Бағдарламасы «Жамбыл ауылдағы №2 орта мектебі»



бет1/3
Дата19.02.2023
өлшемі153,5 Kb.
#69121
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
үйден оқыту


«Жамбыл ауылындағы №2 орта мектебі» коммуналдық мемлекет мекемесі




Даму мүмкіндігі шектеулі
үйден оқытылатын
Оразбай Жақсылыққа
арналған оқу, жазу және
тіл дамыту пәнінің
бағдарламасы

«Жамбыл ауылдағы №2 орта мектебі» к.м.м


жанындағы педагогикалық психологиялық консилиумда қаралып бекітілді.

хаттама № 1


«__05___ » ____09_____2022 ж.
Пед.консилиум төрайымы: Б.Иманбекова

Құрастырған: Ж.Қуат


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі педагог мадератор

Оқу, жазу және тіл дамыту сабағы мүмкіндігі шектеулі баланы үйден оқытуға аптасына 3 сағаттан барлығы 102 сағат берілген. Оқу, жазу және тіл дамыту сабағының мақсаты: оқушының сөйлеу тілін және сауаттылық элеметтерін дамыту,дұрыс және түсініп оқуға үйрету, есте сақтауын және зейінін дамыту.Ауызша сөйлеу тілінің кемістіктерін түзету, дұрыс, қатесіз жазу дағдыларын қалыптастыру,өзінің ойын ауызша байланыстырып сөйлеуге үйретуге негізделіп құрылды.



Түсінік хат
Бұл бағдарлама жеке үйден оқытылатын оқытудың сегізінші жылында білім алатын Зулпхаров Бегарыстың психофизикалық ерекшеліктері мен танымдық қызмет деңгейі ескеріле отырып құрылды. Апталық нормативтік жүктемесі Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген даму мүмкіндігі шектеулі оқушы қабілетін ескере отырып, жеңілдетілген бағдарлама және типтік арнайы білім беру мекемелеріне арналған (көмекші мектеп) оқу бағдарламасы мен оқу жоспары басшылыққа алынды.
Бұл ұл балаға психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемесінің қойған диагнозы (09.06.2015ж): " Умеренная отсталостьцеребрального генеза.Заикание средней степени выражености с судорогами в артикуляционном аппарате. Общее недоразвитие речи III уровня синдром двигательной рассторможенности" Кеңес беру мекемесінің осындай тұжырымы беріліп, оқушыға интеллектісі бұзылған балаларға арналған арнайы ІІ типтегі ("Б" класы) оқу бағдарламасымен оқыту жөнінде ( б/ білім беру бағдарламасынан көмектер: 1.Обучение по ІІ типу учебной программы (индивидуально-вспомогательный) 2.Коррекционная поддержка в КППК(кабинет психолого-педагогическая подержка) на 2015-2016 уч. год. Занятияс логопедом, дефектологом) ұсыныс берілген.
Жақсылық 5 сыныпта оқыса да деңгейі,зейіні төмен. Әріптерді баспа әріппен жазады,тез ұмытады.Сөйлеу тілі дұрыс дамымаған, кекештенеді. Айтатын ой-пікірін жеткізе алмай қиналады. Сызықтарды біркелкі болмаса да сызады, дөңгелекті ұқсатып салады, ал үшбұрыштар мен төртбұрыштарды сала алады. шимайлап жазып кетеді. Және ұзақ отырғысы келмейді. Жақсылық орташа ақыл-ой кемістігімен бірге басқа да кеңес беру мекемесінің қойған диагноздары бар. Сондықтан биылғы 2016-2017 оқу жылында ІІ "Б" типтегі бағдарлама бойынша сауаттылық элементтерін қалыптастыру жұмыстарын жалғастыру мақсат етіледі. Бағдарламаны құруда мына авторлардың жазған бағдарламалары пайдаланылды: Сулейменова Р.А, Агавелян О.К, Агавелян Р.О, Данильченко Е.А, Рсалдинова А.К, Жалмұхамедова А.К, Қасымова Г.М. т.б.
Жоғарыда айтылған ерекшеліктерін ескере отырып, оқудың, жазудың және тіл дамытудың қарапайым дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру көзделеді. Жұмыс барысы психо-физиологиялық ауытқушылықтарды түзетуге ,оқу ,жазу және тіл дамыту пәнінен білімдерін жетілдіруге бағытталады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет