Бағдарламасы edt 1203 Ежелгі дүние тарихы 5В020300 Тарих мамандығы бойынша



бет8/17
Дата19.04.2023
өлшемі81,15 Kb.
#84567
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
annotation89479

Ежелгі Грекия тарихы


Деректері мен тарихнамасы
Материалдық мәдениет ескерткіштері. Мифологиясы, эпостық жырлары. Б.з.д. V-IV ғғ. тарихнама. Логографтар. Геродоттың «Тарих» атты еңбегі. Фукидид. Ксенофонт. Эллинистік және римдік дәуірдің тарихнамасы. Диодор. Страбон. Плутарх. Павсаний. Археологиялық мәліметтер.


Б.з.д. ІІ мыңж. Грекия тарихы
Б.з.д. ІІІ–ІІ мыңж. ХІ–ІХ ғғ. Крит және ахейлік мемлекеттер. Критте таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуы. Б.з.д. ІІ мыңж. Ахейлік Грекия. Ахейлік ерте құлиеленушілік мемлекеттер: Микен, Тиринф, Фивы. Ахейлік мемлекеттер және Троя. Дорийліктердің басып кіріп, қоныстануы және оның салдары. Крит-микен мәдениеті және оның маңызы.


Б.з.д. XI–IX ғғ. Грекия
Гомер дастандары Грекияның әлеуметтік-саяси және экономикалық тарихының дерегі ретінде. Гомерлік қоғам. Рулық құрылыстан қала-мемлекет түріндегі құлиеленушілік мемлекетке өту.
Б.з.д. VІІІ–VІ ғғ. архаикалық Грекия
Ежелгі Грек полисі, оның пайда болуы мен мәні. Отарлау қозғалысы. Ежелгі грек тираниясы және оның Афина мен Спартаның полис типтері ретінде қалыптасуында алатын орны. Полистің дағдарысы. Б.з.д. VІІІ-VІ ғғ. Пелопоннес. Спарта, Коринф, Аргос. Спарта басқарған Пелопоннес одағының құрылуы. Аттикада полистің қалыптасуы. Афина қолөнер-аграрлық типтегі полис ретінде. Демостың ақсүйектермен күресі. Драконт заңдары. Солон заңдары. Писистрат пен оның ұлдарының тираниясы. Клисфен заңдары және афиналық құл иеленушілік демократияның қалыптасуы.


Б.з.д. V-ІV ғғ. классикалық Грекия
Грек-парсы соғыстары және Афина теңіз одағы. Марафон шайқасы. Б.з.д. 481 жылғы Коринфтегі конгресс және гректердің әскери бірігуі. Саламин түбіндегі шайқас. Парсыларды Платея және Микале түбінде талқандау. Парсылардың Эвримедонт түбінде жеңілуі. Каллий бітімі. Грекияның б.з.д. V–IV ғғ. әлеуметтік-экономикалық дамуы. Грек экономикасының екі негізгі типі: афиналық және спарталық типтер. (Классикалық құлдық түсінігі және оның негізгі ерекшеліктері. Классикалық Грекиядағы қоғамның құрылымы. Спарта қоғамының таптық-сословиелік құрылымы: спартиаттар мен периэктер. Илоттар, олардың мүліктік және қоғамдық жағдайы.
Афиналық демократия мен спарталық олигархия б.з.д. V ғ. саяси жүйелер ретінде. Пелопоннес соғысы. Бірінші Афиналық теңіз одағы және оның Афины архэсіне айналуы. Эфиальт пен Перикл реформалары. Периклдың ішкі және сыртқы саясаты.
Спартаның саяси құрылымы. Б.з.д. V ғ. Пелопоннес одағы. Соғыстың себептері мен сылтауы. Кезеңдері. Архидам соғысы. Никий бітім шарты. Афинаның басқыншылық саясаты. Декелей соғысы. Алкивиадтың қызметі. Б.з.д. 411 ж. олигархиялық төңкеріс. Парсылардың грек істеріне араласуы. Афина архэсін реформалау. Афинаның жеңілісі.
Б.з.д. VШ–IV ғғ. ежелгі грек мәдениеті. Грек діні. Дін мен діни рәсімдердің сәулет және мүсін өнерлерінің дамуына ықпалы. Грек әдебиеті мен театры. Мифология, ежелгі грек эпосы және олардың әдебиеттің дамуына ықпалы. Грек театры. Б.з.д. VП–VI ғғ. грек лирикасы. Грек философиясы. Ғылыми білімдер. Ежелгі грек мәдениетінің әлемдік тарихи маңызы.
Б.з.д.V–ІV ғғ. Македония. Парсы мемлекетіне қарсы жорыққа дайындық. Филипп ІІ (б.з.д. 359-336 жж.), оның ішкі және сыртқы саясаты. Грекиядағы македондық және антимакедондық топтар. Б.з.д. 337 ж. Коринф конгресі және Парсы державасына қарсы күрес үшін жалпыгректік одақтың құрылуы.
Персияға қарсы жорыққа дайындық. Филиптің өлімі. Александрдың Грекиядағы Македон үстемдігін қалпына келтіруі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет