Байланысты: Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы
Осылайша мұғалімдерді жиынтық бағалау екі компоненттен тұрады:
Портфолионы бағалау;
Мұғалімнің портфолиосының мазмұны туралы таныстырылымды бағалау.
Бағалау үдерісінің екі компоненті «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының
мақсаттарына сәйкес бағалаудың теңдестірілген тәсілін қамтамасыз етуге бағытталған.
Портфолионы және портфолио мазмұны туралы таныстырылымды бағалау оқыту мен оқу
тәжірибесінде Бағдарламаның идеяларын іске асырудағы мұғалімнің қабілеттілігін анықтауға
бағытталады. Портфолионы және портфолионың таныстырылымын бағалау үлкен мәнге
ие, өйткені ол мұғалімнің тәжірибесін өзгертеді, бұл «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы»
бағдарламасының басты мақсаты болып табылады.