тапсырма. Қай топ өкілдерінің достық туралы пікірлерібірдейболыпшыққан?
А) 12 жастағы жасөспірім мен егде тартқан қария
В) 24 жас аралығындағы адамдар мен егде тартқан қария С) 14 жастағы жасөспірім мен егде тартқан қария
Д) 20 жас аралығындағы адамдар мен егде тартқан қария
тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша достар арасыныңалыстауынасебепболатынқұбылысты табыңыз.
А) таным В) мақсат
С) қызығушылық Д) мүдде
тапсырма. Мәтінбойынша факті мен көзқарастыажыратыңыз.
Мәтіндегі фактілер
Мәтіндегі көзқарастар
13-МӘТІН.ЖАРНАМА Жарнаманың нәтижелі болуы-оның мазмұнына ғана емес, таныстырылымына да байланысты екенін білесіз бе? Сондықтан жарнама жасаған кезде оның тақырыбының креативтілігіне ерекше мән беру керек. Адамның бәрі жаңалыққа құштар. Егер сіз клиентті тарту үшін оның мазмұны емес безендірілуіне де мән беріңіз.
Бұл сізге өнімнің сипаттамасын жаңа әрі қызықты етуге көмектеседі. Есте қаларлық сызбалар, суреттер кез-келген адамды қызықтырады. Қандай шрифт қолданатыныңызды да естен шығармаңыз. Жарнама мәтіні оқуға жеңіл ме, қызықты ма, адамды тарта ма? Тұтынушыға қажет ақпаратқа көңіл бөліңіз (жеңілдік, тауардың сипаттамасы, тұтынушыға сыйлық) . Егер жарнама жасаушы ретінде жолыңыз болсын десеңіз, жарнамалауға сыйды, әйгілі адамдарды, шақырыңыз не әйгілі кинофильмдер үзіндісінен дәйексөздер алыңыз. Теріс пиғылдағы сөздерді қолданбаңыз. Жарнама мәтіні ұзақ болмауы тиіс. Таза, қысқа, нақты, шын болуы тиіс. Потенциалды клиентті тартудың тиімді әдістерінің бірі болып табылады. «Арзан» «сенімді», «әдемі», «тәтті», «кепілдік береміз» деген сөздер қолданбау қажет. Тұтынушыны өнімнің ыңғайлы және пайдалы екеніне сендіріңіз. Бұл тіпті құнына да байланысты емес. Жарнама мәтінінде «кеңес береміз», «сізге беріледі», «қажетті», «хабарлаймыз», «санаулы секундтар», «тез» деген сөздер болуы тиіс. Сіздің жарнамаңыздың негізгі
хабарламасын : басында және тұтынушыға пайдасын көрсету кезінде екі рет пайдалану керек. Ең маңызды -бәсекелестеріңізбен жарыспаңыз. Бұл сатып алушыларға алаңдаушылық туғызады және жарнама туралы заңға қайшы келеді.
Соңында, жарнамаңызда өз компанияңыз туралы айтуды ұмытпаңыз. Ол-мекеме мекенжайы, электронды пошта, байланыс телефоны. Бұл-тұтынушы үшін маңызды ақпарат болып табылады.