2. Тарихты оқыту әдістемесі ғылым ретінде. Қаз.тарихы үшін маңызды мөселе - Қазақстан тарихы мектеп пәнінің білім мазмұны ұлттық болу үшін оның түпкі - базалық білім деректері қайдан алынуы керек? - деген сұрақты шешу болады.
3. Қазақстанда әдістемелік ойдың пайда болуы мен дамуы.Тарих ғылым пән ретінде аса маңызды білім саласына жатады.Өйткені ол бүкіл адам баласының басынан өткізген жағдайын , тарихи тәжірибесін баяндайды. Тарихи білім әрбір адамға қажет.Тарихи білімді адам ғана өзі өмір сүрген қоғамдағы орнын, атқаратын қызметін дұрыс анықтай алады. Сондықтан да дүние жүзіне белгілі ойшылдардың ғұлама ғалымдардың тарихтың маңызы туралы айтпағандары жоқ. Әбу – Насыр Әл-Фараби «Тарихты білмей өткенді,қазіргі жағдайды,келешекті болжау қиын » - десе , А. Байтұрсынұлы «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы - тарих», - деп өте жоғары бағалаған .
4. Мектептегі «Қазақстан тарихы» мектеп курсының мазмұны, оның білімдік, тәрбиелік және дмытушылық мақсаттары. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясында сөйлеген сөзінде «Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы жасампаз тарихымыз, мерейлі меже, сонымен қатар болашаққа бағдар болатын байыпты белес», - деп атап өтті.Кез келген өркениетті мемлекет өз елінің азаматтарын тарихи біліммен қаруландыруға ұмтылады және де оны алдымен өз халқының тарихын оқытып үйретуден бастайды.
5. Тарихты оқытудың мақсаты мен міндеттері және оларды жоспарлау. Тарихты оқыту әдістемесі мектептегі тарих курсының мазмұнын, мақсатын, оқыту құралдарын, әдістері мен тәсілдерін анықтайтын ғылыми педагогикалық пәні. Педогогикалық пәндер жүйесіндегі тарихты оқыту методикасының орны. Әдістеменің ғылым ретінде қалыптасуын анықтайтын факторлар. Тарихты зерттеу әдістері. Мектеп оқушыларын оқыту және тәрбиелеу процесіндегі тарихы пәндеріндердің ролі. Қазақстан Республикасы мектептеріндегі тарихтан білім берудің қазіргі құрылымы.
6. Тарих сабағында оқушының шығармашылық қабілетін арыттыруда оқытудың проблемалық әдісі-тәсілдерінің алатын орны.Тарих пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың алдына кешенді міндеттер қойылады. Ол міндеттер ең алдымен оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдету және кеңейту, соның негізінде олардың пәнге деген қызығушылығын оятып, таным процесін қызықты етіп ұйымдастыру.