Сабақты зерттеу тәсілі Сабақты зерттеу тәсілі жекелеген мұғалімдердің оқыту үдерісін жақсартуға, сонымен
қатар бір топ мұғалімнің педагогикалық әлеуетін дамытуға, ақыр соңында – оқушылардың оқу
үлгерімін жақсартуға арналған. Сабақты зерттеу туралы толық ақпаратты Мұғалімге арналған
нұсқаулықтан (бұдан әрі – Нұсқаулық) табуға болады. Сабақты зерттеудің кең тараған түрі
төрт кезеңнен тұрады:
1-кезең: Жеке немесе бірлесіп, топпен, әріптестеріңнің немесе тәжірибелі мұғалімдердің
кеңес беруі арқылы сабақтың мақсатын қою және оны дайындау.
2-кезең: Сабақты зерттеу жүргізу және Сабақты зерттеуге қатысушылардың оны бақылауы.
3-кезең: Сабақты зерттеуге қатысушылардың барлығы: сабақ бергендердің де, оқыту
үдерісін бақылаған адамдардың да табысты тұстарды, сондай-ақ жетілдірілуге тиісті жерлерді
талқылауы.