Байланысты: Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы
104 Тәлімгерлік дағдыларына үйрету Тәлімгерлік жүйесін құру 23-сурет. Тәлімгерлік жүйесі Тарихи шолу «Тәлімгер» (ментор) ұғымы грек мифологиясынан алынған: аңызда өзі саяхатқа аттанар
алдында Одиссей кішкентай ұлы Телемахты ең жақын досы – Ментордың бауырына салып,
асырауға қалдырады. Содан бері Ментор атауы маңызын жоғалтпай, ең сенімді адам ретінде
қабылданады, ол өзара сенімділік жағдайында неғұрлым тәжірибелі адам ретінде өзінің
білімімен бөлісуге дайын болады.
Тәлімгерлік, әсіресе дәстүрлі ұғымда, тәлім алушының өзінің алдындағы тәжірибелі және
білікті аға буынның салған жолымен жүруіне мүмкіндік береді, ал тәжірибелі әріптестер
өздерінің білімі мен тәжірибесін үйретіп, жоғары жетістіктерге жету жолдарын үйрете алады.
Коучинг өткізуде тренердің мол мұғалімдік тәжірибесінің болуы аса міндетті емес, со-
нымен қатар, оқыту мен оқудың белгілі бір саласы бойынша нақты тәжірибелік дағдыларды
үйретуге бағытталады.