Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық


Тәжірибені түрлендіру және жаңалықтар қарқыны



Pdf көрінісі
бет18/440
Дата06.01.2022
өлшемі4,87 Mb.
#15964
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   440
Байланысты:
Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы

Тәжірибені түрлендіру және жаңалықтар қарқыны
Тәжірибені түрлендіру
Заманауи зерттеушілер (Sinek, 2009) келешекке бағдарланған идеялар мен инновациялық 
тәсілдерді игерген көшбасшы мұғалімдердің мұғалімдер тәжірибесін өзгертуге ықпал етуге 
үнемі күші жете бермейтіндігін атап көрсетуде. Себебі олар әдетте өзінен «Өзгеріс не үшін 
қажет?»  деп  сұрамайды.  Мұғалімдерге  арналған  «Мектептегі  мұғалім  көшбасшылығы» 
бағдарламасы  сұрақтардың  ретін  өзгерту  арқылы  қалыптасқан  тәртіпті  өзгертпек:  бірінші 
– «Неге?» тек содан кейін ғана – «Не?». Бағдарлама мұғалімдер тәжірибесіне өзгеріс енгізу 
қажеттігін алға тартады, ол өзгерістер жастарға ХХІ ғасырда табысқа жету үшін қажетті білім 
және дағдылармен үйлесуге тиісті. Қазақстан Республикасының бірегей мәдени құндылықтары 


14
сақталған жағдайда мектептерде бұл өзгерістерге қол жеткізу өзекті әрі қажетті деп қаралуға 
тиіс. 
Инновацияларды  енгізген  кезде  білім  беру  саласының  басшылары  оның  түбегейлілік, 
өзектілік, айқындаушылық сипатына, бүкіл білім беру жүйесін өзгерте алатындығына сеніп, 
негізінен «Нені енгізу қажет» деген мәселеге басымдық береді. Бұл сұрақтың жауабы ретінде 
қалыптастырушы бағалауды енгізуді, шағын жинақталған сыныптарды ашуды, оқытудың, атап 
айтқанда бүкіл әлемде тиімді қолданылып жүрген заманауи тәсілдерін қолдануды атауға бола-
ды. Біліктілікті арттыру курстары аясында мұғалімдерге, объективтік факторларға қарамастан, 
жергілікті жерлерде белгілі бір инновациялық тәсілдер мен әдістерді іске асыру тапсырылады, 
содан кейін мектеп басшылығы сыныпта шұғыл өзгерістерді күтеді. Инновацияның қажеттігінің 
шынайы себептерін анықтамай тұрып, бұл инновацияны енгізу әсері неліктен, қандай жағдайда 
және қалайша алынады деген сұрақтардың жауабын анықтап алмай, Ұлыбритания мен АҚШ-
тың мектептерінде көптеген бастамалар сіңісе алмады.
Бағдарламаның мазмұны сұрақтарды төмендегі ретпен қою арқылы құрылымдалып, өзгеше 
тәсілге негізделген: Неліктен біз біздің оқыту тәсілдерімізді өзгертуге тиіспіз, содан кейін 
мәселені шешуге бағытталып: Біз мұны қалай істейміз, тек содан кейін ғана – Біз сыныпта 
не  істеуіміз  керек?  деген  сұрақты  алға  тартады.  Бұл  тәсіл  өзінің  табыстылығын  дәлелдеп, 
Apple сияқты ірі трансұлттық компаниялар (Sinek, 2009), сондай-ақ білім беру саласындағы 
әлемдік көшбасшылар тарапынан қолдау тауып отыр (Darling-Hammond, 2006; Timperley 2009, 
Schleicher 2012, MacBeath, 2012).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет