1. "Интеллект" бағдарламасының жалпы тұжырымдамасы
Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіріп, оны жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет-дарындылықтың ерекшеліктерін айқындау мен анықтау. Неғұрлым баланың таланты мен қабілетін дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс жеткілікті бағаламаса, оның «өзгелер» сияқты болып қалып қоюы мүмкін. Сондықтан дарынды оқушыларды анықтағанда мұғалімнің шеберлігі және мектеп психологының көмегіне жүгіну қажет. Дарынды баламен жұмыс жасағанда оның нәтижелі болуы мұғалімнің біліміне тікелей байланысты. Дарынды ұстаз болған жерде дарынды бала шығады. Осыған орай мұғалім жан-жақты, кәсіби дайындығы терең, өз бойына жинақтаған білімін жастарға үйрете алатын маман болуы шарт. Ол тек білімді жеткізуші ғана емес, керісінше, оқушының білімін, өмірге көзқарасын жүйелі түрде қалыптастыра алатын, ізденгіштікке баулып, танымдық қабілетін дамыта түсетін болуы керек.
Қазақстанның білім беру жүйесін реформалау ұлттық зияткерлік және рухани әлеуетінің қалыптасуы мен дамуы талап етеді. Осыған байланысты әсіресе өзекті мәселелердің бірі - қазақ элитасын құру. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу.
Бағдарламаның мақсаты стратегияларды, функционалды принциптерді іске асыру, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік қолдау болып табылады.
Міндеттері:
Дарынды балаларды анықтау және мақсатты іріктеу жүйесін құру.
Дарынды балаларды зияткерлік моральдік және физикалық дамуы үшін ең қолайлы жағдай жасау.
Дарынды балалардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру.
Әзірлеу және біртіндеп жаңа мазмұнын енгізу, озық технологиялармен дарынды балалардың жұмыс істеуі.
Дарынды балаларға іргелі гуманитарлық және білім беретін оқу қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының саналы азаматын тәрбиелеу.
Дарынды балаларға арналған ғылыми-зерттеу және іздеу жүйесі процесінде олардың жеке шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыруға жағдайлар жасау.