108 БАҒАЛАУ ҮДЕРІСІ «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының мазмұны «Қазақстан Республи-
касы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасында» бекітілген
мұғалімдерді бағалау критерийлеріне сәйкес келеді. Бұл критерийлер тәжірибелі және табы-
сты практик, рефлексия жасауды білетін және әріптестерінің дамуына қолдау көрсете алатын
мұғалімдерге қатысты қолданылады.
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының басым бағыттары:
• оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің маңызын түсіну және түйсіну;
• коучинг және тәлімгерлік жүргізу арқылы тиімді оқытуды дамыту мен жүзеге асыруда
әріптестерге қолдау көрсету.
Бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде мұғалімдер оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері тұрғысынан
әріптестерге коучинг және тәлімгерлік жүргізу әдістерімен танысатын болады. Сондай-ақ
оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізіп, осы өзгерістер туралы рефлексия жасау
жолдарымен танысады.
«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде мұғалімдер өз сыныбы аясында оқыту тәжірибесіне
өзгеріс енгізеді, олар оны бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде жоспарлайды; әріптестерінің
шағын тобымен коучинг сабақтарын өткізетін болады. Коучинг тақырыбы әріптестерімен
талқыланып, солардың сұранысына негізделеді және «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы»
бағдарламасының жеті модулінің біріне немесе бірнешеуіне сәйкес келуі тиіс. Мұғалім коу-
чинг сабақтарында ұсынылған идеяларға екпін жасай отырып, тәжірибені жақсарту үшін өз
әріптестерінің бірін тәлімгерлікке алады.
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының соңғы аптасында мұғалім өз
тәжірибесіне өзгеріс енгізу барысында не үйренгені туралы рефлексия жасайды, талқылайды
және қағазға түсіреді. Сонымен қатар, мұғалімдер «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде жүргізген
коучинг пен тәлімгерлік үдерісі туралы рефлексия жасайды, талқылайды және қағазға түсіреді.
Қорытынды «Бетпе-бет» кезеңінде мұғалімдер «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы»
бағдарламасының екі бағытына қатысты портфолио қалыптастыру жұмыстарын аяқтайды. Портфолионы бағалау Бағдарламаны табысты аяқтаудың үш түйінді критерийіне
сәйкес мұғалімді бағалаудың маңызды элементі болып табылады.
Мұғалімдер:
қажетті білім алып, Бағдарламаның түйінді идеялары бойынша түсінік қалыптастырғанын;
осы идеяларды өз тәжірибесінде табысты қолданатындығын;
жаңа тәжірибелерді/тәсілдерді енгізу туралы рефлексия жасап, одан әрі даму мақсатында
өзінің жинақтаған тәжірибесін пайдаланатынын көрсетулері керек.
Тыңдаушылардың «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының критерийлеріне
табысты қол жеткізгендігінің дәлелін ең алдымен портфолиодан көруге болады. Сонымен
қатар, мұғалімдер екінші «Бетпе-бет» кезеңінде ұсынылатын таныстырылымда үш түйінді кри-
терийлерге сәйкес келетіндігін көрсетуге тиіс. Бұл таныстырылым портфолионың мазмұнына
негізделеді.