Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы



бет16/93
Дата14.09.2023
өлшемі0,53 Mb.
#107801
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   93
Байланысты:
Ба дарламасы мазм нын т сіндірі із. Халы аралы зерттеу ба дарла (1)

Мұғалім модерацияға дейін:
• білім алушылардың жиынтық бағалау жұмыстарын балл қою кестесіне сәйкес бағалайды;
• жиынтық жұмыс үлгілерін іріктеп алады (максималды, минималды балдармен; бағалауда қиындық тудыратын жұмыстарды);
• жеке мәліметтерді шифрлайды, білім алушылардың жұмыстарын модерацияға дайындайды.

  • Балдар қарындашпен қойылады.

Модерация кезінде:
• білім алушылардың жұмыс қорытындысын әріптестермен талқылайды, барлық балдардың балл қою кестесіне сәйкес қойылғанына көз жеткізеді;
• қажет болған жағдайда нәтижелерге немесе балл қою кестесіне өзгерістер енгізеді;
• отырыс хаттамасына қол қояды.



Модерациядан кейін:
• модерацияны ескере отырып, өзгеріс енгізу қажет білім алушылардың барлық жұмыстарын қайта қарастырады. Мұндай жағдайда жоғарылату немесе төмендету жағына қарай балдардың өзгеруі де мүмкін;
• білім алушының жұмысына соңғы нақты балдар қойылады;
• соңғы нақты балдар электрондық журналға қойылады.

Модерацияны ойдағыдай жүргізу үшін қажетті жағдайлар: ынтымақтастық мәдениеті, ашық және анық коммуникация, сындарлы (конструктивті) кері байланыс және ұжымдағы кәсіби қолдау болып табылады. Қорыта айтқанда, бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады. Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.
ІШКІ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
Ішкі жиынтық бағалау әр тоқсан соңында өткізіледі. Жиынтық жұмыс – практикалық жұмысты қосқанда, әр түрлі типтегі және күрделік деңгейдегі тапсырмаларды қолданатын жазбаша жұмыс. Ішкі жиынтық бағалауға жұмыстарды дайындау бойынша ұсыныстар әзірленетін болады. Жиынтық жұмысты тексеруден кейін модерация өткізіледі. Мұғалімдердің оқушылар жұмыстарын бір пән және сынып бойынша талқылап, бағаларды стандарттау мақсатында баға қоюдың әділ және айқын түрін қамтамасыз ету процессі. Модерация білім беру процесінің сапасын және нәтижелілігін айтарлықтай жоғарлатады. Жиынтық бағалаудың нәтижесі журналда балл түрінде жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет