Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет169/440
Дата06.01.2022
өлшемі4,87 Mb.
#15964
түріБағдарламасы
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   440
Байланысты:
Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы

Мұғалім үшін маңызы
Оқушылардың күнделікті өмірде АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері негізінен тиісті саладағы 
тиімді оқыту мен оқуға байланысты. Егер оқушылар АКТ-ны тиісті дәрежеде меңгермей, оның 
мүмкіндіктерін игермеген болса, олардың басқа пәндерде АКТ-ны пайдалануы тиімсіз болуы 
да  мүмкін.  Бұл  АКТ  саласында  және  пәндік  білім  бойынша  «кенжелеп»  қалуға  ықпал  етуі 
мүмкін. Мәселен, оқушылар бағдарламалық жасақтаманы қалай пайдалану керектігін білмесе 
және тапсырманың мәнін қалай беруге болатынын түсінбесе, оларға белгілі бір тақырып бой-
ынша таныстырылым дайында деп тапсырма беруден ештеңе өнбейді. Жаңа пәндік білімдерді 


99
алумен бірге, АКТ-ның жаңа салаларын қатар игеруге ұмтылатын оқушылар екі салада да, 
яғни АКТ-ны қолдану мен білімді игеруде де бірдей мықты бола алмайды.
Сондықтан төменде оқытудың бес аспектісіне ықпал етуге арналған оқу құралы ретінде 
АКТ-ны қалай пайдалануға болатындығының үлгілері ұсынылған:
Көрсетілім
АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?
•  оқушылардың түрлі амал-тәсілдерді көрсетуі (мысалы, нақты ғылымда заттарды қалай 
өлшеуге болады және т.б.);
•  идеяларды салыстыру (мәселен, өнер мен музыка саласында және т.б.)
•  зерделеу  және  талқылау  мақсатында  басқа  оқушылармен  жұмыстарын  алмастыру 
(мәселен, көркем жазу және тарихта т.б.);
•  оқушылардың жұмысы мен түсініктемелерін салыстыру (мәселен, бейнеклиптер).
Модельдеу
АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?
•  оқушыларға өмірдегі нақты проблемалар немесе оқиғалардың модельдерін ұсыну (мы-
салы, ғылымдағы сызба немесе географиядағы табиғи өзгерістердің көрінісі және т.б.);
•  оқушыларға мәтінді талдаудың және жазбаша нысанды пайдаланудың әдістерін көрсету 
(мәселен, көркем жазуда немесе тарихта т.б.);
•  тұжырымдаманы көрсететін бейнелерді беру (мысалы, түрлі эмоциялар мен сезімдерді 
модельдеу  үшін  дыбыс  пен  бейнені  пайдалану,  математикалық  модельдер  ретінде 
кестені пайдалану – «егер... болса, не болады?»).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет