Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық


Қорытынды Мәліметтердің интерпретациясы негізінде қорытынды



Pdf көрінісі
бет152/440
Дата06.01.2022
өлшемі4,87 Mb.
#15964
түріБағдарламасы
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   440
Байланысты:
Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы

Қорытынды
Мәліметтердің интерпретациясы негізінде қорытынды жасалады, ол бағалауды көздейді. 
Бұл кезеңде бағалау үдерісі түрлі мақсаттарға және алынған ақпарат қолданылатын міндеттерге 
байланысты әртүрлі нысанда жүруі мүмкін.
Оқуды бағалау
Оқу  үшін  бағалауға  қарағанда,  оқуды  бағалаудың  мақсаты,  керісінше,  оқушы  қазіргі 
уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға 
үлес қосуға бағытталмаған, оның үстіне ұлттық бірыңғай тестілеу сияқты маңызды мәні бар 
тестілеу  оқу  үдерісіне  кері  әсерін  тигізуі  мүмкін  (Assessment  Reform  Group,  2002b).  Оқуды 
бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормалармен немесе бірдей жастағы 
оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды 
жасалады.  Мұндай  қорытындылар  стандартқа  немесе  әдетте  балл  немесе  деңгей  түрінде 
келтірілген межелікке «сәйкес/сәйкес емес» деген нысанда жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет