Сындарлылық теориясы – лат. constructivus – құрылымына байланысты. Сындарлылық (философия)
– таным бейне ретінде емес, субъектінің әлемнің интерпретациясын (моделін)
белсенді құруы ретінде қабылданатын тәсіл.
Өзінің ой-тұжырымдарын құру немесе іс жүзіндегі әрекеттер арқылы, болмаса
әлеуметтік өзара іс-қимыл арқылы ұғынылатын түсіністік. Барлық жаңа оқулар
адам бұған дейін білетіннен басталады, адамның бұдан қандай білім алып
шығатыны осыған байланысты болады.
Сыни бағалау – әрекет, үдеріс не өнімнің нәтижелілігін/құндылығын/негізділігін талдау
және бұлардың неліктен нәтижелі/құнды/негізді болғанын немесе болмағанын
түсіндіру қабілеті.