Дарынды балалардың қабілетін көрсетуге негізделген сыныптың тәрбие жұмысын жоспарлау;
Берілген мәліметтерді педагог-психологтардың, пән мұғалімдерінің, үйірме, секция, клуб жетекшілерінің бақылау нәтижесі бойынша жиынтық кесте рәсімдеу.
ІІІ. "Интеллект" бағдарламасы аясында оқу процесінің мазмұны және оны ұйымдастыру. Гуманитарлық білімді ұйымдастырудағы негізгі тапсырмаларды мазмұндау, жаңарту:
Әлемдік гуманитарлық мәдениет жетістіктерін білім негізі ретінде бағдарлау;
Экономикалық, физико-математикалық білім жетістіктерін заманауи физико-математикалық, экономикалық және жаратылыстану-ғылымы білімі негізінде бағдарлау.
Заманауи ақпараттық алаңға жеке тұлғаның сәтті қабылдануына кіріктірілген білімді негіздеу;
Авторлық бағдарламалар мен концепцияларды республикалық "Интеллект" бағдарламасы идеясы негізінде жасау;
Оқу жоспарының вариативті бөліміне арнайы курстардың, қолданбалы курстардың, таңдау бойынша факультативтердің жоспарын енгізу;
"Интеллект" бағдарламасы аясында, оқушылзардың ғылыми қоғамында оқушылардың ғылыми - зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
Оқу процесін оңтайландыру және жеделдетуде жаңа педагогикалық технологияны енгізу, жобалау;
Дарынды балалардың жеке қасиеттерін, олардың қызығушылығын, бейімділік ерекшеліктерін есепке алу;
Дарынды балалардың физикалық дамуы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету;
"Интеллект" бағдарламасы аясында оқытудың модульдік-дамытушы жүйесін үйрету.
IV. "Интеллект" бағдарламасы аясында тәрбие жұмысының мазмұны және ұйымдастырылуы
жалпыадами гуманистік моральдік принциптер арқылы оқушыларды тәрбиелеу;
ұлттық сана қалыптастыру;
отбасылық тәрбиеге байланысты рухани мәдениетін қалыптастыру;
сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
ұлттық және жалпы адами құндылықтарды сақтау үшін дарынды балаларда жауапкершілігін сезімін дамыту, "диалог мәдениеті" идеясын дамыту;
дарынды балалардың қабілеттері мен өз-өзін жетілдіруіне жағдай жасалуын қамтамасыз ету;
гуманизм принципіне сүйене отырып дарынды балаларды тәрбиелеу;
жеке-бағдарланған педагогика идеясы негізінде тәрбие процесінің диагностикалық әдістері мен оқу процесінің тиімді өлшемдерін әзірлеу;
философиялық дүниетанымды дайындау дарынды балаларды жеке тұлға ретінде анықтаудың негізі;
дарынды баланың жеке шығармашылық қабілетін дамытуда жеке бағдарламаны анықтау.