Бағдарламасы «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы»



бет1/8
Дата03.10.2024
өлшемі42,12 Kb.
#146610
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
9 ктж 399 бұйрық жаңа


Түсінік хат

Оқу бағдарламасы


«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.09.2022ж. №399 бұйрығы 21.11.2022 ж. № 467, 05.07.2023 ж. №199 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен.

осы бұйрыққа 59-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9 сыныптарына арналған "Биология" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;




Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған "Биология" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
Ескерту. 59-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 21.11.2022 № 467 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).

2. "Биология" пәнінің мақсаты – оқушыларға органикалық дүниенің көптүрлілігі, ондағы болып жатқан құбылыстар мен үдерістердің заңдары мен заңдылықтары, сонымен қатар адам оның ажырамас бөлігі туралы білім мен түсінік жүйелерін беру.


3. Оқу пәнінің міндеттері:


1) жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың құндылығын түсіну үшін өмірдің құрылымды-функционалды және генетикалық негіздері туралы, тірі табиғаттың негізгі патшылықтары ағзаларының көбеюі мен дамуы, экожүйе, биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін асыру;


2) экологиялық этика нормалары мен ережелерін, табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру;
3) генетикалық сауаттылықты қалыптастыру - салауатты өмір салты негіздері, психикалық, тән және моральдық денсаулық сақтау;
4) оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, биологиялық білімдерін практикада қолдануға ұмтылу, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология, экологиялық менеджмент және қоршаған ортаны қорғау саласындағы практикалық іс-шараларға қатысу.

2-тарау. "Биология" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 1-параграф. "Биология" оқу пәнінің мазмұны


4. "Биология" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
7-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет