БАҒдарламасы ғылыми және педагогикалық бағыт



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата06.03.2017
өлшемі366,41 Kb.
#8460
түріБағдарламасы
  1   2   3   4

«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІ 

МАГИСТРАТУРА ЖӘНЕ ДОКТОРАНТУРА ДЕПАРТАМЕНТІ 

 

  



 

Бекітемін  

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім 

 және халықарылық ынтымақтастық жөніндегі  

проректор  

___________ э.ғ.д., профессор Тусупова Л.А. 

 «_____»________ 2016ж. 

 

 « _________» кафедра мәжілісінде  



қарастырылды және мақұлданды 

_____2016ж. № ____ 1 хаттама   

 

 

 



 

 

 

6М050300 «Психология»  



 

мамандығы бойынша қабылдау емтихандарының  

 

БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

Ғылыми және педагогикалық бағыт 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2016

 

ТУ Ф 702–49–14. (Магистратура/докторантура) мамандығы бойынша қабылдау емтихандарының 

бағдарламасы (магистратура/докторантура). ТУ СМЖ. Бірінші басылым 

 



СҰРАҚТАР ТІЗІМІ 

 



«Жалпы психология» пәні 

 

1.

 

Психологиялық ғылым мен практиканың пәні мен міндеттері. 

Психология 

пәні. 


Жалпы 

психологияның 

методологиялық 

функциясы. 

Психологияның  принциптері:  бейнелеу,  сана  мен  іс-әрекет  бірлігі,  психикалық 

құбылыстың жүйелі детерминациясы. Ғылыми және тұрмыстық психологияның негізгі 

айырмашылықтары  мен  салыстырмалы  талдау.  Ғылыми-психологиялық  зерттеу 

нәтижелерінің мысалдары, олардың теориялық және қолданбалы мәні.  

Психология  табиғи  және  гуманитарлық  ғылыми  пән  ретінде.  Психологиялық 

білімнің  спецификасы.  Психологияның  пәнаралық  байланысы.  Психология  адам  іс-

әрекеті  мен  жануарлар  жүріс-тұрысында  психикалық  бейнелеудің  пайда  болуы, 

қызметі және құрылымы туралы ғылым ретінде.  

Психика  туралы  жалпы  түсінік.  Тірі  және  өлі  дүниедегі  бейнелеу  формалары. 

Психикалық  бейнелер  объективті  дүниенің  субъективті  образы  ретінде.  Психиканың 

бағдаршы  және  реттеуші  функциясы.  Сана  және  бейсаналы.  Психологияның  пәні 

туралы түсініктер дамуының негізгі кезеңдері. Философия шеңберінде психологияның 

дамуы.   

2.

 

Психологияның ғылым ретіндегі қалыптасуы  

Психологияның пәні мен міндеттері. Психологияның тарихи дамуы. Психология пәні 

қалыптасуының  кезеңдері:  жан  зерттеу  пәні  ретінде,  сананы  зерттеуге  көшу,  «сана 

психологиясы»,  ХХ  ғ.соңы  мен  ХХІ  ғ.басында  психикалық  туралы  түсініктер. 

Психофизикалық  мәселелер.  Қазіргі  заманғы  психологияның  міндеттері  мен 

функциялары.  Психологиялық  ғылымдардың  жіктелуі.  Психологиялық  ғылымдар 

құрылымында жалпы психологияның орны мен рөлі.   



3.

 

Психология ғылымының негізгі принциптері, түсініктері мен категориялары  

Психология принциптерінің жіктелуі. Психология категориялары және психологиялық 

ғылымның  және  практиканың  негізгі  түсініктері.  Принциптер,  категориялар 

түсініктердің  жүйелі  сипаты.  Психикалық  құбылысты  категориялық  талдау. 

Теориялық  және  эмпирикалық  түсініктер.  Психологиядағы  түсініктерді  операциялау 

мәселесі.  

4.

 

Психология құрылымы мен әдістері  

Психология  гуманитарық  және  табиғи  ғылым  ретінде.  Тұрмыстық  және  ғылыми 

психологиялық  білімдер.  Психология  психика  және  психикалық  құбылыстар  туралы 

ғылым  ретінде.  Ғылыми  зерттеу  әдістері  туралы  жалпы  түсініктер.  Психологиялық 

әдістердің негізгі типтері. Тестің қалыптасу тарихы. Психологиядағы эксперимент.  



5.

 

Адам психикасының пайда болуы мен дамуы  

Еңбек іс-әрекетінің пайда болу мәселесі. Еңбекке өтудің биологиялық алғышарттары. 

Қоғамдық қатынас пен сөйлеудің пайда болуы. Тілдің функциясы. Өзара әрекет және 

қарым-қатынас бірлескен іс-әрекет құрушы ретінде.  

 

Адам  санасының  пайда  болуы  мен  қалыптасуына  еңбек  іс-әрекеті  мен  қоғамдық-



тарихи  дамудың  рөлі.  Еңбек  іс-әрекетінің  ерекшеліктері:  ұжымдық,  қарулық, 

өнімділік.  

 

Сананың  нақты-психологиялфқ  сипаты.  Сананың  құрылымы:  сезімдік  ұлпа,  мән 



және тұлғалық мағына. Олардың әлем бейнесін құрудағы рөлі (А.Н. Леонтьев). 

 

Жоғары  психикалық  функцияның  қалыптасуы.  Жоғары  психикалық  функцияның 



әлеуеттік, жанамалы, ерікті сипаты және олардың жүйелі құрылымы (Л.С. Выготский). 

Іс-әрекет  субъектісі  мен  сананың  дамуы  (С.Л.  Рубинштейн).  Адам  тұлғасы  мен 

сананың дамуы (А.Н. Леоньев). 

6.

 

Адам психикасы мен жануарлар психикасының айырмашылығы  



 

ТУ Ф 702–49–14. (Магистратура/докторантура) мамандығы бойынша қабылдау емтихандарының 

бағдарламасы (магистратура/докторантура). ТУ СМЖ. Бірінші басылым 

 



Адамзаттық  қоғамнан  жануарлар  қауымдастығының  принциптік  айырмашылығы. 

Адам  және  жануардың  қарулық  іс-әрекеті.  Қоғамдық  тәжірибені  беру.  Қазіргі 

маймылдардың  тілі  және  олардың  мүшеге  бөлінген  сөйлеуден  сапалы  ерекшелігі. 

Адамдардың  антропоидтар  мен  басқа  да  жоғары  омыртқалылармен  қарым-

қатынасының  шегі  мен  мүмкіндіктері.  Онтогенездің  ерте  кезеңдегі  адам  психикасы 

дамуының  салыстырмалы-психологиялық  аспектілері.  Жануарлар  психикасының 

биологиялық  эволюциясы  мен  дамуы.  Адамзат  санасына  қоғамдық-тарихи  дамуы 

заңдарының әсері.  

 

Антропоидтар интеллектісі мен адамзат санасы, олардың түбірлік ерекшеліктері.   



7.

 

Іс-әрекет түсінігі. Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы  

Іс-әрекет  туралы  жалпы  түсінік.  Практикалық  іс-әрекет  адам  іс-әрекетінің  қалыпты 

және негізгі формасы ретінде. Сыртқы және ішкі іс-әрекет. Бағдарлы және орындаушы 

іс-әрекет, индивидуалды және бірлескен, шығармашылық және шығармашылық емес. 

Субъект  және  іс-әрекет  пәні.  Іс-әрекеттің  мотиві  мен  мақсаты.  Іс-әрекет  және 

психикалық процестер.  

 

Іс-әрекеттегі  психикалық  бейнелеудің  пайда  болуы  мен  функциясы.  Субъекттілік 



пен  заттылықтың  өзара  детерминация  мәселесі.  Әрекет  сипаты  саналы  мақсатқа 

жетуге  бағытталған  процесс  ретінде.  Тәсілдер  көмегімен  әрекеттер  орындалады: 

олардың  жағдайға  тәуелділігі  мен  мақсатқа  жетуге  құралдарының  болуы.  Іс-әрекетті 

құрудың өзара алмасуы.  



8.

 

Психологиядағы сана мәселесі. Сана және саналанбайтын психикалық процестер  

Сана  психикалық  бейненің  жоғары  деңгейі  және  өзін-өзі  реттеудің  жоғары  деңгейі 

ретінде.  Белсенділік  және  интенционалдылық  –  сананың  негізгі  сипаттары.  Адам 

санасының  пайда  болуы  мәселесін  шешудегі  «биологиялық»  және  «идеалдық» 

бағыттардың  қарама-қайшылығы.  Л.С.  Выготскийдің  концепциясындағы  жоғары 

психикалық  функция  туралы  түсінік.  Саналанбайтын  психикалық  процестер 

мәселесінің  жалпы  сипаты.  Саналанбайтын  процестер  классификациясы.  З.Фрейдтің 

саналанбайтын процестерді зерттеуі. Бейсананың психологиялық теориялары.  

9.

 

Танымдық процестердің жалпы сипаттамасы  

Танымдық  процестер  туралы  түсініктер.  Танымдық  процестердің  түрлері.  Танымдық 

процестердің  бірлік  жүйесі.  Танымдық  процестер  жүйесінде  ақпаратты  өңдеудің 

әртүрлі 

деңгейлері. 

Әрбір 

деңгейдегі 



ақпараттың 

бұрмалану 

мәселесі. 

«Субъективтілік»  және  «субъекттілік»  ақпараттық  бұрмалану  процесінің  себебі  мен 

нәтижесі  ретінде.  Субъективизмді  жеңу  танымдық  процестер  қызметінің  жүйелі 

нәтижесі ретінде.   



10.

 

Түйсік пен қабылдау психикалық процесстер жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде  

Түйсік  және  қабылдау  туралы  жалпы  түсініктер.  «Түйсік»  және  «қабылдау» 

түсініктері,  салыстырмалы  сипаты.  Негізгі  түсініктер.  Түйсік  пен  қабылдауды 

зерттеудегі  негізгі  бағыттар.  Объектті-бағдарлы  және  субъектті-бағдарлы  теориялар. 

Түйсіктің  жіктелуі.  Түйсіктің  қасиеттері.  Қабылдаудың  негізгі  сипаты.  Фоннан 

фигураны  бөлу:  бөлу  факторлары.  Қабылдаудағы  иллюзия.  Психофизика  түсінігі. 

Сигналдарды 

табу. 

Абсолютті 



табалдырық 

түсінігі, 

тану 

ерекшеліктері. 



Психофизикалық  әдістер.  Сигналды  табу  теориясы.  Табалдырық  асты  қабылдау. 

Семантикалық  установка  ерекшеліктері.  Түсініктің  дифференциалды  табалдырығы, 

тану ерекшелігі. Вебер заңы.  

11.

 

Ес психикалық процесстер құрылымының өзегі ретінде  

Танымдық  процестегі  ес  туралы  түсінік.  Танымдық  іс-әрекет  жүйесіндегі  ес.  Естің 

физиологиялық негізі. Естің процестері. Естің түрлері. Ес өнімділігінің негізгі сипаты. 

Ес  механизмдері.  Феноменалды  ес.  Естің  бұзылуы  және  оның  адамның  өміріне  және 

шындықты қабылдау ерекшелігіне әсері. Ес мнемикалық іс-әрекет ретінде.  



12.

 

Ойлау ақпаратты қайта өңдеудің жоғары деңгейі ретінде  



 

ТУ Ф 702–49–14. (Магистратура/докторантура) мамандығы бойынша қабылдау емтихандарының 

бағдарламасы (магистратура/докторантура). ТУ СМЖ. Бірінші басылым 

 



Танымдық  процестегі  ойлау  туралы  түсінік.  Танымдық  іс-әрекет  жүйесіндегі  ойлау. 

Ойлаудың  объектісі  мен  субъектісі.  Адамның  ақпаратты  өңдеу  жүйесі.  Ойлаудың 

мазмұны:  ойлау  түрлері,  ойлау  тәсілдері  және  операциялары,  ойлау  формалары. 

Тапсырманы шешу процесі үшін ойлау әрекетінің негізгі типтері. Ойлау іс-әрекетінің 

құрылымы.  Жалған  индивидуалды  ойлау  іс-әрекеті  шығармашылық  ойлаудың  негізі 

ретінде (С.М. Жақыпов). 



13.

 

Тұлға индивидтің психологиялық қасиеттер жүйесі ретінде  

Адамтану  жүйесіндегі  тұлға  түсінігі.  Философия,  әлеуметтану  және  психологиядағы 

индивид, индивидуалдылық, тұлға. Тұлғаның психологиялық қорғаныс механизмдері: 

мойындамау,  ығыстыру,  проекция,  идентификация,  рационализация,  ауыстыру  және 

изоляция. Адамның биологиялық және әлеуметтік өзара байланысы мәселесінің негізгі 

бағыттары.  Адамның  биотиптері.  Генотип  және  фенотип.  Тұлға  әлеуметтік  феномен 

ретінде: тұлғаның құндылықтық-нормалық жүйесі. Тұлғаның өзіндік санасы.  



14.

 

Темперамент және мінез 

Темперамент  туралы  жалпы  түсінік.  Э.Кречмер  және  У.Шелдонның  темпераменттің 

конституциялық  типологиясы.  И.П.  Павловтың  темперамент  туралы  ілімі:  жүйке 

жүйесі  типтері  және  жүйке  процестерінің  қасиеттері.  Темперамент  типтерінің 

психологиялық  сипаттамасы,  темперамент  қасиеттері.  Темперамент  және  іс-әрекет. 

Сәйкес  темпераментті  адамдармен  психолог  пен  педагог  жұмыстарының 

ерекшеліктері.  Мінез  туралы  түсінік.  Мінез  және  тұлға  бағыттылығы.  Мінез  және 

темперамент: мінез және ерік. Мінез және сыртқы-идеография. Мінез акцентуациясы 

және  психопатология  теориялары  (К.Леонгард,  А.Е.  Личко,  П.Б.  Ганнушкин).  К.Юнг 

бойынша индивидуалды мінездің типологиялық моделі.  

15.

 

Қабілет және дарындылық психологиясы  

Қабілеттілік  пен  нышанның  анықтамасы.  Жалған  бірлескен  іс-әрекет  нышанның 

қабілетке  айналу  жағдайы  ретінде.  Жалған  индивидуалды  практикалық  іс-әрекет 

қабілеттің  даму  шарты  ретінде  (С.М.  Жақыпов).  Дарындылық  –  қабілеттің  жүйелі 

көрінуінің  нәтижесі.  Шығармашылық  дарындылық  құрылымы.  Дарынды  балалардың 

айрықша ерекшеліктері.  

16.

 

Сенсорлы-перцептивті процесстер психологиясы  

Түйсіну  психологиясының  жалпы  сұрақтары.  Сенсорлық-перцептивті  процестердің 

түрлері,  қасиеттері  және  ерекшеліктері.  Танымдық  психикалық  процестердің 

психологиялық  табиғаты  мен  ерекшеліктері.  Түйсік  –  бейнелеудің  алғашқы  процесі 

және  қоршаған  болмысты  тану  ретінде.  Түйсік  және  стимулға  қатысты  мінез-

құлықтың  бағдарлану.  Қозғалысты  реттеудегі  түйсіктің  рөлі.  Түйсік  –  психикалық 

дамудың  көзі  ретінде.  Түйсіктің  танымда,  еңбекте,  қарым-қатынаста  дамуы. 

Психофизиканың  элементтері.  Психофизиологиялық  заңдылықтар.  Түйсіну  мен 

қабылдау  психикалық  процестер  жүйесінің  бірінші  деңгейі  ретінде.  Түйсінулердің 

классификациясы.  Түйсінулердің  психологиялық  айшықты  ерекшеліктері.  Сенсорлық 

жүйелер және сенсорлық белсенділік.  



17.

 

Зейін негізгі психикалық процесс ретінде  

Зейіннің  психологиялық  табиғаты.  Зейін  анықтамасының  көпжақтылығы.  Зейін  және 

сана. Зейіннің түрлері мен қасиеттері. Еріксіз зейін процесі және оны шарттандыратын 

факторлар.  Еріксіз  зейін.  Сыртқы  және  ішкі  зейіндер.  Классикалық  зейін 

теорияларындағы зейін қасиеттері.  



18.

 

Сөйлеу қызметінің психологиялық мәселелері  

Сөйлеу  әрекеті  туралы  жалпы  ұғым.  Тіл  мен  сөйлеу  ара-қатынасы  және  ажырату 

тәсілдері.  Тіл  мен  ойлаудың  бірлігін  талдау.  Сөйлеу  психологиялық  зерттеудің  пәні 

ретінде.  Сөйлеудің  адамның  сана-сезімімен  өзара  байланысы.  Сөйлеудің  тұлғалық 

және индивидуалды-психологиялық ерекшеліктері мен дара өзгешеліктері.  



19.

 

Елестер мен қиял қосалқы бейне ретінде  



 

ТУ Ф 702–49–14. (Магистратура/докторантура) мамандығы бойынша қабылдау емтихандарының 

бағдарламасы (магистратура/докторантура). ТУ СМЖ. Бірінші басылым 

 



Қабылдаудың сезімдік бейнелері елестер туралы сипаттама. Елестер және ес процесі. 

Елестердің  ассоциациялары.  Сана  құрылымындағы  елестер.  Психологиядағы  елестер 

мәселесі.  Елестер  және  бейнелі  елестер.  Елестердің  түйсінумен,  қабылдаумен 

байланысы.  Елестерді  ойлаумен  байланысы.  Елестердің  қасиеттері.  Уақыт  және 

елестету.  Елестердің  түрлері.  Түйсіну  мен  қабылдау  негізінде  туындайтын  елестер. 

Эйдетизм.  Теориялық  ойлау  және  елестер.  Қимыл  елестері.  Қиял  және  елестер. 

Эйдетикалық бейнелер. Бейнеден кейінгі елестер. Галлюцинация және иллюзиялар.  

 

Әдебиет 

1.

 

ПетровскийА.В. Общая психология. – М., 1999. 



2.

 

Период открытого кризиса.  Под ред. Гальперина П.Я. ,М., 1992 



3.

 

Психология: Учебник / Под ред. А.А. Крылова. - М.: Проспект. 1999. 



4.

 

Рейковски Я.  Экспериментальная психология эмоций. - М.: Прогресс, 1977. 



5.

 

Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. - М., 1946; М.,1989 



6.

 

Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. – М.2001. 



7.

 

Общая психология. Тексты: В 3 т.т. / Отв. ред. В.В. Петухов. Ред.-сост. Ю.Б. 



Дормашев, С.А. Капустин. М.: УМК Психология; Генезис, МПСИ, 2001- 2006. 

8.

 



Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М.: ЧеРо, 1998 (или более 

поздние издания). 

9.

 

Глейтман Г. Фридлунд А., Райсберг Д. Основы психологии. Спб.: Речь, 2001. 



10.

 

Гусев А.Н. Ощущение и восприятие. Общая психология. В 7 т.т. Под ред. Братуся 



Б.С. Т.4. М.: Академия, 2007. 

11.


 

Джеймс У. Психология. М., Педагогика, 1991.  

12.

 

Дормашев Ю.Б., Романов В.Я. Психология внимания. М.: Тривола, 1995 (или более 



поздние издания). 

13.


 

Ждан А.Н. История психологии: от античности до наших дней. 2008 г. 

14.

 

Зейгарник Б.В. Теории личности в зарубежной психологии. – М.: Изд-во Моск. ун-



та, 1982.  

15.


 

Иванников В.А. Психологические механизмы волевой регуляции. М., УРАО, 1998  



II 

«Жасерекшелік және әлеуметтік психология»

 

пәні 

 

1.

 

Жасерекшелік психологиясының пәні, міндеттері мен әдістері  

Жасерекшелік  психологиясының  пәні.  Жас  ерекшелік  психологиясының  теориялық 

және  практикалық  міндеттері.  Жас  ерекшелік  психологиясының  пайда  болу  тарихы. 

Жас  ерекшелік  психологиясының  басқа  ғылымдармен  байланысы.  Жас  ерекшелік 

психологиясының мәселелері. Жас ерекшелік психологиясының әдістері және олардың 

мінездемесі.  Жас  ерекшелік  психологиясының  негізгі  категориялары.  Психикалық 

дамудың  әрбір  сатысындағы  адамдардың  арасындағы  дара  ерекшеліктерді  зерттеу. 

Жас  ерекшелік  психологиясының  бөлімдері.  Ғылым  ретінде  жас  ерекшелік 

психологиясының негізгі мәселелері.  

2.

 

Тұлғаның даму теориялары. Психикалық даму заңдылықтары  

Психикалық  дамудың  жылжымалы  күштері  және  қайнар  көздері.  Дамудың  табиғи 

алғышарттары. Психикалық дамуды тәрбиелеу мен оқытудың басты рөлі. Сензитивтік 

кезеңнің  және  жетекші  іс-әрекеттің  әлеуметтік  жағдайының  даму  түсінігі.  Бала 

психологиясының  дамуындағы  биогенетикалық  және  сациогенетикалық  бағыттар. 

Генетикалық  және  конвергенция  теориясы.  Л.С.  Выготскийдің  жоғарғы  психикалық 

функцияларды  дамыту  тоериясы.  Жас  ерекшелік  психологиясы  мен  даму 

психологиясының  негізгі  теориялық  мәселелері.  «Балалық  шақ»  ұғымын  тарихи 

талдау.  Шетелдік  психологиялық  концепциялардағы  психикалық  даму  мәселелері. 

Рекапитуляция ұғымы. Э.Эриксонның дамудың эпигенетикалық концепциясы.  



3.

 

Мектепке дейінгі жастағы баланың психикалық және физикалық дамуы  

 

ТУ Ф 702–49–14. (Магистратура/докторантура) мамандығы бойынша қабылдау емтихандарының 

бағдарламасы (магистратура/докторантура). ТУ СМЖ. Бірінші басылым 

 



Мектепке  дейінгі  кезеңдегі  психикалық  дамудың  жалпы  сипаттамасы.  Ойын 

функциясының,  генезисінің,  құрылымының,  шығуының  әлеуметтік-тарихи  сипаты. 

Шетел  психологиясындағы  ойын  теорияларын  сынды  талдау.  Психоаналитикалық 

бағыттардағы ойын теориялары.   

Мектепке  дейінгілердегі  психикалық  процестердің  дамуының  негізгі  зағдылықтары. 

Баланың  психикалық  дамуы  үшін  сенсорлық  процестерді  мақсатты  сәйкесті 

қалыптастырудың  мәні.  Баланы  мектептегі  жүйелі  оқытудағы  психологиялық 

дайындық  мәселесі.  Дайындық  түрлері,  олардың  сипаттамалары.  Жеті  жастағы 

дағдарыс  ұғымы.  Мектепке  дейінгі  балалардың  танымдық  процестерінің  дамуы. 

Сезімдердің  қалыптасуы.  Баланың  жаңа  іс-әрекетке  қосылуы.  Бала  дамуындағы 

ойынның рөлі. Ойын теориялары. Ойынның басқа іс-әрекеттен ерекшеліктері.  

4.

 

Бастауыш мектеп жасындағылардың психикасының дамуы.  

Бастауыш  мектеп  жасындағылардың  дамуының  жалпы  шарты.  Оқу  іс-әрекеті  кіші 

мектептегілердің  жетекші  іс-әрекеті  ретінде.  Оқу  іс-әрекетінің  жалпы  құрылымы, 

қалыптасу заңдылықтары. Мектептегі алғашқы теориялық ойлаудың қалыптасуы (Д.Б. 

Эльконин, В.В. Давыдов). Құрбылармен қарым-қатынасы.  

5.

 

Жасөспірімдік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері  

Жасөспірім  жасының  дағдарысы  мәселесін  шетел  және  кеңес  психологиясында 

зерттеу. Жасөспірім жасына өтудің анатомиялық-физиологиялық және психологиялық 

алғышарттары.  Жасөспірімдердің  физикалық,  ақыл-ой,  әлеуметтік  дамуындағы 

индивидуалды  және  жыныстық  айырмашылықтар.  «Есею  сезімі»  жасөспірімдік 

жастың  негізгі  психологиялық  құрылымы  ретінде,  оның  түрлері.  Жасөспірім 

жасындағы  жетекші  іс-әрекет.  Құрбы-құрдастар  ұжымы  және  ондағы  өзара  әрекет 

қоғамның  ересек  мүшелерінің  қатынастарын  моделдеуі  ретінде.  Кәсіби  бағдарлану 

мәселесі. Еңбек іс-әрекеті, оның жасөспірімнің жеке басының қалыптасуындағы рөлі.  

6.

 

Ерте жастық шақ психологиясы 

Ерте жастық шақ жасына өтудің негізгі алғышарттары. Кәсіби бағдарлану ерте жастық 

шақтың  жетекші  жаңа  құрылымы  ретінде.  Мамандық  таңдаудың  психологиялық 

ерекшеліктері.  Ерте  жастық  шақтағы  оқу  іс-әрекеті.  Ерте  жастық  шақтың 

психологиялық  жалпы  және  басқа  да  қырлары.  Ерте  жастық  шақ  жасындағы 

психикалық 

өмір 

ерекшеліктері. 



Өтпелі 

кезеңдегі 

жоғарғы 

психикалық 

функциялардың  дамуы.  Ойлау  ерекшелігі,  оны  тәрбиелеу  шарты.  Ғылыми 

көзқарастардың даму жолдары.  



7.

 

Егде жастың психологиялық ерекшеліктері. Геронтопсихология. 

Кемелденуге  өтудің  жалпы  шарттары.  Кемелдену  кезеңінің  әлеуметтік  мәні. 

Әлеуметтік  белсенділіктің ерекшеліктері. Кемелдену  жасын кезеңдерге бөлу.  «Акме» 

және акмеология ұғымы. Ересектердің даму заңдылықтары. Қоғамдық пайдалы еңбек 

жетекші  іс-әрекет  ретінде.  Кәсіби  және  қоғамдық  іс-әрекет.  Ересектердің  танымдық 

қызығулары.  



8.

 

Әлеуметтік психологияның пәні, міндеттері мен құрылымы  

Әлеуметтік  психология  пәні,  мақсат-міндеттері.  Қоғамдық  пәндер  қатарында  алатын 

орны.  Әлеуметтік  психологиялық  идеялардың  қалыптасуы.  Жалпы  психология  және 

әлеуметтану-  әлеуметтік  психологияның  негізі.  Адам  және  қоғамның  қазіргі 

мәселелерін шешудегі әлеуметтік психологияның мәні мен рөлі.   

Әлеуметтік-психологиялық 

идеялардың 

қалыптасу 

тарихы. 

Әлеуметтік 

психологияның  дербес  ғылым  ретінде  қалыптасуының  алғышарттары.  Алғашқы 

әлеуметтік-психологиялық теориялар.    



9.

 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет