Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет176/440
Дата06.01.2022
өлшемі4,87 Mb.
#15964
түріБағдарламасы
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   440
Байланысты:
Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы

103
КОУЧИНГ 
Білімінің дәрежесі мен кәсіби деңгейіне қарамастан, өзінің қол жеткізген үздік нәтижелерін  
өз  бетінше  үнемі  тиімді  ұстап  тұру  кімге  болса  да  оңайға  соқпайды.  Осыған  байланысты 
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы мұғалімдерге әріптестерімен бірге коу-
чинг  және  тәлімгерлік  арқылы  жаңа  тәсілдерді  пәнге  енгізу  үшін  жұмыс  істеуге  мүмкіндік 
беретін дағдыларды ұсынады. Тәлімгер және коуч болып қалыптасу барысында мұғалімдер 
оқыту тәжірибесін жақсарту мақсатында мектеп ұжымымен бірлесе жұмыс істейді.
«Тәлімгерлік» және «коучинг» ұғымдары ұқсас қызмет түрлерін сипаттау үшін әдетте си-
ноним ретінде қолданылады, осыған байланысты осы санаттардың мағыналары ауысып кетуі 
ықтимал. Олардың әрқайсысына тән ерекшеліктері бар.
Коучинг - (ағылш. coaching) сөзбе-сөз аудармасы – тәлім ету, дайындау, жаттықтыру
Бұл – әріптестердің (коуч пен әріптесі) жаңашыл, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік 
үдерісі. Коучинг барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идея-
лармен алмасу, коуч тарапынан рефлексиялық диалогқа тарту негізінде басқа мұғалімдер 
өз  жұмысының  жекелеген  салаларын  жетілдіру,  оларды  тереңірек  дамытып,  анағұрлым 
жоғары  сапалық  деңгейге  көтеру  және  іске  асыру  жөнінде  шешім  қабылдау  мақсатында 
кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді.
Коучинг үдерісі
Коучинг әдетте коуч пен үйренушінің коучинг сабақ түріндегі тұрақты кездесулері арқылы 
жүзеге  асырылады,  дегенмен,  кейде  тәлім  алушының  тәжірибесімен  тікелей  сабақтастықта 
жүргізілуі  мүмкін:  белгілі  бір  мәселелерге  қатысты  кеңесу,  маңызды  шешімдерді  дайындау 
және қабылдау барысында ақыл-кеңес беру, көмекшімен жұмыс жүргізу және т.б. (Вильямс, 
2007).
Кәсіби немесе жеке проблемаларға қатысты тұрақты кездесулер барысында бірлескен не-
месе жеке кеңес берудің жоғары деңгейде құрылымдалған тәсілі болып табылатын коучинг ба-
рысында адамның тұлғалық әлеуеті жан-жақты ашылып, тиімділігі барынша артады. Коучинг 
тікелей үйретуге емес, адамның өз бетінше үйренуіне көмектесуге бағдарлануы тиіс.
Мектептегі  коучинг  мәдениеті  мектептегі  педагогикалық  ұжым  мүшелерінің  кәсіби 
дағдыларын,  жеке  қабілеттері  мен  талантын  дамытуға  және  мектептегі  білім  беру  сапасын 
арттыруға ықпал ететін маңызды әдіс ретінде қарастырылады. 
Тренерлер тәжірибелі мұғалімдерге басқа мұғалімнің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған 
идеялар  мен  тәсілдерді  ұсыну  мақсатында  оларды  ойлануға  жетелеп,  шығармашылықпен 
еңбек ету арқылы мектепте үздік тәлімгер болуға көмектесуде өздері коуч рөлін атқарады. Коуч 
ретінде әрекет ететін тренерлер мұғалімдердің оқыту тәжірибесін жетілдіруіне көмектесетін 
болады.
Коуч өз мектебіндегі әріптестеріне қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын 
дамытуға көмектесу үшін оларды бағыттап және белсенді ынталандырып отыруға мүмкіндік 
алу  мақсатында  мұғалімге  көмек  көрсетеді.  Бұл  үдерісте  мұғалімдердің  мақсат  етілген 
нәтижеге  қол  жеткізу  үшін  тәжірибесі  аздау  әріптестерімен  жүргізілетін  жұмысты  жоспар-
лау мен жүзеге асыруда жұмысқа арқау болатын тақырыпты алдын ала дұрыс белгілей алу 
қабілетін дамытуына көмектесуге басты назар аударылуы тиіс (23-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет