Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет10/440
Дата06.01.2022
өлшемі4,87 Mb.
#15964
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   440
Тиімді оқыту
Оқыту барысында ауқымды міндеттер шешіліп, мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс 
істейтінін ескерсек, тиімділік деген сөздің мағыналық анықтамасы нақты емес, екіұшты бо-
лып шығады. Осы сияқты «мұғалім жұмысының сапасы» да – күрделі феномен, оның мазмұны 
мен өлшем құралдары жайында бірыңғай пікір жоқ. Мұғалім жұмысының тиімділігін анықтау 
өлшемі жөнінде түрлі пікірлер бар: ол мұғалімнің жетістіктері (біліктілігі т.б.), оқыту үдерісі 
(оқыту әдістері т.б.), оқыту нәтижесі (оқушының білім алуына ықпал ету т.б.) немесе жоғарыда 
аталған барлық факторлардың жиынтығы болуы мүмкін деген ойлар да айтылуда.
Оқытудың  қандай  жолы  қолданылса  да,  «оқыту  тиімділігі»  ұғымына  қатысты 
қарастырылатын екі түрлі көзқарас бар. Біріншіден, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік ны-
сан ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас 
нәтижесі ретінде қарастырылуы. 
Мұғалімнің  қызметін  бағалау  барысында  бағалаушы  белгілі  бір  факторлар  жиынтығын 
пайдалана отырып, «сапа» деген ұғымды өзінше түсіндіріп беретіндігін ұғыну қажет.
Сындарлы  оқытуға  негізделген  сабақтар  оқушыларға  өз  білімдері  мен  ұстанымдары 
жайында  ойланып,  сұрақтар  қойып,  білімін  толықтырып,  белгілі  бір  тақырыпты  оқып-білу 
кезеңінде  өз  түсінігін  өзгертуге  мүмкіндік  береді.  Бұл  үдеріс  оқушының  өз  болжамдары-
на күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы 
өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде 
оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар  құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау 
арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім оқушылардың оқуына қолайлы жағдайлар 
жасап, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз 
кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болғаны абзал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет