Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет161/440
Дата06.01.2022
өлшемі4,87 Mb.
#15964
түріБағдарламасы
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   440
94
ЖҰМЫС ҚҰРАЛДАРЫ
ОҚЫТУ МЕН ОҚУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Кіріспе
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ) дамуы білімді бағалау 
және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда 
қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін 
Ұлыбританияда  мұғалім  мамандығын  таңдап  алған  бүгінгі  жастардың,  өздерінің  болашақ 
оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, себебі олар өмір жағдайларының 
барлық  аспектілерінде  жаңа  технологияның  бар  мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып,  сандық 
технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. АКТ оқушыларға ғылыми 
ұғымдарды  түсіндіруді  және  олардың  қабылдауын,  түсінуін  жеңілдетуге  мүмкіндік  беріп, 
мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту ба-
рысында  осы  технологияларды  ойланып  қолдану  қажет.  Осы  тарауда  ұсынылған  ақпарат 
мұғалімдерге оқыту барысында ғылыми жетістіктерді пайдалану, оқыту мен оқуды жетілдіру 
мақсатында жаңа сандық технологияларды қолдану бойынша көмек көрсетуге арналған.
Тарихи шолу
Бекта (2003) сыныпта АКТ-ны жоғары деңгейде пайдалануға байланысты оқудың бірталай 
жақсарғандығын  байқаған.  Соған  қарамастан,  зерттеу  нәтижелері  жалпы  әсердің  әртүрлі 
екендігін,  әрі  АКТ  қандай  жағдайда  неғұрлым  нақты  ілгерілеуге  әкелетіні  түсініксіз  екенін 
көрсетіп отыр. Оқуды қолдайтын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірқатар 
сипаттамалары  анықталды  (Kennewell  and  et  al.,  2008),  алайда  сонымен  бірге  АКТ  көп 
жағдайларда оқуға кедергі келтіретіні анықталды (Birnbaum, 1990). АКТ оқушыларды танымдық 
және  метатанымдық  тапсырмаларды  орындауға  қатыстыруға  ынталандыра  алатындығының 
дәлелдері  жеткілікті  (Сох,  1997).  Дегенмен  бұл  ынталандыру  барлық  пәндер  бойынша 
үлгерімді жақсартуға әкелмеуі де мүмкін. Кокс пен Уэбб (2004) атап өткендей, АКТ ықпалы 
мұғалімнің пәндік білімінің деңгейіне, педагогикалық ұстанымдарына, оқытудағы тәсілдеріне, 
сондай-ақ олардың өзіне сенімді болуы және ол құралдарды пайдалану құзырлылығына бай-
ланысты. АКТ бүкіл әлемде көптеген мұғалімдердің күнделікті жұмысына еніп кетті, әсіресе 
проекторы  мен  интерактивті  тақталары  бар  техникалық  жасақталуы  мықты  мектептердің 
өзі  неге  тұрады  (Kennewell  and  Beauchamp,  2007).  Алайда  техникалық  құралдардың  болу 
фактісі оқыту мен оқудың техникалық емес құралдарының көмегімен жетістікке жетуге бо-
латын аспектілер бойынша оқуды жақсартуға және үлгерімді арттыруға кепілдік бере алмай-
ды (Beauchamp, 2006). Сондықтан АКТ-ны пайдаланғаннан нәтиже болуы үшін мұғалімдер 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды есепке ала отырып, өздерінің педагогикалық 
білімдерін  дамытуға  тиісті  (Mishra  and  Koehler,  2006)  және  мұғалімдердің  осы  технология-
ны  пайдаланудағы  құзыреттілігі  мен  сенімділік  деңгейімен  үйлесуі  керек  (Kennewell  and 
Beauchamp, 2007).
Мишра мен Келер (2006) егер де жаңа технологиялар оқыту мен оқуды жетілдіру үдерісін 
түрлендіретін  болса,  онда  сабақтарды  жоспарлау  үдерісінде  пәндік  білім  мен  оқыту  техно-
логиялары сабақтасып жатуы керек дейді. Бұдан басқа Мишра мен Келер мұғалім білімнің 
барлық үш саласын байланыстыруға қабілетті, олар шеберліктің жеткілікті жоғары дәрежесіне 
ие және кәсіби тәжірибелері мол деп бағалайды. Бұдан әрі зерттеушілер осындай мұғалімдер 
зертханада  жұмыс  істейтін  практик  ғалымдармен,  бағдарламашылар,  технологиялық  сарап-
шылармен немесе жаңа технологияларды қолдану саласындағы білімі кемшін түсіп жататын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет