Байланысты: Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы
Бағалау мен талдау АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?
• оқушылардың түрлі нысандағы ақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету (мәселен,
DVD-дискілер, аудиокассеталар, белгілер, символдар, басқа тілдер);
• оқуда жаңалық жасауға ықпал ету (мәселен, веб-сайттан кез келген пән бойынша
ақпарат іздеу);
• оқушыларға мәтіндердің түрлерін көрсету (мәселен, көркем жазу бойынша ғылыми-
танымал мәтіндер, эмоция мен сезімін білдіру үшін авторлардың сөздерді пайдалану-
ын талдау және т.б.);
• балама таныстырылымдар мен суреттер ұсыну (мәселен, жиналған деректер үшін
неғұрлым жақсы келетін кесте туралы шешім қабылдау, әртүрлі суретшілердің
жұмыстарын салыстыру, сызба немесе тізбек жасау, мәселен, музыкадағы дыбыс не-
месе математикадағы сандар және т.б.).