Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық


МЕКТЕП ПЕН СЫНЫПТА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУДІ БАСҚАРУ



Pdf көрінісі
бет16/440
Дата06.01.2022
өлшемі4,87 Mb.
#15964
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   440
Байланысты:
Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы

13
МЕКТЕП ПЕН СЫНЫПТА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУДІ БАСҚАРУ 
ЖӘНЕ ЖЕТЕКШІЛІК ЕТУ
Жетілдірілген оқыту
Мұғалімнің  кәсіби  дамуы  үшін  тәжірибелік  дағдыларды  қалыптастыруға  ерекше  көңіл 
бөлудің маңызы зор. Мұғалімнің барлық оқушыларға осы дағдыларды үйрету туралы шешім 
қабылдауы аздық етеді, себебі бұл жолда қолданылатын тәсілдердің көп болуына қарамастан, 
бұл мәселені шешу оңай емес. Бұған оның сыныпты басқару проблемасымен де байланысты 
екендігі өз ықпалын тигізіп жатады, сонымен қатар ол мұғалімнің көптеген мәселелер жөнінде 
қаруланып, сабақ барысында жедел шешім қабылдауға дайын болуын көздейді.
Аталған  проблеманы  шешу  мақсатында  ХХІ  ғасыр  дағдылары  жүйесі  мұғалімдер 
арасындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуді көздейді. Соның нәтижесінде мұғалімдер бірлесе 
жұмыс істеп, инновациялық тиімді идеялармен алмаса алады, сол арқылы күнделікті қызметте 
қолданатын оқыту мен оқу тәсілдерінің ықпалын күшейте түседі. Дегенмен, идеяларды сы-
ныпта шын мәнінде іске асыру үшін саяси ниет пен әкімшілік басшылықтың тарапынан бола-
тын шектеулерді еңсерудің өзі үлкен міндет екенін ұмытпау қажет. Мұғалімдердің көпшілігіне 
сын тұрғысынан ойлаудың маңызды әрі тиімді екенін ұғындырудың қажеті жоқ, бұған олардың 
көздері әлдеқашан жеткен. Алайда мұғалімдер оқып, білім алуды және қолдауды қажетсінеді. 
Яғни оқушыға бағдарланған әдістерді пайдалану кезінде сыныпты басқаруда туындайтын про-
блемалармен және жоғары танымдық қажеттілікпен байланысты нақты сабақтарды жоспарлау 
мәселелерін терең түсінуде қолдау көрсету қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет