Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е



Pdf көрінісі
бет28/65
Дата23.09.2022
өлшемі15,1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65
Ақжолды сардар Қожа-екең,
Дұшпаннан айыл жимаған.
Ерлігі көп ұстазды,
Мұсылман түгел сыйлаған.
Шаңқобызын Қожа-екең,
Жосаменен сырлаған.
«Елім-айдай» қиссасын,
Қан майданда жырлаған
56
.
55
Мәшһүр Жүсіп Көпеев. 2-том. – Алматы, 1992. – 114-б.
56
Серік Негимов (ф.ғ.д.). Ақ тілеулі абыз // Егемен Қазақстан. 18 маусым, 2013.
Осынау жырды ғалым ағамыздың куәлендіруінше «Қожаберген 
жыраудың шәкірті» Бұқар жырау жырлапты-мыс. Заманында Мәшһүр 
Жүсіптің жинағаны бар, кейінірек өткен ғасырдың соңында Қытай
елінен (тарихшы Мұхтархан Оразбайұлы Пекиндегі Хуаңшишың сарай-
ынан Бұқардың 36 толғауын тауып әкелген. Бұл толғаулар 1990 жылы
«Ана тілі» газетінің 12, 19 шілде күнгі сандарында жарияланған)
табылғаны бар – Бұқар жырау шығармашылығын үтір, нүктесіне дейін 
білуші едік, ұлы жыраудың мұрасында мұндай «өлеңдердің» аты-
мен жоқтығына бәс тігуге бармыз. Қайдан болсын, егер Бұқарекең 
«қожабергентанушылардың» мәтін нұсқасы бойынша, ылғи «Қожаберген 
ұстазым» деп отырса. «Ұстаз» сөзін қазақ поэзиясына ең алғаш енгізген 
Абай екені («Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»), парсы тілінен 
енген бұл сөздің (парсының устад сөзінен – ұста, ұстаз сөздері шықса
керек.) бұған дейін қазақтың ешбір поэзия үлгісінде қолданылып көр-
мегенін өзін-өзі сыйлайтын тілші ғалымдар жоққа шығармас деп ойлай-
мын. Ол аздай, бұлардың «Қожа-екеңе жосаменен сырлаған» шаңқобыз 
тарттыратынын қайтерсің. Және бұған Қожа-екеңнің шаңқобызды жоса-
менен бояп тартпай, сырлап алып «ойнайтынын» қосыңыз. Бала кезімізде 
қолымыз күс-күс болып жарылып, талай асық ойнадық, сол асығымызды 
әжеміздің «бояп берейін» деп қып-қызыл жосаға салатыны әлі есте.
«Жосамен сырлау» деген сұмдық сол уақытқа дейін халықтың ауызекі 
сөзінде мүлдем жоқ еді. Енді, міне, «жосаменен сырлады» деп, Бұқар
жырау жырлаған екен деп жосытып жыр оқып отырмыз. Ата-баба аруағы 
алдында айылымызды жимайтын, өлең-жырдың киесінен қорықпайтын 
халге жеттік. Бұрын жырау дегенде көз алдымызда Тәңірімен тілдескен 
өзгеше тылсым болмыс иелері елестеуші еді. Қазтуған мен Доспамбет-
тей, Шалкиіз бен Бұқардай кемеңгер жыраулардың құдіретті жырла- 
рының тереңіне бойлаған сайын санамыз нұрланып, бойымызды бір 
асқақ рух кернеп, алты алаштың алдында бөрі басты байдалы байрақ 
көтерілгендей қай-қайдағымыз қозушы еді. Мәселен, Бұқар жыраудың 
«Әлемді түгел көрсе де» деп басталатын шағын ғана жырына зер 
салыңызшы. Неге екенінін білмеймін, өз басым осы жырды оқи баста-
сам, бейне бір ғарыштан жеткен тылсым үн, сұмдық сарын естігендей
күй кешемін: 
Әлемді түгел көрсе де,
Алтын үйге кірсе де,
Аспанда жұлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мінсе де,
Қызыққа тоймас адамзат.


112
113
Әлемді түгел білсе де,
Қызығын қолмен бөлсе де,
Қызықты күні қырындап,
Қисынсыз күйге түссе де,
Өмірге тоймас адамзат!
Жақындап ажал тұрса да,
Жаныңа қылыш ұрса да,
Қалжырап көңіл қарайып,
Қарауытып көзі тұрса да,
Үмітін жоймас адамзат.
Ал қазір ше? Жер-көкті алып кеткен Қожаберген жыраудың «дауыл- 
паз жырлары», «Баба тілі», «Ата тек» деген «ғажайып» дастандары.
Сонда қалай болғаны? Мәселеге шындап үңілсек, ХVІІІ ғасырдың 
жуан ортасына дейін өз билігі өзінде болған, ешкімге басын имеген, 
ханнан қарасына дейін қазақ тілінде сөйлеген арда жұрттың тіл про-
блемасымен бетпе-бет келуі – еш мүмкін емес еді ғой. Бірақ, біздің 
«қожабергеншілеріміз» қасиетті хандарымызды «өзбек тілінде» «сөй-
леттіріп», ол проблеманы табан астынан, қолма-қол жасай салады. «Баба 
тілі» деген күлдібадам дастан шығарып, оны Қожаберген жыраудың
аузына тығады. Ата-бабамыз қастерлеген, ардақ тұтқан – сөз өнерін 
осыншама былғап, былапыттап қорлауға жол беріп отырған академик, 
профессор, жазушы, ақындарымыздың көксегені не сонда? Доспамбет, 
Шалкиіз, Бұқар жыраулардың алапалы жырларын оқығанда арқаңа аруақ 
бітеді, санаңда жасын ойнағандай ғажайып күй кешесің. Ал, «Қожаберген 
жыраудың» үнемі жер бауырлап жататын, рухсыз, ділсіз, ерінбесе етікші 
де құрай алатын ергежейлі «жырларын» оқи бастасаң: алдымен тілің 
тұтығады, сонан соң еңсең түсіп, рухың жаншылады, бойыңды бір бей-
жайлық басып, кәдімгідей ауырып қаласың. Сенбесеңіз, Қожаберген 
жыраудың «Елім-ай» «дастанының» бір үзігін бірге оқиық, оқырман: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет