Бағдарламасы келесі пәндер бойынша Археология Қазіргі заман тарихы Тарихты оқыту әдістемесі



бет1/23
Дата28.03.2023
өлшемі57,58 Kb.
#76874
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
-6В01510-География-Тарих БББ бойынша күндізгі жоғары білім негізінде оқитын студенттерге арналған екінші кешенді емтихан бағдарламасы 2





Бекітемін
Ілияс Жансүгіров атындағы
Жетісу университетінің
Басқарма Төрағасы -Ректор,
г.ғ.д., профессор
_______________ Қ. Баймырзаев
«_____»_______________2023 ж.

Жаратылыстану жоғары мектебі


Кешенді емтихан




БАҒДАРЛАМАСЫ
Келесі пәндер бойынша 1. Археология
2. Қазіргі заман тарихы
3. Тарихты оқыту әдістемесі

6В01510-География-Тарих БББ бойынша күндізгі жоғары білім негізінде оқитын студенттерге арналған


2022-2023 оқу жылы

Талдықорған, 2023ж.


Жаратылыстану жоғары мектебінің кеңесінде қаралды

Хаттама №_____ «____» __________ 20___ ж.


БББ жетекшісі _______________________ Б.Оксикбаев


/қолы, аты-жөні/

Келісілді:


Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер


жөніндегі проректор __________________ Б.Таубаев
/қолы, аты-жөні/
Академиялық мәселелер жөніндегі
департамент директоры ___________________ Г.Кыдырбаева
/қолы, аты-жөні/

Жоғары мектеп деканы ___________________ И.Есенғабылов


/қолы, аты-жөні/

Университетінің Ғылыми кеңесінде бекітілген


«____» _____________ 20___ ж. № ___ хаттама


Түсініктеме


«Археология», «Қазіргі заман тарихы», «Тарихты оқыту әдістемесі» 6B01510-География-Тарих БББ бойынша іргелі пәндер болып табылады. Сондықтан аталған пәндерден кешенді емтихан тапсыру міндетті.


«Қазақстан тарихы» пәні ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі кезеңдерін қамтиды. Атап айтқанда ежелгі замандағы, орта ғасырдағы Қазақстан кезеңдерін, Қазақстан моңғол үстемдігі дәуірнде, Қазақ хандығы дәуірі, Қазақ елінің тәуелсідігінен айырылуы, осы тәуелсіздік күрес жолындағы ұлт-азаттық көтерілістер, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанда жүргізілген реформалар, ХХ ғасыр басындағы Қазақстан, қазақ ұлттық зиялылырының тәуелсіздік жолындағы күресі, Кеңес дәуіріндегі Қазақстан, Тәуелсіз Қазақстан тарихына жан-жақты, жүйелі тоқталады.
Курстың мақсаты: Отанымыздың тарихы, ол киелі Қазақ жерінде өмір сүрген барлық алдыңғы ұрпақтың, соның ішінде, әрқайсымыздың ата-бабамыздың саналы қызыметінің нәтижесі екенін ұғындыру, ал біздің өміріміздің мәні – оған қомақты үлес қосу екенін Тәуелсіз Қазақстан Республикасының болашағы болып табылатын әрбір азаматтың, әрбір жас ұрпақтың санасына сіңіру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Сондай-ақ ҚР егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы» пәнінің маңызы арта түсті, сондықтан халықтың тарихи жадын қалпына келтіру, ұлттық сана мен бірлікті қалыптастыру, азаматтанушылық пен патриотизмді тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы болмақ.
Курстың міндеттері:
- әр кезеңнің, әр тақырыптың деректік қорын терең әрі жүйелі білу;
- әр кезеңнің, әр тақырыптың зерттелуі мәселесін терең әрі жүйелі білу;
- әр кезеңді және оларда орын алған оқиғалардың себептерін, барысын, нәтижесіне талдау жасау білу.
«Жалпы тарих» төрт кезеңге бөліп қарастырылады.
Археология – тарих ғылымының ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы. Ол алғашқы адамзат қоғамының пайда болуымен, таптық қоғамның туып, өркениеттің пайда болуының тарихы. Адамзаттың дамуының алғашқы жетістіктері осы Шығыс елдерінде алғаш рет пайда болды. Ежелгі Шығыс тарихы мен антикалық қоғам тарихы әлемдік тарих ғылымының бөлінбес бір тармағы ретінде қарастырылады.
Ортағасырлар тарихы – бұл феодалдық құрылыстың орнығу кезеңі болып табылады. Ортағасырлық кезеңде бірқатар феодалдық империялар өмір сүрді (Франк мемлекеті, Византия империясы, Германия, Франция, Англия, Италия, Испания, Голландия, Россия) Олардың саяси, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуы әлемдік тарихтың бөлінбес бөлшегі болып табылады.
Жаңа заман тарихы – Европа және Америка елдерінің және Азия мен Африка елдерінің жаңа дәуірдегі тарихын (ХУІІ ғ. ортасынан бастап ХХ ғ. басына дейін) қамтиды. Жаңа тарихты зерттеу бүкіл әлемдік тарихы поцесс барысын түсіну үшін қажет. Осы аралықта Азия мен Африка елдерінде әлеуметтік экономикалық және қоғамдық қозғалыстар, дамыған Европа мемлекеттерінің отарлау саясатының қалыптасуы және оның зардаптары, отаршылдықа қарсы күрес тәсілдері, отаршылдықтың бұл елдердің саяси, қоғамдық, экономикалық және мәдени дамуына тигізген әсерлері, жаңа саяси қоғамдық топтардың қалыптасуы, ұлт- азаттық қозғалыс және ұлттық буржуазия идеологиясының пайда болуы, саяси топтар мен ұиымдардың қалыптасу тарихы зерделенеді. Европа және Америка елдерінде алғащқы буржуазиялық революциялар тарихы, XYIIғ .екінші жартысы мен XX ғ.басында дейінгі Еуропадығы, АҚШ пен Ресейдегі капитализмнің дамуы, осы елдердің саяси дамуы, XIX ғ.40-1918 жж. халықаралық жұмысшылар қозғалысы, мәдениеттің даму тарихы қарастырылады.
Қазіргі заман тарихы – бұл Азия және Африка, Европа және Америка елдерінің қазіргі заманғы тарихы (ХХ ғ. басынан бастап бүгінгі күнге дейінгі) болып табылады. Бұл екі дүниежүзілік соғыстардың болып, халықаралық саяси жағдайдың шиеленіскен уақыты. Сондай-ақ ұлт-азаттық қозғалыстар, шығыс қоғамының Батыстың дамыған мемлекеттері аясындағы трансформациялануы, Африка континентінде тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, саяси партиялар қызметінің және діни қозғалыстардың белсендігі, исламның ішкі және сыртқы саясатқа әсер ету кезеңі.
«Жалпы тарих» курсының мақсаты мен міндеттері: Адамзат қоғамы пайда болып қалыптасқаннан бері Азия мен Африка, Европа мен Америка елдерінің тарихын оқып үйренуде дүниежүзі тарихының даму заңдылықтарын танып білу болып табылады. Сонымен қатар Шығыс және Батыс қоғамдарының әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының нақты деректер арқылы оқыта отырып, тарихи талдау жасауға үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет