қалпында бергенді жөн көрдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет