86
• белгілі бір элементті атап көрсету үшін жауаптың
бір бөлігін қайталай алады;
• нақты кезеңдегі немесе алдағы әңгіме желісіне қосу мақсатында жауапты басқа
сөздермен
қайталап айта алады;
• жауапты мақтай алады (осы немесе одан кейінгі әңгімеде қолдана отырып, тікелей не-
месе жанама түрде);
• жауапты түзете алады;
• оқушыларды бұдан әрі де ақпарат немесе түсініктеме
іздеуге ынталандыра алады;
• оқушыларға маңызды мәселелерге назар аударуға көмектесе алады.
Бар назарын оқушыларды алдын ала белгілі жауапты табуға жетелеуге аударған мұғалімдер,
әдетте, олардың ақпаратты игеру үдерісін бақылаудан шығарып алады. Оқушыларға жауап бе-
руге уақыт беру керек және де мүмкін болса, бұдан кейінгі сұрақтар мен жауаптарды олардың
сөздеріне орайластырып құрған дұрыс.
Сұрақ қойылғаннан кейінгі кідіріспен қатар, көптеген
зерттеулерде мұғалім
оқушының жауабын алғаннан кейін де кідіріс жасау
қажет екені атап
көрсетілген. Харгривс және Гэлтон (2002) жалпы алғанда, мұғалім сұрақ қойғаннан кейін оны
қайталап немесе сол сұрақты өзге оқушыға басқаша қоймас бұрын шамамен екі секундтай
кідіретіндігін анықтаған.
Харгривс және Гэлтон мұғалімнің шұғыл және инстинктілік реакциясы жауапты бағалауға,
қайталауға немесе басқа сөздермен қайталап айтуға ұмтылысы болуы тиіс дейді. Күту уақытын
үштен жеті секундқа дейін созса, бұл төменде көрсетілгендер сияқты басқа да параметрлердің
өзгеретіндігіне әкеледі:
1. Оқушылардың жауаптарының ұзақтығы.
2. Ерікті жауаптардың саны.
3. Оқушылар сұрақтарының жиілігі.
4. Қабілеттері төменірек оқушылар жауаптарының саны.
5. «Оқушы-оқушы» әдісі бойынша өзара іс-қимыл.
6. Пікірталас туғызатын жауаптардың жиілігі.
Ойлануға берілетін уақытты көбейту (әсіресе күрделі жауаптар үшін) оқушыларға өз жа-
уаптарын түзетуге, нақтылауға және «өңдеуге» мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мақсатты
ескере отырып, жауаптардың жылдамдығы туралы да ұмытпау керек – жабық сұрақтар тобы
орынды болуы мүмкін, бірақ кейбір жағдайларда оқушылардың сұрақтарға жан-жақты ойла-
нып, терең жауап бергендері маңызды болып табылады.
Қорыта келгенде, оқушылардың нені білетіндері мен нені білмейтіндерін анықтау үшін
мұғалімнің жақсы қарым-қатынас дағдылары және түсіністікпен қарауы қажет болады.
Оқушылар қысқа жауап беретін сұрақтармен салыстырғанда, диалогтік әңгіме мұғалімдер де,
оқушылар да оқыту мен оқуға қомақты және маңызды үлес қосатын өзара іс-қимылдың аса
тиімді түрі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: