Бағдарламасы Химиялық пәндер кафедрасы 24 беттің 2беті Жұмыс оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет12/17
Дата17.11.2023
өлшемі0,86 Mb.
#124295
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
РУП 1курс фарм органика каз

10-бөлім. Көмірсулар 
Жалпы сипаттамасы, табиғатта таралуы, биологиялық маңызы. Жіктелуі (альдозалар 
мен кетозалар, пентозалар мен гексозалар). Стереоизомериясы. D- және L-стереохимиялық 
қатарлар. Ашық және тұйық пішіндері. Циклді-оксо- (сақиналы-тізбекті) таутомерия. 
Оксидтік циклдің (фураноза мен пиранозаның) көлемі. Хеуорс формулалары; α- және β--
аномерлер. Мутароттация. Конформациялары; аса маңызды D-гексапиранозалардың ең 
тұрақты конформациялары. 
Моносахаридтердің химиялық қасиеттері. Спирттік гидроксил топтары қатысатын 
реакциялар (алкилдеу, ацилдеу): күрделі (ацетаттар, фосфаттар) және жай эфирлердің 


Химиялық пәндер кафедрасы 
24 беттің 14беті
Жұмыс оқу бағдарламасы 
түзілуі. 
Жартылай 
ацетальдық 
гидроксилдің 
реакциялары: 
альдозалардың 
тотықсыздандырғыш қасиеттері, гликозидтер түзілуі. О-, N- және S-гликозидтер; олардың 
гидролизге қатынасы. С-гликозидтер туралы түсінік. Моносахаридтердің эпимерленуі. 
Моносахаридтердің тотығуы. Тотығу жағдайларына тәуелді гликон, гликар және 
гликурон қышқылдарын алу. Моносахаридтердің полиолдарға (альдиттер) дейін 
тотықсыздануы. 
Гексозалар мен пентозаларды ашудың сапалы реакциялары. 
Пентозалар: D-ксилоза, D-рибоза, L-арабиноза.Гексозалар: D-глюкоза, D-галактоза, 
D-манноза, D-фруктоза, Дезоксимоноқанттар: D-рибоза, L-рамноза. Аминоқанттар: D-
глюкозамин, D-галактозамин.Альдиттер: D-сорбит, ксилит; D-Глюкурон, D-галактурон, D-
глюкон кышқылдары. Аскорбин қышқылы (С витамині). Олигосахаридтер. Құрылысы, 
номенклатурасы. 
Тотықсызданатын 
және 
тотықсызданбайтын 
дисахаридтер. 
Тотықсызданатын дисахаридтер таутомериясы. Гидролизгеқатынасы. 
Мальтоза, целлобиоза, лактоза, сахароза. Полисахаридтер. Құрылысы. Гомо-және 
гетерополисахаридтер. Полисахаридтердің күрделі және жай эфирлері: целлюлозаның 
ксантогенаттары, ацетаттары, нитраттары, метил-, карбоксиметил-және диэтиламиноэтил-
целлюлозалар; оларды медицинада қолдану. Полисахаридтер мен олардың эфирлерінің 
гидролизге қатынасы. 
Крахмал (амилоза, амилопектин), целлюлоза, декстрандар, инсулин, пектин заттары. 
Амилоза мен целлюлозаның құрылысы. Гетерополисахаридтер (гиалуронкышқылы, 
гепарин, хондроитин сульфаттар) туралы түсінік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет