Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Критериалды бағалаудың құраушыларына сипаттама беріп жіктеп беріңіз



бет73/93
Дата14.09.2023
өлшемі0,53 Mb.
#107801
түріБағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   93
73. Критериалды бағалаудың құраушыларына сипаттама беріп жіктеп беріңіз.
Критериалды бағалау – бұл үдеріс, берілген жүйе бойынша оқушының оқу жетістігін алдын-ала барлық қатысушыларға белгілі (оқушыларға, мектеп әкімшілігіне, ата - анасына және заң өкілдеріне) анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен салыстыруға негізделген.
Бұл бағалау жүйесі ең алғаш оқушыларды жақсы оқуға жетелеп, оның өсу қарқыны мен біліміндегі ақауларды анықтауға бағытталған.
Критериалды бағалау жүйесі
1. Қалыптастырушы/формативті
2. Жиынтық бағалау
Қалыптастырушы/формативті (ағымдағы) бағалау – сабақта немесе үйде күнделікті жұмыс үрдісінде білімі мен дағдысының ағымдағы дәрежесін анықтау, оқу үрдісінде оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты жандандыру.
Қалыптастырушы/формативті бағалау әртүрлі формада іске асады (ауызша сұрау, жазбаша, практикалық жұмыстар, мадақтау, көтермелеу, т.б.) және жиынтық бағалауға дейін мұғалімге де, оқушыға да оқу барасында кеткен кемшіліктерін түзетуге, қайта қарауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау – белгілі бір мерзімдегі (тоқсан, жартыжылдық, жылдық) оқу жетістігінің деңгейін анықтау үшін орындалатын оқушының жұмысы;
Жиынтық бағалау әртүрлі болады (тест, сынақ, бақылау жұмысы, т.б.). Жиынтық жұмысқа қойылған баға белгілі бір есепті мерзімді (тоқсан, жартыжылдық, жылдық) қорытындылауды анықтайтын баға болып табылады.

74. Дескрипторды құрастырудың әдістемесін, бағалаудағы мақсатын айқындап түсіндіріңіз.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
 Мектепте оқу сапасын жоғарлату
 Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру
Рубрикатор Рубрика (айдар, тарау) – өтілген тақырып бойынша оқушылар білімін бағалау критерийлер жиынтығы. Ол қандай да бір тақырыпты зерттеу мақсаттарымен анықталады және мазмұндық жағынан сол рубриканы ашатын критерийлермен толықтырылады.
Критерийлер - оқыту міндеттерімен анықталады және оқушылардың жұмыс барысында жасайтын, соның нәтижесінде жақсы меңгеруге тиіс әр түрлі іс-әрекеттерінің тізімін құрайды.
Дескрипторлар - оқушының әр критерий бойынша (сатылы түрде) нәтижеге жету деңгейін сипаттайды және оны белгілі бір ұпайлармен бағалайды: жетістік жоғары болған сайын сол критерий бойынша ұпай да жоғары болады.
Рубрика – Критерий -Дескриптор Рубрикалар оқушылар не үшін оқитынын көрсетеді Критерийлер оқушы нені үйрену керектігін байқатады Дескрипторлар (түйінді сөз) оқушы қалай жоғары нәтижеге жете алатындығын көрсетеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет