Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Қалыптастырушы, іштей және сырттай бағалаудың әдістемесі



бет72/93
Дата14.09.2023
өлшемі0,53 Mb.
#107801
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   93
71.Қалыптастырушы, іштей және сырттай бағалаудың әдістемесі.
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ (оқыту үшін бағалау және ағымдағы бағалау) ІШКІ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ (оқытуды бағалау немесе қорытынды бағалау) СЫРТҚЫ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ (оқытуды бағалау немесе сыртқы қорытынды бағалау)
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ
мұғалім тоқсан барысында өткізеді; сыныпта күнделікті жұмыста оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес білімді игерудің ағымдағы деңгейін анықтайды; оқушыларға жаңа тақырыпты оқу барысында ол тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағанын түсінуге мүмкіндік береді
ІШКІ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
мұғалім әр тоқсан аяқталғанда жүргізеді; тоқсан бойында оқу бағдарламасының бөлімін оқып біткендегі білім, біліктілік және дағды деңгейлерін қолдана алуын анықтайды; жылдық және тоқсандық қорытынды бағаларды анықтау үшін негіз болып табылады
СЫРТҚЫ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
. кезекті оқу сатысын аяқтағанда тәуелсіз сыртқы ұйыммен өткізіледі; оқу сатысында оқу бағдарламасының бөлімін оқып біткенкендегі білім, біліктілік және дағды деңгейлерін анықтайды; оқу сатысында емтихандық және қорытынды бағаны анықтау үшін негіз болып табылады.
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ Бағалау түрлері:
топтық жұмысты бағалау;
 жеке оқушының топтағы жұмысын бағалау;
 өзін-өзі бағалау; критериалды бағалау.


72.Тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясы механизмін, маңызын түсіндіріңіз.
Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан аяғында өткізіліп, балл және баға қою арқылы оқушының білімі, дағдысы, түсінуі туралы дәлелдемелерін көрсетеді. Тоқсандық жиынтық бағалау түрлі бақылау және тексеру жұмыстарын ұйымдастыру арқылы өткізіледі. Тоқсандық жиынтық жұмысты құрастыруда оның білу мен түсінуді, қолдану дағдыларымен ғана шектелмей, оқушының жоғарғы деңгейдегі ойлау қабілетін: анализ, синтез және баға беруін анықтауға мүмкіндік беретін тапсырмаларды қамтуы маңызды екендігін ескерген жөн.
Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар үлгілері әдістемелік нұсқаулықтарда беріледі. Дегенмен әр мектеп жиынтық бағалау тапсырмаларын өз еркімен дайындай алады. Мұғалімге көмек ретінде жиынтық бағалаудың тапсырмалары жинақталған базасы да қолданылуы мүмкін.
Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау
Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау кезінде мұғалімге оқу бағдарламасында берілген оқу мақсаттарына шолу жасап шығу ұсынылады. Бағалау оқу жоспарында анықталған оқу мақсаттарының меңгерілу деңгейін анықтайды.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кестесі мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп, оқушылар мен ата-аналарын оқу жылының басында хабардар етеді.
Тоқсандық жиынтық бағалау бір қатардағы барлық сыныптар үшін бірдей жағдайда ұйымдастырылады. Жиынтық бағалауды қайта орындау (көшіріп жазу) рұқсат етілмейді.
Егер оқушы тоқсандық жиынтық бағалауға белгілі бір себептермен қатыса алмаған жағдайда (ауырып қалуы, жақын туысқанының қайтыс болуы, конференцияға, олимпиадаға және басқа да ғылыми жарыстарға қатысқан жағдайда), пән бойынша орындай алмаған тоқсандық жиынтық жұмысын мектепке келгеннен кейінгі екі апта ішінде орындауы тиіс; бұл жағдайда тоқсандық ішкі жиынтық бағалау жұмысының қосымша нұсқасы қолданылады.
Модерация оқушының жиынтық бағалау бойынша нәтиже қорытындысын мұғалімдердің қатысумен талқылауына байланысты үдеріс. Модерация үдерісі бір қатардағы сыныптарда сабақ беретін мұғалімдердің қатысуымен өткізіледі. Олар белгілі бір пән бойынша алдын ала жұмыстарды бағалау арқылы мұғалімдердің балл қою кестесін біркелкі түсінуін қаматамасыз етеді.
Жиынтық бағалаудың модерациясы тоқсан аяғында өткізіледі және ол оқушылардың жиынтық бағалауының нәтижелерін талқылауға арналады. Аталған үдерісті мұғалім бір сынып және пән бойынша бағалауды стандарттау мақсатымен өткізеді. Модерация қорытындысы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесі өзгеруі мүмкін. Модерация үдерісінің төрағасы ретінде пән мұғалімі немесе пән бірлестігінің жетекшісі бола алады.
Тоқсандық жиынтық бағалау бойынша модерация
Тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясы белгіленген тәртіп бойынша өткізіледі. Мұғалім:
Модерацияға дейін:
• Оқушының жиынтық бағалау жұмысы балл қою кестесіне сәйкес бағаланады
• Балдар қарындашпен қойылады.
• Жұмыс үлгілерін іріктейді.
• Оқушылардың жұмыстарының көшірмелерін немесе шифрлы жұмыстарды дайындайды.
Модерация кезінде:
• Жұмыстың нәтижесін әріптестермен бірге талқылайды және барлығы балл қою кестесін бірдей түсінетініне көз жеткізеді.
• Нәтижеге немесе балл қою кестесіне қажет жағдайда өзгерістер енгізеді.
• Жұмыс үлгісіне балды қаламмен қояды.
• Хаттамаға қол қояды.
Модерациядан кейін:
• Модерация қорытындысы бойынша жиынтық жұмысын бағалауда балдың арту не кему жағына қарай өзгеру мүмкіндігін қарастырады.
• Қорытынды балл қаламмен қойылады.
Модерация үдерісінің тиімді өтуіне маңызды шарттар ретінде төмендегілерді ескерген дұрыс: өзара ынтымастық мәдениетін сақтау, ашық және шынайы қарым-қатынас орнату, конструктивті түрде кері байланыс әрекетін жасай білу және кәсіби қолдау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет