Бағдарламасы «Жамбыл ауылдағы №2 орта мектебі»



бет2/3
Дата19.02.2023
өлшемі153,5 Kb.
#69121
түріБағдарламасы
1   2   3
Мақсаты:

  • Оқу,жазу және тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің түрлерін (тыңдау,оқу,сөйлеу,жазу) меңгеруге үйрету.

  • Ойлау қабілетін дамыту.өз ойын еркін жеткізе алуға тәрбиелеу .

  • Қарапайым грамматикалық ұғымдармен таныстыруға даярлау.

  • Айтатын ойын толық, түсінікті жеткізе білуге, байланыстыра сөйлеуге үйрету.

  • Ауызша, жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын байыту .

Міндеті:

  • Оқушының ұғымына сай мәтіндерді дұрыс оқып, мағанасын түсінуге үйрету.

  • Ауызекі және жазба тілде қарым –қатынас жасауға қажетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру,өз ойын жүйелі түрде дұрыс жеткізе беруге үйрету.

  • Оқушының диалогтік және монологтік сөйлеу (ауызекі ,жазба тіл)дағдыларын дамыту.

  • Оқушының сауатты ,көркем жазу дағдыларын жетілдіру.

  • Диалогтік және монологтік сөйлеу (ауызекі) дағдыларын,сөйлеу мәдениетін, өз сөзінің дұрыс айтылуын өзі бақылау машығын дамыту.

  • Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру.

  • Шәкірттер бойында адамгершілік, әсемдік қасиетін қалыптастыру.

Бағдарламаның мазмұны мен құрылымы


Жағымды көңіл-күйді қалыптастыру. Өткен дағдыларын,білімін,іскерлігін еске түсіріп,қайталау (2сағат )А.Құнанбайұлы «Адам болам десеңіз »өлеңі (1сағат )
Мезгіл. Жылдың төрт мезгілі туралы түсінік беру.(Қыс,көктем,жаз,күз ) Өлеңдер оқу.(2сағат )
А.Құнанбайұлы «Қыс »өлеңі (2сағат ) Төрт түлік .Жылқы.(1сағат )
Отан туралы (1сағат )Мереке күндері туралы ,аты аңызға айналған батыр туралы әңгімелеу(3сағат )
Достық ,менің отбасым, атамекен, табиғат туралы өлеңдер (5 сағат ) Ы.Алтынсарин «Өзен» өлеңі(2сағат )Аңыз әңгімелер. Асан Қайғының жер ұйықты іздеуі.(2сағат )
Әдеби ертегілер Ә.Тәжібаев «Толағай» .(2сағат ) А.Байтұрсынов «Өгіз бен бақа» (2сағат ) Өтілгендерді қайталау .(2сағат )
Тіл және сөйлеу .Дыбыс,әріп .Сөз(3сағат )
Қазақ алфавиті,ондағы дыбыстармен әріптер ,дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылуы мен жазылуы.«а,о,л,т,м»дыбысының айтылуы және жазылуы,дыбысын буында және сөзде айту,табу. (14 сағат )Сөйлем құрау,сөйлеу тілін дамыту,әңгімелеуге жаттықтыру,мәтін қүрау.Қайталау. (4 сағат )
Бас әріптердің жазылуы,кіші әріптердің жазылуы .(4 сағат )Жіңішке дауысты дыбыстар. (2сағат ) Буын . (3сағат ) Заттың атын,санын ,сынын,іс-әрекетін білдіретін сөздер туралы түсінік беру,жаттығу жұмыстары арқылы меңгерту. (9 сағат )
Не істеді ? не қылды? сұрақтарына жауап беретін сөздер .Мәтінмен жұмыс. (3сағат )
Компьютерді пайдалану арқылы тілін дамыту. ( 1сағат ) .
Сөйлеу тілін түсінуді дамыту. (5 сағат )
1) оқушыны объектілерді, заттарды, суреттерді, заттар мен әрекеттерді орындауды бірге қарастыруға шақыру, болып жатқан әрекеттерді бақылауға баулу;
2) оқушының өзі (ойнайды, тамақ ішеді, ұйықтайды, жүреді, жуынады, сурет салады және т.б.), оның жақын адамдары (кір жуады, сыпырады, оқиды, тігеді және т.б.) орындайтын әрекеттердің, баланың айналасындағы (көшедегі, үйдегі, бөлмедегі және т.б.), орындалып жатқан әрекеттердің (ұшады, тарсылдайды, шырылдайды және т.б.) атау-сөздерін түсінуді үйрету;
3) мұғалімнің айтқан нұсқауы бойынша балаға түсінікті жай қимыл-қозғалыстарды (Тұр. Отыр. Бер. Ал. Қой. Көрсет және т.б.) түсінуді және орындауды үйрету. . Артикуляциялық моторикасын дамыту. (2сағат )
Тыныс алуға арналған гимнастиканы, ойыншықтарды пайдаланып, балаларды ұзақ бірқалыпты тыныс шығаруға үйрету.Адамдармен ым-ишараны, белгілерді, дыбыстарды, буындарды, меңгерілген сөздерді пайдаланып, белсенді қарым-қатынасқа түсуді үйрету. (2сағат )
Естіп қабылдауы мен естуі қабілетін дамыту. (3сағат )
1) дауысы бойынша ойыншықты, музыкалық аспапты табуды үйрету;
2) екі музыкалық аспаптың, дыбыс шығаратын ойыншықтардың ойынын естіп ажырата білуді үйрету: педагогтың нұсқауы бойынша екеуінің бірін табу (аспаптар, ойыншықтар, заттық суреттер ішішнен).Қайталау.
Сөйлемнен кім?, не?деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді анықтау және бөлу.Сөйлем құру, сөйлемдегі сөздердің байланысы. (4 сағат )
Сөйлем туралы түсінік. Хабарлы сөйлемге мәтін құрастыру .Сұраулы сөйлеммен танысу Тіл ұстарту. (5 сағат )
Жазуға қойылатын талаптарды меңгерту.Оқу ,жазу тіл дамыту.(4сағат )
Дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.(3 сағат )1)Ұқсас л – р, н – ң дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру.2) Ұқсас с – з, с – ш дыбыстарын дұрыс айту. 3)Ұқсас ж – ш, п – б дыбыстарын дұрыс айту.Мәтін. Суреттер бойынша сөйлемдер құрастыру .(2сағат )
Заттардың атын, түсін, дәмін, көлемін, санын, қимыл-әрекетін, орнын білдіруге жаттығулар.(1сағат )Өзіндік жұмыс . (1сағат ) Қағазда түрлі бағыттағы сызықтар салу: тігінен, көлденеңінен сызықтарды салуды үйрету. (2сағат ) Өткен тақырыптарды пысықтау. (2сағат )


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет