Ежелгі Алдыңғы Азия тарихы. Ежелгі Месопотамия (Қосөзен) Географиялық орналасуы, халқы. Қосөзенде мемлекеттің қалыптасуы. Месопотамияның б.з.д. ІІІ мыңжылдықтағы тарихи дамуының негізгі үдерістері.
Елдің географиялық орналасуы. Тигр және Евфрат ұлы өзендері. Қосөзенде ирригациялық егіншіліктің дамуына ықпал еткен жағдайлар. Месопотамияны адамдардың қоныстану үдерісі. Қолдан суғару жүйесінің пайда болуы және неолит дәуірінде егіншіліктің дамуы. Б.з.д. V-IV мыңжылдықтардағы маңызды археологиялық мәдениеттер, олардың сипаттамасы. Қоғамның жіктелуі.
Шумер – б.з.д. ІІІ мыңжылдықтың І-жартысындағы елдің экономикалық, саяси, және мәдени өмірінің орталығы. Шумер қала-мемлекеттерінің ертеәулеттік дәуірдегі саяси тарихы. Лагаш, оның көтерілуі мен құлауының тарихы. Уруинимгина реформалары.
Аккад билігіндегі Месопотамия. Кутилердің талқандалуы және орталығы Ур болған Шумер–Аккад патшалығының құрылуы. ІІІ Ур әулеті тұсындағы деспотия, бюрократия және әскер. Аморейлер мен эламдықтардың шапқыншылығы және Шумер-Аккад патшалығының құлауы. Б.з.д. ІІ мыңжылдықтағы Месопотамия. Вавилонның күшеюі. Касситтік әулет тұсындағы Вавилон. Ортаассирия дәуіріндегі Ассирияның күшеюі. Арамей тайпаларының басып кіруі және Ассирия мемлекетінің құлдырауы. Ассириялық және Жаңававилондық державалар. Вавилонға Ассирия билігінің орнауы. Жаңававилон державасының құрылуы. Оның ІІ Новуходоносор тұсында күшеюі. Вавилония Парсы саяси жүйесінің аясында. Ежелгі Месопотамия халықтарының мәдениеті.
Кіші Азия және Закавказье ежелгі дәуірде Кіші Азия: территориясы және халқы. Кіші Азияның ең ежелгі тарихы.
Хетт патшалығы. Б.з.д. ІІ–І мыңжылдықтардағы Кіші Азияның батысындағы мемлекеттер. Фригия патшалығы және оның Кіші Азияның батыс бөлігіне үстемдігі. етт патшалығының Жаңахеттік кезеңдегі қайта өрлеуі. Жерорта теңізінің шығыс жағалауы және Алдыңғы Азияда үстемдік ету үшін күрес. «Теңіз халықтарының» шабуылы және Хетт державасының құлауы. Хетт экономикасы. Хетт мәдениеті. Лидия патшалығы. Урарту және Закавказье мемлекеттері. Урарту – Ван патшалығы. Ежелгі армян патшалығы. Колхидадағы мемлекет. Ибериядағы (Шығыс Грузия) ерте мемлекеттік құрылымдар және Албания (қазіргі Азербайжан). Оларда құлиеленушілік қатынастардың қалыптасуы.