Байланысты: Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы
Басқаға бағыттау: сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысалы, «Көмектесе ала-
тындар бар ма?»
Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ,
сұрақ қою арқылы мұғалім:
• оқушыларды тақырыпқа сай және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;
• оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін айқындайды;
• білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;
• оқушылардың білімді қалыптастыруына және баяндап жеткізе білуіне көмектеседі;
• оқушылардың шығармашылық тұрғыдан ойлауына ықпал етеді;
• оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытады;
• оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне
және бағалауына ықпал етеді;
• әңгімелесу және ой елегінен өткізу арқылы оқушылардың ойлауы мен іс-әрекеттерін
тереңдетуге және шоғырландыруға ықпал етеді;
• оқуда кедергі келтіруі мүмкін қиындықтар мен түсініксіз мәселелерді анықтайды.