Химиялық пәндер кафедрасы
24 беттің 3беті
Жұмыс оқу бағдарламасы
I Түсіндірме жазба
Оқу бағдарламасының мақсаты:
органикалық химия теориялық негіздерін
түпкілікті түсіндіре отырып, осы заманғы ғылыми жетістіктер
негізінде органикалық
қосылыстардың химиялық қасиеттерінің заттар құрылысына тікелей байланыстылықта
болу заңдылықтары жөніндегі жүйелі білімді дәрітанудың химиялық
проблемаларын
шешуде қолдану
Оқу бағдарламасының міндеті:
−
органикалық қосылыстардың теориялық негіздерін, реакцияға түсу
қабілеттерін
түсіндіру;
−
органикалық заттардың химиялық құрамы, құрылысы, қасиеттері мен биологиялық
белсенділіктерінің арасындағы өзара байланысы туралы түсініктерді қалыптастыру;
−
органикалық қосылыстардың реакцияға түсу қабілетін алдын - ала болжауды
қалыптастыру;
Осы жұмыс оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау
Минситрлігінің 05.08.2010-шы жылғы №604-ші бұйрығымен бекітілген типтік оқу
бағдарламасы негізінде түзілді.
Пәнді оқытуға жалпы көлемі 70
сағат берілген, оның ішінде 34 сағат теориялық
сабақтарға, ал 36 сағат практикалық сабақтарға арналған.
Фармацевтикалық білім беруді оңтайландырудың
маңызды міндеттері жалпы-
кәсіптік білім беру кезінде оларды фармацевтикалык пәндермен тығыз байланыстыру және
химиялық үдерістер туралы ойлау қабілеттерін калыптастыру.
Фармацевтикалық саладағы мамандарды кәсіптік даярлау жүйесінде органикалық
химия арнайы пән ретінде маңызды орын алады.
Органикалық химия фармацевтикалык химия, биология, физиология және басқа да
пәндерді оқыту кезінде өте кажет.
«Органикалық химия» пәнін оқытуда оқытудың дәстүрлі әдістері, сондай-ақ қазіргі
инновациялық
технологиялар
қолданылады.
Теориялық
сабақтарда
дәрістер,
конференциялар,
семинарлар, химиялық есептерді шығару,
химиялық диктанттар жазу
әдістері қолданылады. Практикалық сабақтарда бағдарламадағы мәселелер ары қарай
тәжірибелік жүмыстарды орындау
кезінде өз шешімін табады, теориялық білім мен
практикалық дағдылардың меңгерілуіне бақылау жүргізеді.
Оқытушы органикалық химияның кейбір тарауларын білім алушылардың өздік жұмысына
енгізе алады.
Мамандық бойынша білім алушылардың оқу жүктемесі көлемін анықтау кезінде білім беру
мекемесі үлгілік оқу жоспарында пәнді оқытуға бөлінген уақыт көлемін 10-20% шамасында
өзгертуге толық құқығы бар, бірақ оқу жоспарында қарастырылған, оқу уақытының толық
көлемі сақталуы тиіс.