Бағдарламасы coreldraw программасының интерфейсі


Нысандармен орындалатын қарапайым операциялар



бет3/4
Дата18.10.2022
өлшемі2,04 Mb.
#43870
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
Corel Draw бағдарламасы CORELDRAW программасының интерфейсі

3.Нысандармен орындалатын қарапайым операциялар
Нысандарды ерекшелеу
Нысанға қатысты кез келген операцияларды орындауда оны ерекшелеу үшін Pick Toc (Нұсқағыш) құралы пайдаланылады.
Бірнеше нысанды ерекшелеу үшін оларды Нұсқағыш құралы көмегімен SHIFT батырмасын баса отырып ерекшелейді.Барлық нысандарды ерекшелеу үшін Edit ( Түзету) – Барлығын ерекшелеу – Нысвндвр командасын орындау қажет.
Ерекшелеуді алып тастау үшін ESC батырмасын пайдаланады.
Ерекшеленген нысан экранда ортасында қисық крест пішінді бір маркер орналасатын сегіз маркерден тұратын ерекшелеу рамасымен белгіленеді.Қалып-күй жолында ерекшеленген нысан жөніндегі ақпарат беріледі, ал нысанның өзінде түйіндер беріледі (кішкене дөңгелекшелермен)
Берілген маркер мен түйіндер көмегімен нысанның өлшемдері мен параметрлерін өзгертуге болады.
Қосымша
CTRL батырмасы басылған жағдайда фигура пропорционалды дұрыс болады, ал SHIFT батырмасы басылса, фигура ортасынан бастап салынады.
Нысан қандай класқа жататынын анықтау үшін оны ерекшелеп қалып-күй қатарына қарау керек.
Тікбұрыштар
Тікбұрышқа жататын бірнеше нысан бейнеленген:


1.Сол жақтағысы – « классикалық » төртбұрыш. Салынғаннан кейін тікбұрышты дәл осы пішінде болады.
2.Екінші нысан салынғаннан кейін 45 градусқа бұрылған.
3.Үшінші нысан жасақталғаннан кейін үш бұрышы доғалданған.
4. Төртбұрышты нысанды бұрыштар доғалданғаннан кейін қисайту операциясы орындалған.
Эллипстер, доғалар, секторлар
«Эллипс» класы нысандары қатарына эллипстен тікбұрыштың бұрыштарын доғалдау секілді амалдар арқылы алынатын секторлар мен доғалар жатады.
Эллипстер үшін атрибуттар тақтасы

Көпбұрыштар мен жұлдыздар
CorelDraw көпбұрыштарының мысалдары суретте келтірілген



Көпбұрыштар мен жұлдызшаларды жасақтау


Көпбұрыштар мен жұлдыздар Polygon Toll (Көпбұрыш) құралы көмегімен салынады. Сурет салу алдыңда параметрлері атрибуттар тақтасында орнатылады.
Торлар. Спиралдар
Торлар мен спиралдарды құру
Торлар Graph Paper Tool (Сетка) құалы көмегімен құрылады.
Спиралдар Spiral Toll (Спираль) құралы көмегімен құрылады.



Нысандармен жұмыс.Қисық
Қарапайым нысандармен жұмыс
Нысанды ерекшелеу
Нысандармен жұмыс жасау үшін алдымен оны ерекшелеу қажет, ол үшін Нұсқағыш сайманы қолданылады.
Бірнеше нысанды ерекшелеу үшін алдымен оларды Нұсқағыш сайманы көмегімен SHIFT пернесін ұстай отырып ерекшеленіз. Ал барлық нысанды ерекшелеу үшін Edit (Түзету) – Барлығын ерекшелеу – Нысандар командасы орындалуы керек.
Ерекшелеуді алып тастау үшін Ese пернесін шерту керек.
Ерекшеленген нысанның айналасында 8 маркер (түйін) пайда болады. Осы маркер немесе түйіндер нысаны арқылы өлшемін, параметрлерін өзгертуге болады.
Бейнелерді қисықтардан құрау
Қисық көмегімен CorelDraw бағдарламасында түрлі иллюстрациялар жасақтауға болады.Ол үшін Freehand (Қисық) құралы қолданылады.
Мәтін
-CorelDraw-дағы мәтінің типтер
-Artistic Text-фигуралық мәтін
-Paragraph Text-қарапайым немесе аззацты мәтін
Фигуралық мәтін
Фигуралық мәтін тақырыпта, қысқа жазуларда қолданылады. Фигуралық мәтінде абзац, келесі жолға көшіру т.б. қажет емес. Оны бағанға бөлуге, шегіністер орнатуға, буквица құруға болмайды. Түрлі безендіру эффектілерін (трансформация, бояу,формасын өзгерту) орнатуға болады. Ол нысан ретінде қарастырылады. Оның өзіне тән бірнеше қасиеттері бар. Фигуралық мәтінің пішінің, кез келген нысанның пішіні сияқты өзгертуге болады. Оны қолмен немесе түр құрал – сайманы көмегімен өзгертуге болады.
Ескерту:Кез келген стандартты шрифті кәсіби деңгейдегі суретшінің ықпалымен жасалған. Сондықтан кез келген шрифті қолдану кезінде абай болу қажет, ал шрифтіні ешқашан өзгертуге болмайды, яғни кері жағдайда шрифт жоғалып кетеді.
Қарапайым мәтін
Көлемді мәтіндерді безендіруде қолданылады. Қарапайым мәтін арнайы мәтіндік блокта орналасады, оны командалар бойынша өңдейді, форматтауға болады. Қарапайым мәтін блоктың ортасында автоматты түрде орналасқан.
Мәтіндік безендіру
Мәтіннің түріне тәуелсіз оған қажетті полиграфиялық параметрлерді беруге болады (шрифт, кескіні, өлшем, түс, т.б)
Барлық шрифттерді бірнеше топқа бөлуге болады:
- стандартты (жиынтық) шрифттер мәтіннің үлкен массивтерін теруге арналған. Олар өз алдына екі топқа жіктеледі – құйрықшалар, құйрықшасыз (құйрықша бұл кейбір әріптерді шеттерінде болатын кішкене сызықшалар), мысалы, құйрықшалы – Times, құйрықшасыз – Arial;
- акцидентті шрифттер тек мәтін атаулары үшін үлкен көлемде пайдаланылады мысалы, Аlgerian
- қолжазба шрифтері – қылқаламмен немесе қаламмен жазған әріптерді бейнелейді, олар түрлі әдемі форматты шақыру, құттықтауларға әдемі сипат береді, мысалы, Brush Script MT.
- символдық шрифттері символдар кітапханасы болып табылады.
Windows операциялық жүйесіндегі стандартты символдық шрифт- Wingdings.
Шрифттің кескіні қалыпты (Normal), қою (Bold), курсив (Italic) және қою курсов (Bold - Italic) болады.
Times New Roman шрифтінің түрлі қасиеттері
Normal Bold
Italic Bold - Italic
Фигуралық мәтінді өңдеу
Фигуралық мәтінді кез-келген векторлық нысан сияқты редакторлеуге болады. CorelDraw бағдарламасында, сонымен қатар фигуралық мәтінмен де басқа да жұмыстарды жасауға болады. Фигуралық мәтінге өзгеріс енгізу үшін Пішін ұүралы қолданылады. Осы әрекеті іске асыру үшін мәтіндік нысанның үстінен шерту керек. Фигуралық мәтінді баптау қасиеттері панелінде орналасқан параметрлерді таңдау арқылы орнатуға болады:
1.Көлдеңен қызметтен алу – белгіленген әріпті тігінен берілген биіктік бойынша орнатады;
2. Тігінен қызметтен алу – әріпті көлдеңінен берілген биіктік бойынша жатады;
3. Айналу – әріптің бұрылу бұрышын береді.
4. Аз жазылуы – белгіленген әріпті үлкен әріппен жазады;
5. Барлығы жазылған – барлық әріпті үлкен, яғни бас әріппен жазады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет