Бағдарламасы Ескермесқызы Айзат 1 2021 жыл мазмұны кіріспе



бет14/37
Дата14.10.2023
өлшемі1,73 Mb.
#113885
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37
тапсырма. Мәтіннің реттілігін көрсетіңіз.

  1. Артықшылыққа қол жеткізу құралы

  2. Бәсекеге қабілеттілік 3.Ауқымды жұмыс жоспары

  1. Білім сапасы

  2. Оқушының қызығушылығы

A. 5.2.3.4.1.
B. 4.2.1.3.5.
C. 4.3.5.1.2.
D. 3.5.2.4.1.
E. 4.2.3.1.5.

  1. тапсырма. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.




  1. тапсырма. Мәтіндегі асты сызылған сөз тіркесінің мағынасын ашыңыз.




  1. тапсырма. Мәтіндегі 3 маңызды ақпаратты анықтаңыз.




  1. тапсырма. Мәтінде берілген мәліметтер бойынша шын және

жалған ақпараттарды ажыратыңыз.

Ақпарат

Шындық

Жалған

Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту
болғанымен, оқу-тәрбие процесі жеделдетіліп, жеңілдетілмейді.







Цифрландыру үрдісі мінсіз білім беру үдерісі мен сапасына әсер етеді.







Мектеп бойынша білім беруді цифрландыруды жүзеге асырудың жоспары әзірленіп, ауқымды жұмыстар атқарылуда.







Мектептік білім беру процесіне енгізілген жаңа технологиялар мектеп оқушыларын әлдеқайда қызықтыра алмайды.







  1. тапсырма. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз және көтерілген мәселеге қатысты баға беріңіз.

__ _ _ _
__ _ _ _
__ _ _ _
__ _ _


8-МӘТІН. ЖАСТАР ЖАДЫНА ҒАЛАМТОР ЖАУ
Бір алқалы жиында елге танымал екі жазушы екі түрлі ой- пікір айтты. Зерделесек, екеуінің де айтып отырған сөздерінің жаны бар сияқты. Жарыққа шыққан кітапқа жылы лебізін білдіре келіп, бірінші қаламгер: «Қазір жаһандану заманында қағаз басылымның маңызы жойыла бастайды, оның орнын ғаламтор басады. Адам өзіне керектіні ғаламтордан тауып алады да , газет- журнал, кітап оқуға жастардың құлқы болмайды»,- деп өзінше болжам жасады.
Ал, екінші бір жазушы: «Интернет заман қажеттілігі бол- ғанымен, оның пайдасынан зияны көп»,- деп шыр-пыр болды. Оның уәжі мынаған саяды: «Рас, осы күнге дейін интернет арқылы қаншама дүниені оқып, білдік, ой-өрісімізді кеңейттік, тамаша жаңалықтарды таптық. Үлкен жобалар іске қосылды. Мұның бәрін жоққа шығаруға болмайды. Алайда, бақылаусыздық, бейәдеп, тексерілмеген ақпарат, біреуге дәлелсіз жала жабу, ойына не келсе соны айтқан пікірлердің өріп жүретіні сияқты келеңсіздіктер де осы «шексіз кеңестікте» жетіп артылады».
Бұл – бір. Екіншіден, оның айтуынша, авторын танып, беттерін парақтап, жастанып жатып оқыған кітаптан алған әсерді интернеттен оқыған дүниемен еш салыстыруға келмейді. Бірақ, заман ырқына көндіріп, дегенімен жүргізуде. Әсіресе, жастарды компьютерден алшақтату мүмкін болмай тұр.
Мойындау керек, интернет – кез келген технология секілді пайдасы мен ықтимал зияны, артықшылығы мен кемшілігі қатар жүретін күрделі құбылыс. Оның, әсіресе, жастардың жадысын жоюға кері әсері көп. Жастайынан өлең жаттап, есеп құрастырып, қисынды амалдарды өз бетінше шешетін бала мен кез келген дүниені компьютерден іздейтін жеткіншектің қабілет-қарымын салыстыруға келмейді. Олай болса, бүгінгі жастардың уақытты
үнемдеуді сылтауратып, интернетке жүгінуі жақсылыққа апармайтынын кеңінен түсіндіру әбден керек.
Сондықтан замандас жазушының: «Кітапты интернеттен оқығаннан гөрі, оңашада қолға алып оқыған «сіңімді» болады. Жадыда ұзақ сақталады. Әлем ғалымдары кітапты қағаз күйінде оқудың адамның миына, рухани ләззат алуына тигізетін ықпалы зор екенін мойындап отыр»,- деген пікірімен толық келісеміз.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет