Эллинизм дәуірі. Александр Македонскийдің жаулаушылықтары Б.з.д. IV ғ. Ахеменидтер державасы. Грекия мен Македонияның шығыс жорықтарына әскери-саяси дайындығы. Парсыларды жаулап алу және алып державаның құрылуы. Үндістанға жорық. Александрдың тұлғасы және қызметі. Александр Македонский державасының ыдырауы. Оның жаулаушылықтарының тарихи маңызы.
Александр мұрагерлері (диадохтар) арасындағы күрес және жаңа (эллинистік) мемлекеттердің құрылуы. Эллинистік мемлекеттер типтері. Эллинизмнің мәні. Ең ірі эллинистік мемлекеттер: Селевкилер мемлекеті, эллинистік Египет, Македония, Пергам мемлекеті. Эллинистік әлем б.з.д. І ғ. ортасына қарай. Рим және Парфия жаулаушылықтары. Эллинистік мемлекеттердің құлау себептері.
Эллинистік мәдениет. Эллинистік мәдениеттің басты орталықтары. Грек және шығыс дәстүрлерінің әрекеттесуі. Арнайы білімдердің дамуы. Александрия мұражайы – ежелгі дәірдегі алғашқы ғылым академиясы. Антиохия, Пергам, Афины – эллинистік кезеңнің мәдени орталықтары. Эллинистік философияның негізгі бағыттары: стоиктер. эпикурейліктер, киниктер. Эллинистік дәуірдің діни түсініктері. Әдебиет пен өнердегі жаңа үрдістер. Сәулет өнері мен қала құрылысы. Мүсін өнері. Эллинистік мәдениеттің тарихи маңызы.
Деректері мен тарихнамасы Археологиялық материалдар. Нумизматика, эпиграфика және папирология мәліметтері. Римнің ерте тарихы туралы аңыздар. Тарихи шығармалар. Рим тарихнамасының пайда болуы және дамуы, оның негізгі белгілері. Аға және кіші анналшылар. Өмірбаян жанрындағы шығармалар. IV-V ғғ. хроникалар. Полибийдің «Жалпы тарихы». Республиканың ақырғы дәуіріндегі тарихнама. Ерте империя дәуіріндегі рим тарихнамасы. Арнайы еңбектер мен агрономиялық трактаттар. Страбонның «Географиясы». Кейінгі Рим империясы тарихнамасы. Аға Плинийдің «Жаратылыс тарихы». Аммиан Марцеллин антикалық тарихнаманың соңғы өкілі ретінде. Заң саласындағы шығармалар ежелгі Рим тарихының дерегі ретінде. Дигестер, Гайдың трактаты, Corpus juris civilis. Антикалық тарихнаманың негізгі белгілері.
ХІХ ғ. бірінші жартысы – ХХ ғасырдағы Рим тарихының зерттелуі. Италия мен германияның фашистік тарихнамасында тарихтың бұрмалануы. ХХ ғ. екінші жартысында әлеуметтік-экономикалық мәселелердің зерттелуі. Заманауи шетелдік тарихнаманың қайшылықты дамуы. Ежелгі Римнің кеңестік тарихнамасы. Қазақстан тарихнамасы. К.П.Коржева. Қ.Т.Жұмағұловтың зерттеулеріндегі Рим және «варварлар».