Байланысты: Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы
Мектептегі коучинг пен тәлімгерлік негізгі жеті ұстанымға негізделеді: 1. Коучинг пен тәлімгерлік мұғалімдердің дамуы мен жетілуіне көмек көрсетудің
айтарлықтай тиімді тәсілі болып табылады.
2. Коучинг пен тәлімгерлік ойдағыдай іске асырылған жағдайда оқыту мен оқудың сапасы
артады.
3. Кәсібилігін жетілдіру мақсатында коуч пен тәлімгерге тренинг қажет.
4. Коучті жаттықтырып жетілдіру – тренерлердің басты міндеті.
5. Оқыту мен оқу тәжірибесіндегі болмашы қадамдар мен өзгерістер сыныптағы жағдайды
айтарлықтай өзгерте алады.
6. Оқыту мен оқу тәжірибесі үшін ұсынылатын жекелеген тәсілдер мен әдістер, бір
қарағанда, болмашы болып көрінуі мүмкін, бірақ жүйе ішінде жағымды өзгерістерге ықпал
ететін қуатты қозғаушы күш бола алады.
7. Коучингіні іске асырудың бір ғана дұрыс жолы жоқ.