Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы
Ба дарламасы мазм нын т сіндірі із. Халы аралы зерттеу ба дарла (1)
Модерацияны ойдағыдай жүргізу үшін қажетті жағдайлар: ынтымақтастық мәдениеті, ашық және анық коммуникация, сындарлы (конструктивті) кері байланыс және ұжымдағы кәсіби қолдау болып табылады. Қорыта айтқанда, бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады. Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. ІШКІ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ Ішкі жиынтық бағалау әр тоқсан соңында өткізіледі. Жиынтық жұмыс – практикалық жұмысты қосқанда, әр түрлі типтегі және күрделік деңгейдегі тапсырмаларды қолданатын жазбаша жұмыс. Ішкі жиынтық бағалауға жұмыстарды дайындау бойынша ұсыныстар әзірленетін болады. Жиынтық жұмысты тексеруден кейін модерация өткізіледі. Мұғалімдердің оқушылар жұмыстарын бір пән және сынып бойынша талқылап, бағаларды стандарттау мақсатында баға қоюдың әділ және айқын түрін қамтамасыз ету процессі. Модерация білім беру процесінің сапасын және нәтижелілігін айтарлықтай жоғарлатады. Жиынтық бағалаудың нәтижесі журналда балл түрінде жазылады. жүктеу/скачать 0,53 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |