Байланысты: Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы
1-кесте. Шульман ілімі Мұғалімнің үш көмекшісі (Shulman, 2007) Табысты мұғалімге тән белгілер Бас Кәсіби түсінік Оқыту мен оқу, сондай-ақ жеке тұлға ретінде оқушылар туралы
тұғырлы теориялық базаға негізделген, жеткілікті білімнің
болуын талап етеді. Сондай-ақ тәжірибені түсіну, дамыту/
жетілдіру үшін дәлелдер/зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану
керектігін білуді көздейді.
Қол Оқытудың тәжірибелік дағдылары Бұл оқытуды іске асыру, түзету және бағалау барысында
түйінді кәсіби идеяларды түсіндіре білудің техникалық және
тәжірибелік дағдыларын, әртүрлі әдістер мен тәсілдерді білуді
талап етеді. Сонымен қатар ынталандыру, көтермелеу, шектеу,
сабақтарды, сондай-ақ оның жекелеген кезеңдерін жоспарлау
және оқушыларды бағалау әдістемелерін меңгеру қажет.
Жоғарыда аталған білімдер мен дағдылар болған жағдайда, мұғалім
сабақ үстінде оқушылардың оқуға ынтасын арттырып, тиісті
және одан да жоғары деңгейлерге қол жеткізуге ұмтылатындай
қолайлы орта қалыптастырып, оның тұрақтылығын қамтамасыз
етері анық.