Бағдарламасы келесі пәндер бойынша Археология Қазіргі заман тарихы Тарихты оқыту әдістемесі


Тарих бойынша факультативтік курстардың білімгерлердің теориялық білімдерін тереңдетудегі алатын орны



бет18/23
Дата28.03.2023
өлшемі57,58 Kb.
#76874
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
-6В01510-География-Тарих БББ бойынша күндізгі жоғары білім негізінде оқитын студенттерге арналған екінші кешенді емтихан бағдарламасы 2

22. Тарих бойынша факультативтік курстардың білімгерлердің теориялық білімдерін тереңдетудегі алатын орны. Қазіргі тарих сабағы оқытуды ұйымдастыру формалары арасында ең жиі қолданылатын түрі. Оның да бірнеше түрі бар. Олар: оқытудың барлық негізгі элементтері бар немесе аралас сабақ; түгел немесе түгелге жуық жаңа тарихи материалды оқытып үйретуге арналған сабақ; түсіндірмелі оқу сабағы; біліктерді қалыптастыруға арналған сабақ; қайталау және қорыта-қайталау сабақтары. Сабаққа қойылатын талаптар: дидактикалық, психологиялық, гигиеналық, сабақ техникасының талаптары, тәрбиелік, таным іс-әрекетін ұйымдастыру, оқушыларды ұйымдастыру, жас ерекшеліктерді ескеру, дамыту.
23. «Қазақстан тарихы» кабинетіне қойылатын негізгі талаптары. Тарих пәнін оқытуда Қазақстан тарихи кабинетінің маңызы зор. Өйткені онда осы пәнді оқытуға өте қажетті: оқу-көрнекі құралдар, техникалық құралдар, кітапхана қоры сақталады. Тарих кабинеті - мұғалімнің әдістемелік жұмыс орны.
24. Тарих сабағын қайталау тапсырманы пысықтаудың әдістемесі. Тарих оқулығымен алғашқы танысу оны мазмұндап, оқушылардың нені үйренетіндігі, оқулықтың хронологиялық шеңбеі туралы ұғымдарды түсіндірумен басталады. Содан соң барып мұғалім оқушыларды оқулықтың құрылымымен, жасалу ерекшеліктерімен, сұрақтар мен тапсырмалар, безендендіру және карталармен таныстырады.
25. Тарих сабақтарында оқушылардың ойлау және танымдық қабілетін дамыту жолдары. Тарих пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың алдына кешенді міндеттер қойылады. Ол міндеттер ең алдымен оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдету және кеңейту, соның негізінде олардың пәнге деген қызығушылығын оятып, таным процесін қызықты етіп ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыстарда тұлғаның азаматтық, еңбексүйгіштік, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарау, өзара көмек, тәртіптілік сияқты қасиеттерін тәрбиелеуге баса назар аударылады. Ал тарих пәнінен сынақтар жүргізу барысында оқушылардың кітаппен, анықтамалық әдебиетпен жұмыс істеу, кітапқа сын пікір жазу, реферат дайындау, дерек көздерінен жинақтаған материалдарды қорыту, көпшіліктің алдында хабарлама, баяндама жасау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік мол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет