Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е



Pdf көрінісі
бет42/65
Дата23.09.2022
өлшемі15,1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   65
Жылымық ЖылДарынДа 
Осылайша, өмір өз ағысымен өтіп жатты. 1953 жылдың наурыз айында 
Кеңес Одағын отыз жылға жуық ашса алақанында, жұмса жұдырығында 
ұстаған Сталиннің бір түнде өліп шығуы – елде жаңа дәуірдің бас-
талуына жол ашты. Ақын Б.Пастернакша айтқанда, Кеңес елінде 
«жылымықтың» жылы желі есті. Санаға түсіп кеткен сұп-суық құрсаулар 
жібіп, елдің саяси-әлеуметтік, рухан-мәдени өмірі оң өзгерістерге аяқ
басты. Баяғыдай «саптыаяқтан ас ішіп, сабынан қарауыл қарайтын» зәрлі 
жылдардың ызғары қайтып, ел ішін жайлаған қалың үрей сейіле баста-
ды. 1937–38 жылдары «Халық жауы» ретінде ұсталып, атылған қазақ 
кеңес әдебиетінің негізін салушы ақын-жазушыларымыз – Сәкен Сей-
фуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин сияқты мемлекет және 
қоғам қайраткерлері ақталып, олардың соңында қалған мұралары туған 
елімен қайта қауышты. Сәл де болса темір тізгіннің босаңсығаны, кел-
ген еркіндіктің жылы лебі өнер адамдарының да шығармашылығында 
көрініс таба бастады. Отызыншы жылдары «сотталған» халық әндері 
мен күйлері жазасын өтеп келген жандай ел аузына қайта оралды. Сон-
дай шығармалардың бірі Әбікен Хасеновтің «Қоңыр күйі» еді. Әбікен 
Хасеновтің өзі де отызыншы жылдардың ауыр нәубетін бір адамдай
басынан өткерген өнерпаз еді. Жүсіпбек Елебековпен ширек ғасырдай
өнер өлкесінде сыйлас һәм сырлас болған дәулескер күйшінің отызын-
шы жылдары басынан кешкен оқиғаларына Хабиба әжеміздің де өз 
естеліктерінде толғана, молынан тоқталатыны бар. Естелік 1941 жылдың 
қазан айында Хабиба әжеміздің Еркін деген екі жасар баласының
шетінеуіне байланысты Әбікен Хасеновтің көңіл айтып келуінен баста-
лады. Сонау кәмпеске жылдарынан бастап, үнемі өмір қиыншылығын 
көруден көз ашпай келе жатқан жас ананың бұдан бірнеше жыл бұрын 
тұңғыш баласы аяқ астынан ауырып шетінеп кеткен болатын. Енді, 
міне, екінші ұлынан да айырылып, аруанадай боздап отырған қайғылы 
анаға көңіл айтуға Әбікен Хасеновтің өзі келеді. Көңіл айтып, шерлі 
ананың қаяулы көңілін демегендей болған Әбікен қандай зор қайғының 
да, көл-көсір қуаныштың да өткіншілігін айтып, оны өз басынан өткен
оқиғалармен байланыстыра дәлелдей әңгімелеп, қаралы ананы сабырға 
шақырады. 
Әбікен өз басынан өткізген нәубетті оқиғаларды Хабиба әжемізге 
жалпылама ғана айтқан сияқты. Әжеміздің өзі жазған және бізге айтып 
берген естеліктерінен осыны аңғарамыз. «Отыз жетінің» лаңы кеше
ғана өткен, соғыс болса мынау дүниені тітіретіп жатқан, сол себепті бар
сырын түгелдей жайып салудан тайсақтаған Әбікен өз өмірбаянының
көп тұс-тарын бүгіп қалып, ашаршылықта өзінің бес баласынан 
айырылғанын, одан жазықсыз түрмеге түскенін, абақтыдан түрме 
бастығының келін-шегінің көмегімен босап шыққанын, сөйтіп, әупірімдеп 
Балқашқа жеткенін, Шу арқылы әрең дегенде Алматыға, Сәкенге 
жетіп жығылғанын, Сәкеннің көмегімен драмтеатрға әртістік қызметке 
ілігіп, Шәкен деген әйелге үйленіп, одан бірнеше бала сүйіп, сөйтіп, ел 
қатарына қосылып кеткенін әңгімелеп берген. Ал, шын мәнінде, Әбікен 
күрделі тағдыр иесі, басына түскен осыншама сұмдықтардан аман қалуы
Тәңірдің қазақ өнеріне түсірген рақымы десек, артық айтпағанымыз.
Сонымен, Әбікен жайына қысқаша бірақ нақтырақ тоқтала кетеміз. 
Әбікен Хасенов 1892 жылы қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы 
Жалпақтау деп аталатын таудың етегін бойлай ағатын Қаратал өзенінің 
бойында көктем шыға дүниеге келеді. Патша заманында бұл өлке Се-
мей губерниясы Қарқаралы уезіне қарап, Мойынты болысы деп аталған. 
Әбікен дүниеге келген Қаратал өзенінің Бетпақ дала жағында атақты 
Ағыбай батырдың кесенесі тұрғанын айта кеткеніміз жөн.
Әбікеннің ата-тегіне қысқаша тоқталар болсақ, ол – Қаракесектің 
Кәрсөн бұтағын жиырма жылдай билеген Көпбай болыстың немересі. 
Шөже ақынның Арқадағы шертпе күй өнерінің көрнекті өкілі Сайдалы 
Сары Тоқаға арналып айтылған әйгілі жырындағы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет