Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет165/440
Дата06.01.2022
өлшемі4,87 Mb.
#15964
түріБағдарламасы
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   440
97
тоғыз түйінді ұстанымы сипатталған.
Білімді 
арттырады
Алдыңғы білім 
мен тәжірибеге 
негізделеді
Оқушының 
белсенді қатысуына 
ықпал етеді
Оқу үшін 
бағалау мен оқуды 
бағалауды 
қолданады
Мұғалім оқуға 
қолдау көрсетеді
Әлеуметтік және 
жеке үдеріске 
ықпал етеді
Бейресми оқу 
жүзеге асады
Мұғалім біліміне 
байланысты
Оқушыны бүкіл 
өміріне жеткілікті 
біліммен 
жабдықтайды
21-сурет. Оқыту мен оқудың түйінді тоғыз қағидаты
Жаратылыстану  ғылымдарын  оқыту  төменгі  сынып  оқушыларының  ғылыми  идеялар-
ды  қалыптастыруының  ерекше  тәсілін  қажет  ететіндігін  айта  кету  керек,  бұл  білімдердің 
педагогикалық аспектісі болып табылады.
Білімнің педагогикалық аспектісі (БПА)
Білімнің педагогикалық аспектісі мазмұнды педагогикалық ықпалды формаларға айнал-
дыру мүмкіндігін беретін құрамдас бөліктердің: оқу мазмұны мен педагогикалық білімдердің 
біртұтастығы  болып  табылады  (Shulman,  1986).  Жаратылыстану  ғылымдары  саласындағы 
білім беру мәнмәтінінде аталған біртұтастық оқытылатын ғылыми тұжырымдамаларды білікті 
түсіну оқушылардың оларды түйсінуі мен түсінуіне көмектесу қабілетімен ажырамас байланы-
ста болуын көздейді. Осылайша, жаратылыстану ғылымдарының білікті мұғалімі абстрактілі 
ғылыми идеялар мен үдерістерді оқушылардың белгілі бір тобына бұларды өз бетімен зерттеу 
үдерісін қамтамасыз ете отырып ұсынатындай етіп, құрамдас бөліктерге бөле алуы тиіс.
БПА  аналогия,  суреттеу,  мысалдар,  түсіндіру  және  көрсету  сияқты  ғылыми  идеяларды 
ұсынудың тиімді, оңтайлы нысандарын қамтиды. Шын мәнінде, БПА оқушыларға ғылымды 
түсінікті  жолмен  көрсету  әрі  ұсыну  тәсілі  болып  табылады.  Сонымен  қатар  білімдердің 
педагогикалық  аспектісі  мұғалімге  оқушылардың  жекелеген  тақырыптарды  оңай  не  қиын 
меңгеруінің  себептерін  түсінуге  көмектеседі.  Бұл  себептер  кей  жағдайларда  оқушылардың 
ғылыми тұжырымдамаларды түсінбеуімен, ал кейде әртүрлі жастағы және білім деңгейі әртүрлі 
оқушылардың  мектепке  өз  наным-сенімдерімен  немесе  теріс  ұғымдарымен  келетіндігімен 
түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет