Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е



Pdf көрінісі
бет15/65
Дата23.09.2022
өлшемі15,1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65
Әуелде бас қосқаным Жағалбайлы,
Жылқысын көптігінен баға алмайды.
Өлгені Төлегеннің рас болса, 
Құдайым Қыз Жібекті неге алмайды? – 
деп зарлай жылап, барлығымызды кезек-кезек құшақтай жүріп қоштас- 
қан соң, жартастан секіріп суға құлайды. Сол кезде барлығымыз
«Гәккуді», шын мәнінде, жылап тұрып айтып спектакльді аяқтадық. Сах-
на пердесі жайымен сырғып келіп жабылып, сәлден кейін қайта ашыл-
ды. Бірақ көрермен жақтан тыпыр еткен пенде болсайшы. Ешкім қол
соқпайды. Жаман ойға қиял деген қандай жүйрік! Ойынымыз ұнамады, 
құрыдық деп ойладық. Сөйткенше болған жоқ, сатырлаған шапалақ үні
32
Қанабек Байсейітов. Құштар көңіл. – Алматы, 2004. – 126-б.


72
73
Үлкен театрды дүр сілкіндірді. Мәскеу көрермені ұзақ ду қол шапақтап 
тұрып алды», – деп еске алады Хабиба әжей. Ж.Елебековтің отбасылық 
мұрағатында Кремльдің үлкен сарайында Сталин мен Калинин бастаған 
мемлекет басшыларының қатысуымен өткен банкеттің шақыру билеті 
сақталған. Ж.Елебековтің орны №18, Х.Елебекованың орны №19. «Төрде 
үкімет адамдарына тақау Сәкен Сейфуллин, әртістерден Күләш пен
Елубай Өмірзақов ағамыз ғана отырды. Жүсекең екеуміздің отырған ор-
нымыз да Үкімет басшыларынан аса алыс болмай шықты. Бұл бізге 
Сталиннің бет-жүзін, түр-сипатын анық көруімізге мүмкіндік берді. Бізді 
таң қалдырғаны – Сталиннің киімі болды. Үстінде кәдімгі көнетоздау сұр 
гимнастерка. Аяғында көнелеу көкшіл етік. Оның өзі брезенттен тіктіріп 
киіп алғандай әсер береді. Біздің қатарымызда бір кісіден соң Жамбыл 
атамыздың отырғаны есімде», – деп еске алады бұл күнде Хабиба әжей. 
Онкүндік күндерінің бірінде Қалибек, Жүсіпбек және Хабиба үшеуі 
Мәскеуде тұратын жерлестері, мемлекет және қоғам қайраткері Нығмет 
Нұрмақовқа барып сәлем берді. Сол жылы 41 жасқа аяқ басқан Нығмет 
Нұрмақов Бүкілресейлік Орталық Атқару комитеті хатшысының орынба-
сары және аталмыш Комитет президумының ұлттар бөлімінің меңгеру-
шісі болып қызмет ететін. «Әйелі Зүфін мен (Зүфін белгілі қазақ меце-
наты Ақайдың Хасенінің ағасы – Ыбырайдың қызы – Е.Т.) балалары 
Мәскеу түбіндегі дачасында демалыста екен, – дейді Хабиба әжей, – есікті 
Нұрмақовтың өзі ашты. Мінезі салмақты, сыпайы кісі екен. Келген бет-
те Қалибек пен Жүсіпбек үшеуі шүйіркелесіп әңгімелесіп кетті. Нығмет 
көбінесе елдің жағдайын шұқшия сұраумен болды. Қойған шайын өз 
қолымен құйып беріп отырды. Жүсекең құлағыма «шайды сен құй» деп 
сыбырлады. Бірақ мен шай құюға батылым бармай, өзімше әдеп сақтап 
отырдым». Бұл Нығметтің өз ауылдастарымен соңғы кездесуі еді. Келесі 
жылы қуғын-сүргін тырнағына іліккен есіл азамат «халық жауы» ретінде 
жазықсыз, нақақ атылып кетті.
Қазақ өнері мен мәдениеті онкүндігінің Мәскеу төрінде зор табыспен 
дүркіреп өтуі – осы шара төңірегінде жүрген Қазақ үкіметі басшыларын
да бір серпілтіп тастады. Ораз Исаев, Темірбек Жүргеновтер өнерпаз-
дармен бірге шаттанып, қоса қуанысты. Өнерпаздарға деген ризашы- 
лықтың бір белгісі ретінде бірден әртістердің екі айлық еңбекақысы
беріліп, оларға арнайы дүкен ашылды. «Сол дүкеннен үстімізге қонымды, 
жарасымды киімдер таңдап, заман ағымына сай талғаммен киініп 
шығуымызға Сәкен Сейфуллин ағамыз сеп болды. Әсіресе ол Шәкен Ай-
манов бастаған жастар жағын, соның ішінде мен де бармын, дүкеннен 
өз қолымен киіндіріп шығарып еді» – дейді Хабиба әжей. Соның айғағы 
ретінде Хабиба әжей бізге бірнеше сарғайған фотоларды көрсетті. Су-
реттерден бекзададай сәнді киінген Шәкен Айманов, мойындарына нәзік 
талғаммен жұқа матадан жеңіл орамал тартқан жас арулар – Хабиба мен 
Сәбира (Майқанова) жымияды. (Бұл суреттер кітаптың қосымшасында 
беріліп отыр. – Е.Т.).
Мәскеуден Қазақстанның өнер шеберлері олжалы қайтты. 24 жастағы 
Күләш Байсейітованың Кеңес Одағының Халық әртісі атағын иеленуі 
осының айғағы еді. Дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллин, қарт ақын
Жамбыл Жабаев, Халық ағарту коммисары Темірбек Жүргенов, ак-
терлер: Құрманбек Жандарбеков, Елубай Өмірзақов және Күләш
Байсейітова – жиын саны алты адам Еңбек Қызыл Ту орденімен
марапатталды. Ал Е.Брусиловский, Қ.Қуанышбаев, Қ.Байсейітов, Ү.Тұрды-
құлова, Ш.Жиенқұлова, Елубай Өмірзақов, М.Ержанов сынды өнер- 
паздар «Құрмет белгісі» орденімен сияпатталды. Бұл қазақ зиялыла- 
рының, Қазақ Үкіметі басшыларының соңғы бой жазу сапарлары еді.
Алда оларды атақты «отыз жетінің» жантүршігерлік жазалау науқаны 
күтіп тұрған-ды. 
Сөйтіп, қанқұйлы 1937 жыл басталды. Осыдан бір жыл ғана бұрын 
орталарында жарқылдап жүрген жайсаңдар мен жақсылар түрмелерге 
тоғытылып, абақтының азабы мен тозағын, қала берді, тергеуші 
жендеттердің мазағын тартып, ең соңында жаппай атылып, қырғын
тауып жатты. Сол жылдары Қазақстанда 125 мың адам «халық жауы»
болып ұсталып, солардың 25 мыңы атылғаны белгілі. 37-нің салқыны 
Жүсіпбекке де тигенін, осынау қатерлі науқанның әншіні жанай өткенін 
бұл күндері Хабиба әжейдің айтқан естеліктері арқылы біліп отырмыз: 
«Сол күндері Жүсекеңнен маза қашты. Еңсесі көтерілмей, өңі жүдеу
тартты. Тамақты да жөндеп ішпей, «уһілей» беретінді шығарды. «Жүсеке-
ау, не боп жүр саған?» десем, «жай әншейін» дей салатын. Төсекті
асүйге салдырып жататын. Түнде машина дауысы шықса, селк етіп ба-
сын көтеріп алушы еді. Сөйтсем, НКВД-ның тергеуінде жүр екен ғой. 
Күндіз шақырып алып, неше түрлі қитұрқы сұрақтар қойып тергейді 
екен. Сондағы қоятындары: «Түнеугүні бәленнің үйінде қонақта мынан-
дай-мынандай адамдармен болыпсың. Олар қандай әңгімелер айтты?» 
деген тәрізді сұрақтар екен. Жүсекең болса: «Иә, болғаным рас. Бірақ 
менің білетінім ән ғана. Саясатқа жоқпын. Қонақтардың айтқан әңгімелері 
есімде жоқ», – деген сыңайда қашқақтай жауаптар беретін болса керек. 
Тергеушілер болса: «Тергегеніміз туралы тісіңнен шығарар болсаң, бізден 
жақсылық күтпе, көзіңді құртып жібереміз», – деп қорқытатын көрінеді. 
Құдай сақтап Жүсекең аман қалды. Бірақ оның тергеуге барып-келіп 


74
75
жүргенін ешқайсымыз сезген жоқпыз. Бұл әңгімелердің өзін ол бертінде, 
заман жақсарған кезде ғана айтып берген болатын», – дейді әншінің жары. 
Осылайша Жүсіпбек қуғын-сүргін тырнағына ілігуден аман қалды. 
Алайда қанқұйлы Сталиннің жазалау машинасы Жүсіпбектің жанына 
жақын көптеген азаматтарды отап кетті. Солардың бірі – Қазақ драма 
театрының тұңғыш директоры Орынбек Беков еді. Кәсіби әнші ретінде 
Жүсіпбекке үлкен сахнаға жолын ашқан осынау қайраткер адам тура-
сында осы күнге дейін ештеңе айтылмай келеді. Тіпті, оның Қазақ дра-
ма театрының тұңғыш директоры болғандығы да еш жерде ескерілмей 
жүр. Соның дәлеліндей «Хабибаның Жүсіпбегі» деректі фильмін 
түсіру кезінде де еліміздің мұрағаттарынан Орынбек Бековтің өмірі мен 
шығармашылығына байланысты мардымды еш нәрсе кезіктіре алмадық. 
Дегенмен, ең сенімді мұрағат – ол халықтың жады мен жүрегі, сана-
сы мен есі ғой. Орынбектің де есімі ел жүрегінен өшпеген екен. Соған 
қуандық. О.Беков турасындағы деректерді Астана қаласының тұрғыны
Рахат Жақыпов атты азаматтан алдық. Рахаттың айтуынша, бұл дерек- 
терді оның әкесі, милиция полковнигі – Серік Жақыпов жинаған. О.Беков 
жайындағы ақпараттың мүлдем аздығын ескеріп, әрі осы бір елеусіз
қалған есіл ер жөнінде там-тұм мағлұмат болса да жарық көре берсін 
деген ниетпен Қазақ театрының тұңғыш директорының өмірі мен 
шығармашылығы туралы қысқаша баяндап кеткенді жөн көрдік. Қанша 
дегенмен, Жүсіпбектей саңлақтың бағын ашқан адам ғой.
1898 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген Орынбек 
Беков 1912 жылы Спасскідегі 2 кластық училищені бітіреді. 1914 жыл-
дан бастап, қоғамдық-саяси жұмыстарға араласады. Соның айғағындай
Кеңес өкіметі орнап жатқан 1917–22 жылдар аралығында Спасск 
ревкомының және депутаттар кеңесінің төрағасы, уездік партия комите-
тінің хатшысы болып үлгереді. 1923–28 жылдар аралығында Қарқаралы 
уездік милициясының бастығы, Семей губерниялық атқару комитетінің 
бөлім меңгерушісі, Еңбек Халкомының жауапты қызметкері болып
жұмыс істейді.
Орынбек Беков ер бітімді, батыр болмысты адам болған. Оған О.Беков-
тің 1922 жылы Спасск ревкомының төрғасы болып тұрған шағында ел 
ішіне ойран салған Дорошенко мен Зайцевтің бандысын талқандауы
дәлел. Арғы тегі қарашекпенді Дорошенко Шет ауданының Жарық стан-
сасының маңындағы Бұрма деген жерді жайлаған ауқатты орыстардың 
бірі еді. Ал Зайцев болса, патша заманында Қарағанды жанындағы
Спасск гарнизонының бастығы қызметін атқарған қанішер жауыздың 
нағыз өзі болатын. Осы екі жендет Кеңес үкіметі орнаған кезде ебін та-
уып Қарқаралы округтік милициясына қызметке кіріп, лезде «қой терісін 
жамылған қасқыр» болып шыға келеді. Бұның соңы Алаш Орда қайрат-
кері Міржақып Дулатов ашына жазған 1922 жылғы сойқандарға соғады. 
Сөзіміз дәлелді болу үшін Міржақып Дулатовтың «Тоналған» деген ха- 
тының толық нұсқасын келтірейік. Хат «Егемен Қазақстан» газетінде 
2001 жылы 26 қырқүйекте жарияланған. Жариялаушы – Қазақстан Рес-
публикасының құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техника-
лық ақпарат орталығының қыметкері Зияда Ижанова. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет