Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық


Мұғалімге арналған зерттеушілік семинар



Pdf көрінісі
бет35/440
Дата06.01.2022
өлшемі4,87 Mb.
#15964
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   440
Байланысты:
Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы

Мұғалімге арналған зерттеушілік семинар
Мектеп  сонымен  қатар  мұғалімді  ынталандыру  объектісі  де  бола  алады.  Мектепте 
ұйымдастырылатын  ғылыми-зерттеу  семинарларының  көздеген  бірнеше  мақсаттары  бар: 
мұғалімдер мен мектептерге шешу қажет болатын проблемалар мен мәселелерді анықтайды; 
оларды  шешудің  ұсынымдары  мен  стратегияларын  ұсынады;  мұғалімнің  де,  мектептің  де 
әлеуетін дамыту мақсатында мұғалімдердің мектепте ортақ білім базасын құруына септігін 
тигізеді.
Зерттеуші мектеп
Мектепті зерттеуші мектепке айналдыру оны қызметтің төмендегідей аспектілері бойын-
ша дамытуға жол ашады:
•  оқу сапасын арттыру және қолдау көрсету арқылы оқу үлгерімін арттыру;
•  мектептің ішкі эвалюациясы үдерісіне қолдау көрсету;
•  оқушылардың  білімдегі  жеке  қажеттіліктерін  түсіну  және  шешу  арқылы  оқуды 
жетілдіру;
•  жастардан  олардың  білім  алу  мәселелері  бойынша  кеңес  алу  және  оларды  ғылыми 
зерттеулерге тарту;
•  рөлі мен мәртебесіне қарамастан барлық қызметкерлердің мектеп реформаларына ат-
салысуы;
•  мектеп проблемаларын шешу үшін өзінің әлеуетін дамыту.
Мектепті  зерттеуші  мектеп  етіп  түрлендіру  мектепке  ғылыми  дәлелдемелерді  енгізу 
және зерттеу жүргізу жөніндегі міндеттеме алу дегенді білдіреді. Джеймс (2005) оқушы та-
бысты білім алуы үшін мұғалімнің де оқуын жалғастыруы негізгі талап болып табылады деп 
атап көрсетеді, осыған байланысты мұғалімдер білім алатын кәсіби мәдениетті жүйелі түрде 
дамыту аса маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет