Бағдарламасы Химиялық пәндер кафедрасы 24 беттің 2беті Жұмыс оқу бағдарламасы


-бөлім. Диазо- және азоқосылыстар



Pdf көрінісі
бет10/17
Дата17.11.2023
өлшемі0,86 Mb.
#124295
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
РУП 1курс фарм органика каз

6-бөлім. Диазо- және азоқосылыстар 
Диазоттау реакциясы, оның жүру жағдайы және механизмі. Бензол сақинасындағы 
орынбасарлардың реакция жылдамдығына әсері. Диазоқосылыстар құрылысы. 
Диазоқосылыстардың орта рН-ына тәуелділіктегі пішіндері, таутомерлік өзгерістері. 
Физикалық қасиеттері және спектральдық сипаттамасы. Химиялық қасиеттері. 
Нуклеофилдік алмасуы; сутекке (аминсіздену), хлорға, бромға, цианға (Зандмайер 
реакциясы). Осы реакциялардың механизмдері. Азотпен байланысатын реакциялар. 
Механизмі. Аминдермен жэне фенолдармен азот бірігу реакцияларының жағдайлары. 
Диазоқосьшыстармен реакцияласу қабілетіне орынбасарлардың тигізетін әсері. Азот 
бояғыштар туралы түсінік. Азот қосылыстардың тотықсыздануы. 
7-бөлім. Оксоқосылыстар (альдегидтер және кетондар) 
Изомериясы. Кетондардың жіктелуі: ароматтық және майароматтық. Номенклату-
расы. Алу тәсілдері: көмірсутектерден және спирттерден (тотығу, дегидрлену), 
дигалогентуындылардан (гидролиз). Физикалық қасиеттері және спектральдық сипатта-
масы. Химиялық касиеттері. Тотығу және тотықсыздану реакциялары. Нуклеофилдік 
реагенттерді қосып алу. Альдегидтер мен кетондардың реакцияласу қабілетіне ароматтық 
сақинаның, ондағы орынбасарлардың әсері. Алифаттық альдегидтермен, кетондармен, 
нитроқосылыстармен конденсацияға түсу, негізгі катализ жағдайында олардың механизмі. 
Альдегидтер мен кетондар оксимдерінің геометриялық изомериясы. Бекман қайта 
топтасуы, оның механизмі және практикалык маңызы: Хинондар. Жіктелуі. 
Номенклатурасы. 
8-бөлім. Карбон қышқылдары. Алифатты бірнегізді карбон кышқылдары және 
олардың туындылары. Ароматты монокарбон қышқылдары.
Қаныққан карбон қышқылдарының гомологтык қатары. Жалпы формуласы. 
Изомериясы. 
Номенклатурасы 
(тривиалдық 
рационалдық, 
жүйелі). 
Ацилдер, 
олардыңноменклатурасы. Алу тәсілдері: алкандарды, алкендерді, алкиндерді, альдегидтер 
мен кетондарды тотықтыру; галогеналкандардан (нитрилдер арқылы және Гриньяр 
реакциясы бойынша), амидтер мен күрделі эфирлерден (гидролиз). Карбоксил тобының
құрылысы. р, π –қосарлану. С=О және С=Н байланьктарыиьщ сипаттамасы.Карбон 
қышқылдарының молекулааралық сутектік байланыстары, олардың беріктігі. Физикалық 
қасиеттері: сутектік байланыстардың физикалық және спектралдық қасиеттерге әсері. 
Химиялық қасиеттері. Қышқылдық қасиеті. Қышқылдылық константасы, оған электрондық 
және құрылымдық факторлардың әсері. Қышқылдық катализ. Декарбоксилдену және 
тоқтықсыздану реакциялары. Карбон қышқылдарының функциялық туындылары: 
галогенангидридтер, күрделі эфирлер, ангидридтер, амидтер, нитрилдер. Алу тәсілдері, 
маңызды қасиеттері. Спектралдық сипаттамалары. 


Химиялық пәндер кафедрасы 
24 беттің 12беті
Жұмыс оқу бағдарламасы 
С-, N-, О- ацилдеу реакциялары, олардың механизмдері. Карбон қышқылдары функциялық 
туындыларының реакцияласу қабілеті. Гидролиз, оның қышқылдық және негіздік 
катализіндегі механизмі. Құмырсқа және сірке қышқылдары, алу және қолдану. α,β-
қанықпаған қышқылдар. Карбоксил тобының қос байланыспен қосарлануы. Спектральдық 
сипаттамасы. Қышқылдығы. Электрофилдік және нуклеофилдік қосып алу реакциялары. 
Акрил және метакрил қышқылдары және олардың эфирлері; оларды алудың техникалық 
тәсілдері, қолдану. Акрилонитрил. Жоғары молекулалы май қышқылдары: пальмитин, 
стеарин, олеин қышқылдары. Алынуы және қасиеттері. 
Изомериясы. Номенклатурасы. Алу тәсілдері: көмірсутектерден, спирттерден, 
альдегидтерден, кетондардан (тотықтыру), тригалогентуындыларынан және нитрилдерден 
(гидролиз), Гриньяр реакциясын қолдану арқылы Физикалық касиеттері және спектралдық 
сипаттамасы. Химиялық қасиеттері. Қышқылдық қасиеттері. Бензол сақинасының, 
сақинадағы орынбасарлардың және кеңістіктік факторлардың қышқылдыққа әсері. Орто-
эффект. Тұздардың түзілуі, олардың құрылысы және қасиеттері. Ароматтық 
қышкылдардың функциялық туындылары: хлорангидридтер, ангидридтер, күрделі 
эфирлер, амидтер, нитрилдер, оларды алу тәсілдері, қасиеттері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет